Өлең, жыр, ақындар

2016 жылдың қыркүйегінен бастап еліміздің барлық мектептері білім берудің жаңа мазмұнына көше бастайды - БҒМ

2016 жылдың қыркүйегінен бастап еліміздің барлық мектептері білім берудің жаңа мазмұнына көше бастайды.

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осылай мәлім  етті.

«2016 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанның барлық мектептері функционалдық сауаттылыққа негізделген білім берудің жаңа тәсіліне көше бастайды. Осылайша білім беру саласында жаңа мазмұнға көшуге төрт жыл кететін болады.  Мәселен, келесі жылы  2, 5, 7 сыныптар, содан кейінгі жылы басқа сыныптар біртіндеп көшеді. Осылайша, 4 жыл ішінде біз еліміздің мектептеріндегі білім берудің  мазмұнын толық жаңартатын боламыз», - деді Е. Сағадиев.

Министрдің айтуынша, барлық деңгейде бірыңғай базалық оқулық қамтамасыз етіледі. Осының арқасында әр өңірде әртүрлі оқулықпен оқыту мүлдем жойылады. «Бірінші сыныпта бір оқулықпен оқытылып, оның інісі келесі жылы сыныпқа келгенде басқа оқулықпен оқытылатын жағдай болмайды. Республикамызда бірыңғай базалық оқулық қалыптасады», - деді министр Е. Сағадиев.

Автор: Қанат Мәметқазыұлы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар