Өлең, жыр, ақындар

Біз 5-7 жылдан кейін электромобильдермен жүретін боламыз - Н.Назарбаев

Біз 5-7 жылдан кейін электромобильдермен жүретін боламыз. Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» күн тәртібімен өткен XXIV сессиясында  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«Жаңа энергия» тақырыбымен өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі ашылар қарсаңда мен барлық ғалымдардың назарын мына жайтқа аударғым келеді. Қазіргі уақытта әлемде бұл бағытта жинақталған тәжірибе өте мол. Мәселен, Тайвань мен Оңтүстік Корея  жел мен күннің қуаты есебінен электр энергиясын өндіру ісінде біршама алға ілгерілеген. Кеше, тек күн батарейкасының арқасында Атлантиканы кесіп өткен алғашқы ұшақты көрсетті. Электромобиль де қалыпты құбылысқа айналып келеді. Біз 5,7 жылдан кейін электромобильмен жүретін боламыз», - деді Елбасы.

ҚР Президенті осыған орай мұнай тұтыну көлемі төмендейтіндігін, өйткені, автомобильдер әлемде өндірілетін мұнайдың 33 пайызын пайдаланып отырғандығын баса айтты.

«Мұндай тәжірибелеріңіз болса енгізейік, бүкіл әлемге Қазақстанда «жасыл» энергетика бойынша жасалған дүниелерді көрсетейік», - деді Мемлекет басшысы.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар