Великая Копаня — егіздер астанасы

Бір қарағанда Закарпатьедегі (Украина) Великая Копаня ауылының басқа да жүздеген ауылдан еш айырмашылығы жоқ сияқты. Алайда ол туралы жергілікті және әлемдік басылымдар жиі жазады. Себебі бұл ауылда 61 егіз жұп тұрады. Әр бесінші жанұядан егіздерді табуға болады.

Великая Копаня ауылын «егіздер астанасы» деп атайды, өйткені онда 4000 тұрғынға 122 егіз келеді. Бұл мекенде егіздер 1940 жылдан бастап жаппай туыла бастаған. Сондықтан, ауылда жүргенде қарттар арасынан да, бесіктегі сәбилер арасынан да бірдей адамдарды көруге болады.

Тұрғындар егіздердің көп болуы генетикалық ерекшелікке емес, бұлақ суына байланысты деп есептейді. Жергілікті бұлақ көзі туу көрсеткішін арттыруға көмектесетін ерекше қасиетке ие дейді олар. Және бұл көрсеткіш тек осы ауылға ғана тән емес. Бірде судың «ғажайып қасиеті» жайлы естіген бедеу әйел Великая Копаняға келеді. Жергілікті суды ішіп, біраз уақыттан кейін... әрине, егіз босанады. Қазірде ауылда, бұлақтың айналасында әр жерден келген адам өте көп.

Ғалымдар бұлақтың суын тәжірибеден өткізіп көрген екен, сонда оның құрамында селен көп екені анықталған. Селен әйелдер мен ерлердің жыныс жүйесіне жақсы әсер етеді.

Бір қызығы, Великая Копаняда егіздер адамдар арасында ғана көп емес. Бұл аймақта егіз сиырлар да өте көп. Великая Копаня ауылы Украина Рекордтар кітабына енген. Ендігі кезек Гиннес Рекордтар кітабына ену.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (1)

Марат

Қызық екен

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
Сайтты қолдану жөнінде нұсқаулық
ҰБТ(онлайн тест)