Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Биыл Астанада 4 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады

Биыл Астанада 4 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады. бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дейін аз уақыт қалды. Өтінімдерді қабылдау нәтижесі бойынша елордада 4106 оқушы жылдың басты емтиханын тапсырады. Қазіргі кезде оқушылар арасында сынақ тестілеу ұйымдастырылып жатыр. Сонымен қатар, мектептерде мұғалімдер қосымша сабақтар өткізіп, әрбір түлектің жеке психологиялық дайындығына баса назар аударуда.

ҰБТ қарсаңында мұғалімдермен, ата-аналармен және мектеп түлектерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұдан басқа, Sar Edtech нәтижелерді талдау электронды жүйесін пайдалана отырып, онлайн тестілеу жүргізілуде, бұл әрбір оқушының нәтижелерін талдап, жеке картасын әзірлеуге, оның қателіктері мен кемшліктерін көрсетіп, жеке-жеке жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Әдеттегідей, түлектер бірыңғай емтиханды Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің, Қазақ гуманитарлық заң университетінің базасында тапсырады. Тестілеу 1-7 маусымда өтеді. Тестілеуге үш жарым астрономиялық сағат (210 минут) уақыт бөлінеді.

ҰБТ тапсыратын оқушылардың ішінде, 196-сы «Алтын белгі» медалін және 89-ы ерекше үлгідегі аттестат алуға үміткер.

Еске салайық, шекті деңгейге (50 балл) қол жеткізе алмаған оқушылар басты ұлттық емтиханды тамыз айында ақылы негізде қайта тапсыра алады. Тестілеуді қайта тапсыру құны - 2242 теңге. Тестілеуге қатысу үшін ЖОО-ға өтініш, төрт 3х4 фотосуретін, жеке куәлік пен мектепті бітіргені туралы аттестатты ұсыну қажет.

Тестілеу қорытындысы бойынша университетке түсу үшін шекті балл жинаған, бірақ оны  жақсартқысы келетіндер ҰБТ қайта тапсыруға жіберілмейді. Мысалы, қандай да бір пән бойынша түлек «2» бағасын алса, бірақ шекті балл жинаса, ол ҰБТ қайта тапсыра алмайды. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...