«9-сынып бойынша «Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.» тақырыбына арналған сабақ жоспары

Cабақтың тақырыбы: Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.

Мақсаты:

Энергия туралы түсініктерін тереңдету.

-«Күй» ұғымын қалыптастыру.

-Күй параметрлерімен таныстыру.

-Механикалық энергия және оның түрлерімен таныстыру, анықтама беру.

-Энергияны сипаттайтын өрнектер мен олардың шамаларын анықтау.

.Білімдік  мақсаты: Оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материялын  өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрету.

Дамыту мақсаты: Есте қалдыру, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Ғылыми дүниетанымын арттыру, алған білімді өмірде пайдалана білу, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, дербес компьютер, оқулық,

Сабақтың әдісі: Венн диаграммасы, «ыстық орындық» стратегиясы, «автобус аялдамасы», «Зигзаг» стратегиясы,

 Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуы, даярлығы, топты құрастыру, топтың модераторын сайлау

Үй тапсырмасын «Ыстық орындық» стратегиясын қолданып,  сұрау.

 1.Зымыран қалай қозғалады?

2.Реактивті қозғалыс дегеніміз не?

3.Реактивті қозғалысқа мысалдар келтір?

4.Реактивті қозғалыс жылдамдығы қандай шамаларға байланысты?

5.Ғарышты зерттеудегі қандай шамаларға байланысты?

  • Қызығушылықты ояту
  •  металл шардың жоғарыдан төмен түсіп келе жатқан суреті көрсетіледі.

Тапсырма: Дененің күйі, жағдайы қалай өзгереді?

Серіппеге ілінген жүктің қозғалысы.

2. «Автобус аялдамасы» стратегиясы

.

 

 

 

 

 

 

 

І топ тапсырмасы. Төменде берілген сұрақтарды биологиялық тұрғыдан қарастыру

Сіз, күйлі - қуаттысыз ба?

Энергия – қандай ұғым?

ІІ топ тапсырмасы Төменде берілген сұрақтарды географиялық тұрғыдан қарастыру

 

*      Жер бетінде қандай энергия көзін білесіздер?

 

ІІІ топ тапсырмасы Төменде берілген сұрақтарды техникалық тұрғыдан қарастыру

 

*      Аталған жағдайдың қайсысында потенциялық, қайсысында кинетикалық энергия туралы сөз болады: иілген серіппеде; соққан желде; сарқырамадан құлап аққан суда; сығылған ауада; үй шатырының шетінде жатқан таста?

 

 

 

«Зигзаг» стратегиясын қолданып, жалпы тақырыпты оқушылар өздері талдау , яғни үлкен мәтінді 3-ке бөліп, топ мүшелер саны да 3 ке тең болуы қажет.

1. Энергия.

2. Энергияның түрлері

3. Энергияның сақталу және айналу заңы

 

Энергия – дененің күйін сипаттайтын физикалық, скалярлық шама. Адамның күйі туралы айтқанда, оның қан қысымы, температурасы, сияқты, т.б. белгілі бір уақыт мезетіндегі жалпы жағдайын сипаттайтын мәліметтер туралы сөз етеміз.

Күй-дененің берілген уақыт мезетіндегі жағдайы.

Механикада дененің  механикалық күйі сөз болады. Оны көрсету үшін 2 мәселеге тоқталуымыз керек:

1. дененің берілген уақыт мезетіндегі орны

2. дененің  қалай қозғалатынын сипаттай алуымыз керек.

Олай болса, бұл - нүктенің қайыбір уақыт мезетіндегі координаталары мен жылдамдығын көрсету деген сөз. Бұлар күй параметрлеріне жатады.

Дененің немесе нүктенің механикалық күйін сипаттайтын шама - механикалық энергия деп аталады.

Механикалық  энергия деп дененің механикалық жұмыс істей алу қабілетін айтады.

Энергияның өлшем бірлігі –  (Е) Джоуль(Дж)

 

 

 
 

 

Дененің күйі

-

энергия

Потенциялық энергия

Ep=k*x2/2;

 

 

Потенциялық энергия

Ep=m*g*h;

 

 

 

кинетикалық энергия

Еk=m*v2/2;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


< >Қозғалыстағы дененің энергиясы-кинетикалық энергия деп аталады.Денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшктерінің өз ара орналасуына байланысты энергия-потенциялық энергия деп аталады.Етолық= Еk+ Ep=const

 

 

 

Энергияның сақталу заңы былай тұжырымдалады: табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді, жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге ауысады.

Қорыта айтқанда, механикалық жұмыс- ол энергия өзгерісі, ал кез келген энергиясы бар дене жұмыс істей алмайды. Ол жұмыс істеу үшін, энергия өзгеруі қажет.

 

3.Ой толғаныс. а) Венн диаграммасын толтыру

 

                   Еn                                   ортақ қасиет                                             Еk                                                 

 

 

1. Әртүрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергия.

2.  Е = mqh

3. Масса мен көтерілу биіктігіне тәуелді

1. Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия

2.      Е= mv2  ,

               2                                                                                                                                                                                           

3. Дене массасы мен жылдамдыққа тәуелді

1.Өлшем бірлігі

2. Жер бетіндегі тіршілік көзі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

Деңгейлік есептер.

1. Садақтан вертикаль жоғары тартылған жебенің ең үлкен көтерілу биіктігін есепте. Жебенің бастапқы жылдамдығы 40 м/с

2. Массасы 2 кг дене жер бетінен 30 м биіктіктен түседі. Дененің 15м және жерге келіп түскендегі кинетикалық энергиясын есепте

I-деңгей

1. Жер  бетінен  3,5 м  биіктікке  көтерілген  массасы  6 кг  дененің  потенциалдық  энергиясын  анықтаңыз.

2. 9 м/с  жылдамдықпен  қозғалатын  6 кг  дененің  кинетикалық  энергиясы неге  тең ?

II-деңгей

1. Қатаңдығы  10 4 Н/м  серіппе  3 см-ге  сығылғанда  оның  потенциалдық  энергиясы  қалай  өзгереді ?

2. “Союз” сериялы ғарышкеменің массасы 6,6т болса, оның орбита бойымен  7,8 км/с жылдамдықпен қозғалғандағы кинетикалық энергиясы қандай?

 

III-деңгей

1.

 

 

 

 

Қорытындылау.

      БҮҮ  кестесін  толтыру.

 

білетінім

үйренгенім

үйренгім  келетіні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы:§22,23   19, 20 жаттығу

 

 

Қосымша 1 Бағалау парағы

 

р\с

Топ мүшелері

Үй жұмысы

Сабаққа қатысу

Қортынды баға

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

3

 

 

 

 

4

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет

Жарнама