Халық ішінде «Балалығың ұстаса – нағашыңа бар, жігіттігің ұстаса – қайныңа бар» деген қағида бар. Әдеттегідей барыс-келіс емес, ата жолында мұның өз жөн-жосығы бар. «Жігіттің жақсы болмағы – нағашыдан» дегендей, бұл жолы ерекше салтанатпен жиен жора-жолдастарын ертіп барады. Нағашылары оған құрмет көрсетеді. Мал сойып, төрге шығарып, сауық құрады. Жиен барынша еркелеп, еркін сөйлеп, арасында нағашыларының кемшіліктері болса, сынай отырып әзілдеседі. Нағашылары жиендеріне жиенқұрығын («қырық серкеш») беріп, барынша риза етіп аттандырады. Нағашы елінде 4-5 күн қыдырып, аунап-қунаған жиен кетер алдында ризашылығын білдіріп аттанады. Бір ескеріп кететін жай: нағашы-жиен арасында бәсеке, көре алмаушылық, күндеу сияқты жат әдеттер болмайды. Олар қатты әзілдескенімен, бірін-бірі көтеріп, сырттай мақтап, әрі олардың атымен мақтанып жүреді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
20.03.2024 14:17
13.03.2024 22:14
29.02.2024 16:27
27.02.2024 17:21
09.02.2024 12:34
18.03.2024
18.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
04.03.2024
27.02.2024
25.02.2024
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі