Өлең-жыр байқауы

ЖОО-лардың бірінші курсы мектептің 12-сыныбына айналып кетті - Е. Сағадиев

Қазақстандағы жоғару оқу орындарының бірінші курсы белгілі бір деңгейде мектептің 12-сыныбына айналып кетті. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осылай мәлім  етті.

«Еліміздің жетекші жоғару оқу орындарының басшыларымен тілдессеңіздер, олардың бәрі «бірінші курс мектептегі бағдарламаны қайталау» деп бәрі айтады. Яғни, мектептен келген бала бір жылын текке, босқа өткізеді. Екі университеттің бұрынғы президенті ретінде мен бұл мәселені жақсы білемін: біз ЖОО-лардың бірінші курсын белгілі бір деңгейде мектептің 12-сыныбына айналдырып жібердік», -деді Е. Сағадиев.

Осыған байланысты министр жалпы білім беретін мектептерде бұл мәселе ретке келтірілетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, ЖОО-ларда халықарлық деңгейде өзінің жеке бағдарламаларын дайындау үшін академиялық еркіндік беріледі.

«Түйіндей айтқанда, баланы алты жастан беру, ЖОО бағдарламаларын ретке келтіру мақсатында 12 жылдық білім беру енгізіледі. Яғни, бала мектепке ерте барады, оның ЖОО-дағы жалпы білім бағдарламасы қысқартылады. Соған сәйкес, ЖОО бағдарламасы да өзгерістерге ұшырайды, олар халықаралық деңгейге сәйкестендіріледі», - деді Е. Сағадиев.

Автор: Қанат Мәметқазыұлы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз