Құрма және оның пайдасы

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қаракөл елдімекені

Қаракөл бастауыш жалпы білім беретін мектебі

 

 

 

 

Бағыты: Таза табиғи орта - Қазақстан - 2030 стратегиясын іске асырудың негізі
Секция: Қоршаған орта және адам денсаулығын сақтау

 

 

 

Құрма

және оның

пайдасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: 3 сынып оқушысы Тілепбергенова Айкөркем Мейірбекқызы

Жетекшісі : Кушкинбаева Балжан Сейфуллиевна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 жыл

 

 

Түйіндеме

 

         «Құрма және оның пайдасы» тақырыбындағы зерттеу жұмысы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға, тәжірибелік және оқу-зерттеу әрекеттерін дамытуда өзіндік орны бар. Зерттеу барысында құрма алғаш қай кезде пайда болғаны,  бұл түрін алғаш өсірген қай халық екендігі, құрманың түрлері, оның адам ағзасына пайдасы, дәрілік қасиеті  оқу-зерттеу жұмысы жүргізілді.

         Шығармашылық-іздендіру, танымдық, еңбектену арқылы оқушылардың көкөніске деген қызығушылығы танылып, олардың аңғарымпаздық, еңбексүйгіштік қасиеттері айқындалады.

         Қазіргі ғаламдану заманда кіші мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық зерттеу жұмыстарына қызықтыру мектеп мұғалімдерінің еншісінде.

 

Шығармашылықтың мақсаты:  Мектеп оқушыларының денінің сау және үйлесімді түрде дамуы үшін оларға салауатты өмір сүруге, алу үшін, дәрілік өсімдіктерді пайдаланып,оның құрамындағы биологиялық әсерлі заттардың ағзаға әсері бар екендігін қалыптастыру.

 

Шығармашылық міндеттері:

Салауатты өмір салтын сақтауға баулу, сауығудың практикалық әдіс-тәсілдерін қолдану.

Ғылымның соңғы жетістіктері негізінде денсаулық нығайту мен салауатты өмір салтын сақтау тәсілдерін оқып үйрену.

Болжам:

Егер оқушының салауатты өмір сүру салтын арттырса, оқушының өмірге деген көзқарасы қалыптасады.

Денсаулық нығайту мақсатында дәрілік өсімдіктердің бірі құрманы пайдалану жолдарын жүзеге асырады.

 

Күтілетін нәтиже:

Емдік қасиетіне байланысты «құрма – құнардың қайнар көзі» туралы білуі.

Құрманы әр түрлі ауруларға қолдана білуге қол жеткізу.

 

Зерттеудің әдіс-тәсілдері:

  •  
  •  
  •  
  • ақпарат жинау
  • мәселені шешу

 

Жоспары:

 

І бөлім: Кіріспе

 

ІІ бөлім; Зерттеу бөлімі.

 

  1. Құрма туралы не білеміз?
  2. Құран және құрма
  3. Аманат құрма хикаясы
  4. Құрманың емдік қасиеттері жайында түсінік беру.
  5. Құрманы қандай ауруларға ем екендігін анықтау.

 

ІІІ бөлімі; Қорытынды.

 

ІҮ бөлімі: Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады»

(халық даналығы).

 

І. Кіріспе.

 

Өсімдік - өмір нәрі, өмір сәні.

Өсімдіктер әлемі – тірі табиғаттың бір бөлігі. Өсімдіктер адам өмірімен және жануарлар әлемімен де тығыз байланысты. Табиғатта өсетін өсімдіктердің адамзатқа тигізетін пайдасы зор. Олардың кейбіреуін тамаққа пайдаланса, енді бір тобын әртүрлі шаруашылықта пайдаланады. Өсімдіктер адам өміріне қажетті ауаны оттегімен байытады. Өсімдіктер қалалар мен ауылдарды шаң - тозаңнан қорғайды. Яғни, өсімдіктер адам көңіл - күйіне ерекше әсер етеді. Бөлмеге жасыл өсімдік өсірсеңіз, өзіңізді бөлмеде емес, ерекше бір орында отырған сияқты сезінесіз. Өсімдік адамның денсаулығын нығайтып, бойына күш береді. Қоғамдық орындарда, бөлмелерде өсімдік өсірілсе, олардың хош иісі мен сәнді реңі адамның жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып, көңіл - күйін шаттандырады. Адам өсімдіктерді сәндік үшінде өсіріп эстетикалық ләззат алады. Өсімдіктер айналадағы шуды да бәсеңдетеді. Ал шудың адамның жүйке жүйесіне жағымсыз әсер етіп, қан қысымын көтеретіні белгілі. Ағаштар жол жиегіне неғұрлым жиірек орналасса, соғұрлым дыбысты жақсы басады.

 

Халқымыз өсімдіктердің пайдасын, қадір - қасиетін жоғары бағалаған, мысалы «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Ер - елдің көркі, орман - тоғай жердің көркі», «Дәрі - шөптен шығады, дана - көптен шығады», « Қораңда малың болсын, көшеңде талың болсын», деген мақалдар өсімдік атаулының ерекше қасиетті екенін дәлелдейді. Осындай даналық сөздерден табиғаттың көркі, сымбаты мен сұлулығы - өсімдіктер

әлемін қорғау керек екенін ұғуға болады. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес. Сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің пайдасы зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ бөлім; Зерттеу бөлімі.

 

Құрма туралы не білеміз?

 

Құрма латын тілінде Phoenix dactylifera деп аталады. Тік шаншылып, 24 метр биіктікке дейін өсетін құрма пальмасы көбіне ыстық климатты аймақтарға тән. Құрма өсіру шаруашылығымен айналысатын араб елдеріне негізінен: Сауд Арабстан, Ирак, Алжир, Мысыр, Судан мемлекеттері жатады. Аталық және аналық болып бөлінетін құрма ағашы ескі жапырақтарының түбімен бүртіктеліп, өріліп өседі. Ерекше көрік беріп тұрған төбе жағындағы әдемі шашақты жапырақтарының ұзындығы 5 метрге дейін жетеді. Отырғызғаннан 4-5 жылдан кейін барып жеміс бере бастайды. Салмағы 8 кг-ға дейін жететін бір шоғырына мыңнан аса жеміс бітеді. Әр ағашынан 40-80 кг жеміс алуға болады. Шамамен 150 жылға дейін өмір сүреді.

Құрма пальмасы – жер бетіндегі ең қасиетті, игілігі мол, пайдасы орасан зор ағаштардың бірегейі. Құрманы Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылманға ұқсатқан. Себебі, шын мұсылман қарапайым болғанымен айналасына пайдалы келеді емес пе? Құрма да сол секілді: жапырағы түспейді, жеміс беруін үзбейді. Иә, құрма – Алла мейірімінің ғажап бір көрінісі, адамзатқа сый етілген мәртебелі жеміс. Құрма – жеміс атаулының мырзасы: әрі тағам, әрі дәрі, әрі шырын, әрі қуат көзі...

Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Құрманың жартысымен болса да садақа беріп, тозақтан сақтаныңдар» (Бұхари, Муслим) деген хадисін естігенімізде, аз мөлшерде болса да садақа берудің қаншалықты маңызды екенін ұғынамыз. Ал, жарты құрманың өзінде адам ағзасына қажетті қандай пайдалар бар? Бұған мән беріп көрдіңіз бе? Ендеше, бұл мақаламызда құрма туралы құнды мәліметтерді игілігіңізге ұсынамыз.

 

Құрманың түрлері

Әжуа құрмасы. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) былай дейді: «Әжуа  жәннат жемісі. Ол улануға қарсы». Бұны бүгін  күніміздегі медицина ғылымы да дәлелдеп отыр. Тағы бір хадис шәрифте:  «Кімде- кім аш қарынға  күніге жеті әжуа құрмасын жесе, сол күні кешке дейін сиқыр мен уланудан құтылады, ал егер кешқұрым  жеті  әжуа құрмасын жесе таң атқанға дейін сиқыр мен уланудан құтылады», –  деген (Муслим). Бірде саңлақ сахабалардың бірі Саъд бин Әбууаққас (р.а) Меккеде  қатты науқастанып қалады. Пайғамбарымыз  (с.а.у) хал-жағдайын сұрай барып: «Сен жүрек ауруына шалдығыпсың»,– деп, Харис есімді дәрігерді шақыруды бұйырып, оған әжуа құрмасының жетеуін сүйегімен бірге сүт немесе майға араластырып қою күйінде жегізуін әмір еткен (Әбу Дәуід). Осыдан кейін Саъд бин Әбууаққас (р.а)  жазылған екен. Бұдан байқағанымыздай  әжуа құрмасының жүрекке де ем екенін көруге болады.

Бәрани құрмасы. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) өзін зиярат етіп келген Абдулқайс тайпасының адамдарына сол аймақтағы құрмалардың түрлерін әңгімелеп, «Сіздерде өсетін құрмалардың ең жақсысы әрі ең пайдалысы аш адамды тойдырып, күш-қайратты арттырады, ауруды емдеп еш ауру туғызбайтын – бәрани деген құрма» деген. Абдулқайс адамдары елдеріне қайтқаннан кейін, бәрани деген құрманың түрін өсіруге арнайы көңіл бөліп, біршама уақыттан кейін біржолата құрманың осы бәрани түрін өсіруге ғана көшкен (Ахмад ибн Ханбәл).  

 

 

  •  

 

Құрма – қасиетті Құранда аталған жемістердің бірі. Хазірет Мәриям Исаға (а.с.) толғатып қатты қиналғанда, Аллаһ тағала мейірім білдіріп, оған құрма жеуді әмір еткен. Бұл жайлы «Мәриям» сүресінде:

«Сөйтіп тұрғанда толғақ қысып, құрма ағашына барып сүйенуге итермеледі. «Қап, бұрын өліп, ұмытылып кеткенімде болар еді» деді күйзеліп. Сол сәт (періште) төменнен былай деп дауыстады: «Жабырқама, Раббың асты жағыңнан бір арық жасады. Құрма бұтағын өзіңе қарай сілкіле, үстіңе жас құрмалар түссін. Содан іш, же. Көз айым бол!»» делінген (23-26 аяттар).

Құрма ағашы құрылысы

Тағы бір аятта құрманың өсуінде құдіреттің белгілерін көруге болатындығы баяндалған:

«Көктен су түсірген де – Аллаһ. Кейіннен сол арқылы әр түрлі өсімдіктер шығардық. Ол өсімдіктен бір жас бұтақ, одан өсіп, бір-бірінің үстіне мінгескен дәндер, масақтар өндіреміз. Құрма ағашынан жеміс толы салбырап тұрған бұтақтар, бұған қоса жүзім, зәйтін, анар бақшаларын өсіреміз. Бұлардың кейбіреуі бір-біріне ұқсайды, кейбірі ұқсамайды. Алғаш жеміс салғанда және толық піскен кезінде әрқайсысының жемісіне қараңдар. Күмәнсіз, сенетін көпшілік үшін мұнда көптеген дәрістер бар» (Әнғам сүресі, 99).

 

 

 

Аманат құрма хикаясы

 

    Бірде Мұхамбет пайғамбар серіктерімен келе жатқанда, жолда азықтары таусылып, қарындары ашады. Жебірейіл періште оларға пейіштен інжу, меруерт, дүрлермен өрнектелген алтын табаққа салынған құрма жемісін әкеледі. Пайғамбар «Бісcіміллә» деп, табаққа қол салып, құрмадан дәм татты. Серіктері де жапырлай қозғалып, құрма жеуге кірісті. Табақтағы құрма азайғанда, ортадағы бір құрма ерекше көрінеді. Бір кереметі, ол құрма қолға түспей дөңгелей береді. Сахабалар бұған таң қалады. Бұл құрманы ешқайсысы жей алмады. Сол кезде  пайғамбарымыз құрманы  қолына алып қарайды да, «Бұл не ғажап?», «Бұл не деген керемет?» деп ойланып қалады. Сол кезде Жебірейіл періште де жетті.

– Уа, Алланың елшісі! Бұл құрмада үлкен бір құпия бар. Ол сізге де, серіктеріңізге де бұйырмайды. Сізге Тәңірім сәлем жолдады. Төрт жүз жыл заман өткен соң сіздің бір үмбетіңіз дүниеге келеді. Оның есімі Ахмет болады. Ол үмбетіңіз сіздің рухани жолыңызды жалғастырады. Бұл құрма сол баланың несібесі, – дейді. Серіктері мына әңгімені естігенде, таң қалады. Сол кезде Мұхамбет пайғамбар:

– Иә, Жебірейіл, ол заманға дейін бұл құрма қалай жетеді? – деп сұрады. Жебірейіл періште:

– Бұл құрманы Ахмет атты балаға жеткіз деп бір серігіңізге тапсырыңыз, – деді. Сонда Пайғамбар:

– Уа, бауырлар! Мына аманат құрманы менің 400 жылдан кейін дүниеге келетін  ардақты үмбетіме кім табыстайды? Кім тәуекелге бел байлайды? – деді.

Ешкім үндемеді.

– Бұл құрманы жеткізген адам екі дүниеде бақытты болады. Ол бақыт кімге бұйырғалы тұр екен? – деп сұрады.

Серіктері «төрт жүз жылға дейін өміріміз жетпей қалады-ау» деп күмәнданып тұрғанда, пайғамбар сөзін қайта жалғады:

– Егер кімде кім бұл аманатты менің үмбетіме жеткізер болса ол адам пейіште Алла жамалын көреді, – деді. Сол кезде ортаға Арыстан бап шықты да пайғамбарға қарап:

– Иә, Алланың елшісі. Аманат-құрманы жеткізуді маған тапсырыңыз. Құдай қолдаса, аманатыңызды жеткізермін, – деді.

– Бәрекелді!

– Бәрекелді!

– Жарайсың Арыстан сахаба!

– Дегеніңе жет!

– Алла жар болсын!

– Алла жар болсын! – деп шуласты. Барлық сахаба қуанысып қалды. Мұхамбет пайғамбар:

– Уа, менің құрметті серігім. Тәуекелге бел байлағаныңа ризамын. Алла жолыңды оңғарсын, мақсатыңа жет! – деп батасын берді. Арыстан бап:

– Уа, Алланың елшісі, менің сізге айтар датым бар! – деді.

– Датың болса айт!

– Бұл құрманы жеткізу үшін маған ұзақ ғұмыр керек. Тәңірден менің өмір жасымды ұзартуын сұрап, дұға қылсаңыз, – дейді. Пайғамбар:

– Иә, Алла, Арыстан сахабаның ғұмыр-жасын ұзақ қыл! Оны рақымың мен игілігіңе бөлей көр! – деп дұға жасады. Сол кезде Жебірейіл періште:

– Уа, Алланың елшісі! Сүйінші! Сүйінші! Алла сенің бұл тілегіңді қабыл етті. Арыстан баптың өмірін ұзартты, – дейді.

Мұхамбет пайғамбар мұны естіп, қуанып қалды. Ол құрманы беріп тұрып:

– Аузыңды аш, Арыстан бап! Мына құрманы тіліңнің астында сақтағайсың. Таңсәріден тұрып, менің Ахмет атты үмбетімді іздеп сапар шегесің. Арып-ашып, жердің жүзін шарлайсың. Бармаған жерің, баспаған тауың қалмайды. Ақыры бір мекенге келіп жетерсің. Түркілер мекендеген Сайрам шаһарына кез боларсың. Осы шаһарда үлкен бір медресе бар. Аманаттың иесі – осы медресенің шәкірті. Оның медресеге кірген ізі болса да, шыққан ізі болмайды. Аманатты өзі келіп, сенен сұрап алады. Оған Құдай сондай артықша қасиет берген, – деді. Арыстан бап:

– Иә, Расул! Бұл аманатты аман-есен барып тапсырып, міндетіңізден құтылармын – дейді.

Арыстан бап ұзақ жыл сапар шегіп, Сайрам шаһарына ақыры жетіп жығылады. Ұзақ жолдан қажыған ол дем алмақ болып, ілім ордасының маңында ағып жатқан Сайрам суының жағасында сәл аялдады. Сол кезде медреседен жас бала шығып, бұған қарай аяңдады. Әлгі бала Арыстан бапқа жете бере сәлемдеседі.

– Ассалаумағалейкум, Арыстан бап! Жоғың болса, кешікпей тап! – деді. Арыстан бап та іздеген адамының осы екенін білу үшін:

– Балам, есімің кім? – деп сұрады.

– Атымды қайтесіз, аманатымды беріңіз, ата?

– Балам, атың Ахмет екен. Ішің тола хикмет екен. Аманатыңды ал, аузыңды аш! – дегенде, төрт жүз жыл бойы сақтаған құрма ұшып барып, шәкірттің аузына кірді. Бала Ахмет құрманы жұтып жіберді. Сонда Арыстан бап:

– Аманатыңды осынша жыл сақтағанда, еңбегімді елемегенің қалай? Маған сүйегі ғана қалыпты, – дейді.

– Ата, онда жұрт, алдымен сізге түнесін, бізден тілесін, – деді.

Құл Қожа Ахмет Ясауиге «аманат құрманы» жеткізген Арыстан бап халық аузында оның ұстазы ретінде айтылады. Ел арасында «Арыстан бапқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген сөз тараған.

Арада бірнеше ғасыр өткен соң, Әмір Темір Қожа Ахмет Ясауидің басына күмбезді кесене салмақ болады. Түркістанға келгеннен кейін бұл істі қолға алады. Бірақ кешке дейін қалаған дуал таңертең барса, бұзылып жатады. Оны құлатқан кім екенін білу үшін Әмір Темірдің өзі түнде келіп қарауыл болады. Түннің бір ортасында үлкен өгіз келіп, дуалды сүзіп қиратады. Әмір Темір ойланып қалады. Оған түсінде Қожа Ахмет бабамыз аян беріп, былай дейді:

– Ол көк өгіз Арыстан баптың аруағы. Сен, алдымен, соның басына кесене тұрғыз, – деді.

– Мен оны қалай табамын? – дегенде,

– Мен өзім жол көрсетемін, – деп жауап береді. Сонымен ол ерте тұрып, Отырарға бет алады. Арыстан бап жатқан жерді тауып, зәулім кесене салады. Осы кезден бері қалыптасқан зиярат тәртібі бойынша адамдар, алдымен, Арыстан бап кесенесінде түнейтін болған. Ертесіне Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, Құдайдан тілектерін тілейді екен.

 

 

Құрманың емдік қасиеттері жайында түсінік беру.

 

    Құрма – арабтардың күнкөрісінде  маңызды орын алатын  иісі мүлдем білінбейтін бірақ  дәмі тіл үйіретін  тәтті жеміс. Бұл жеміс тарихшылардың айтуы бойынша, адамзат тарихының  3500-4000 мың жыл бұрын пайда болған деседі. Құрманың 500-ге тарта  түрі субтропиктік және тропиктік аймақтарда таралған.

Құран Кәрімде  де құрма жайлы бірнеше жерде баяндалған: «Көктен су түсірген де – Алла.  Кейіннен сол арқылы әр түрлі өсімдіктер шығардық. Ол өсімдіктен бір жас бұтақ өсіп, бір-бірінің үстіне мінгескен дәндер, масақтар өндіреміз. Құрма ағашынан жеміс толы салбырап тұрған бұтақтар, бұған қоса жүзім, зәйтүн, анар бақшаларын өсіреміз. Бұлардың кейбіреуі бір-біріне ұқсайды, кейбірі ұқсамайды. Алғаш жеміс салғанда және толық піскен кезінде әрқайсысының жемісіне қараңдар. Күмәнсіз, сенетін көпшілік үшін мұнда көптеген ғибраттар бар» (Әнғам сүресі, 99).

 Адамзаттың ардақтысы сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.у) бірде Сахабаларға  қарап: «Ағаштар арасында жапырағы еш түспейтін  ағаш бар, ол ағаш мұсылмандарға ұқсайды. Оның  қандай ағаш екенін білесіңдер ме?» – деп сұрайды. Сонда  сахабалардың бәрі ағаш атауларын  атай жөнеледі.  Хадисті жеткізуші Ибн Омар (Алла ол кісіден разы болсын)  ішімнен  құрма ағашы шығар деп ойлап отыр едім, лезде сахабалар Алла Елшісі жақсы біледі деді жамырай. Сол сәтте  Пайғамбарымыз (с.а.у):  «Ол құрма ағашы», –  деді.  (Муслим. Тирмизи)

Алла Елшісі (с.а.у) құрманы  қатты ұнатқан. Мәселен, құрма маусымында өзіне сыйлық ретінде тартылған жас құрмаларды кері қайтармайтын. Тағы бір сөзінде «Құрмасы жоқ үйдің адамдары анық аш қалғаны» деп, құрманың Мәдиналық кедейлердің күнкөрісінде қаншалықты орын алғанын байқатқан (Ибн Мәжә).  Шаңырағында айлап қазан асылмаған уақыттардың өзінде де оларға арқау болған құрма мен қара су еді. Айша анамыз (р.а.) сол күндерді: «Алла елшісі (с.ғ.с) қайтыс болғанда да, қара құрма мен қара судан басқа ештеңе таппағанбыз», – деп еске алған (Бұхари). Бірақ тек құрма жеп күнелткен уақыттарда сахабалардың ешбірі ауруға ұшырамаған.

Себебі, құрма жемісі тек қана азық емес, сан түрлі дерттің таптырмас шипасы. Құрма адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуіне қажетті барлық дерлік пайдалы заттарға ие. 

Құран және Сүннетте адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) былай бұйырады: «Әйелдеріңізге босанғаннан (нифас халінде) кейін  құрма жегізіңдер. Босанғаннан кейін құрма жеген әйелдің баласы момын, жуас болады. Мәриям Исаны (а.с) дүниеге әкелген кезде  жегені тек құрма болатын. Егер құрмадан да қайырлы жеміс  болса, Алла соны жеуін әмір етер еді», – деген. Тағы да айта кететін жайт Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жаңа туылған  сәбидің ауызына құрма салатын болған. Сол сәбилер кешегі өткен сіз бен біз танитын  ғалым Ибн Аббас секілді сахаба ғалымдар. Бұл үрдіс күні бүгінге дейін әдетке айналған.

 

Ғалымдар: «құрма – құнардың қайнар көзі»

Құрманы әлемнің барлық елінен, кез келген азық-түлік дүкендерінің сөрелерінен табуға болады, оның үстіне құрманың бағасы қымбат емес, қолжетімді. Ғалымдар құрманы – пайдалы әрі құнарлы заттардың қайнар көзі ретінде бағалайды. Құрманың бірнеше ғана кішкентай үзімінің өзінде, қандай да бір тола шөлмек сусынды құнарландыра алатындай жоғары деңгейде темір мен кальций бар...

 

Құрманың  медициналық тұрғыдан пайдалары

 

 

4-5% құрғақ зат

 

 

 

 

 

95 - 96% су

2- 25% қант

1%  белок

Эфир майы

калий

фосфор

кальций

магний

темір

мырыш

дәрумендер

 

  Олар айтарлықтай құнарлы (100 г.-да 277 ккал.), сондықтан керемет қуат көзі болып табылады. Құрманың бойында көмірсулар (60-65%), мыс, темір, мырыш, кобальт, калий, фосфор, күкірт, бор, алюминий, кадмий, сонымен қатар тиамин, ниацин, рибофлавин, фолацин, пиридоксин, К дәрумені, тағамдық талшықтар, фтор, селен, пектин және аминоқышқылдардың 23 түрі бар. Фтор тістерді тісжегіден қорғаса, тағамдық талшықтар мен селен иммунитетті көтеріп, қатерлі ісік пен жүрек-тамыр ауруларының алдын алса, калий сол жүрек пен қан-тамыр ауруларында көмектеседі. Құрма суық тигенде (әсіресе ағзаның шамадан тыс әлсізденген жағдайда) көмектеседі; еркектік қауқарды көбейтеді; сарыуайым кезінде, ағзаның әлсізденуінде, созылмалы шаршау кезінде жәрдем береді; бауырды, бүйректі және жүйке жүйесін бекітеді; ішектегі пайдалы бактериялардың өсуін қамтамасыз етеді; қанды нәрлендіріп, ағзаға аурутудырғыш микробтарға қарсы тұруға көмектеседі және қышқылды теңгерімді қолдап тұрады.

Құрма онкологиялық ауруларда, туберкулезді емдеу кезінде және ми қызметін жақсарту мақсатында қолданылады. Арықтағысы келіп, алайда тәттіден бас тарта алмай жүрген адамдар конфеттің орнына құрма қолданса болады, себебі олардың тәттіге қарағанда нәрлілігі аз. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, 10 түйір құрма адамға магнийдің, мыстың және күкірттің тәуліктік мөлшерін қамтамасыз етеді.

Бұл жемісті шикі түрінде де, кептірілген түрінде де жей беруге болады. Құрмадан салаттар, нәрсу (компот), десерт, тіпті бал да дайындайды.

Құрма пальмасының жемістері гипертониктерге (қан қысымы көтеріңкі адамдар) аса пайдалы, себебі қан тамырының тарылуын баяулатады. Құрма Алланың қалауымен күш-қуатты көбейтіп, тонусты арттырады; көптеген кеселдерде көмектеседі; әсіресе экологиясы нашар аудандарда тұратын адамдарға жеуге кеңес беріледі. Аш қарынға желінсе ішектегі құрттарды өлтіреді. Құрма бауырды қуаттандырады,  асқазанды тазалайды, әлсіз бүйректі күштендіреді. Құрманы сүт араластырып қалампыр қосып ішсе, өкпенің қабынуы (Бронхит) сияқты тыныс жолдарына шипа. Құрманың құрамында танин көп болғандықтан дене жарақаттарын тез жазады. Адамды арықтатады, егер күрішпен бірге пісірсе семіртеді. Құрамында А Е Б дәрумедеріне де бай, алмадағы темірдің екі есесі құрмада табылады. Сол себепті қан аз болған (гемоглобин) кісіге көп жеуіне  кеңес беріледі. Жаңа босанған ана үшін таптырмас жеміс, өйткені ана сүтін көбейтеді. Сондай-ақ рак ауруына қарсы пайдалы, құрамында  микроп атаулы  жоқ бірден-бір жеміс. Құрма сүйектерін үгітіп кофе қып қайнатып ішсе, жүйке жүйесін тыныштандырып демалдырады. Сонымен қатар беттегі түрлі дақтарды (босанғаннан кейін әйелдерде болатын және күнге күйгеннен қалған дақтарды кетіріп бет пішінін қаз қалпында сақтап, әжімнің тез түсуінен қорғайды. Сонымен қоса Құрманы жатардан алдын жесе сал ауруына қарсы өте пайдалы. Күнімізде медицина құрманы бир күнде  ең  көп дегенде бесеуін жеуге кеңес  береді

 

Құрманы қандай ауруларға ем екендігін анықтау.

 

Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер нәтижесінде құрманың көптеген қасиеттері ашылған. Түркиядағы әйгілі Сема емханасының Тағамтану және диета бөлімінің маманы Хайреддин Мутлуның айтуынша, құрма лиф, минерал, фенол тұрғысынан әрі натрий, калий, магний, калций, темір, фосфат секілді минералдарға өте бай. Атап айтқанда, ол құрманың қасиеттерін былай жүйелеп көрсеткен:

 

 

Протеин, май, көмір суын (углевод) – үшеуін қатар қамтитын бірден бір жеміс.

Тамақ ауруына, жөтелге пайдалы;

B1, B2 витаминдерінің қатар кездесуі бауырды сауықтырады;

Қатерлі ісіктен (рак) сақтайды, жүрек қан тамырларына таптырмайтын ем;

Жас құрма теріге оң ықпал етеді, жүктілік пен күнге күюден түскен дақтарды кетіреді;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеңіл босануға септігін тигізеді. Босанған әйелдердің әлсіреген денесін тыңайтып, сергектігін арттырады.

Құрамында фосфор мен калцийдің молдығы сүйек ауруларынан қорғайды;

 

 

 

 

 

 

 

Құрамындағы темір қан аздыққа пайдалы;

Мидың жұмыс істеу қабілетін күшейтеді;.

Жүйке жүйесінің шаршауын басады;

 

 

 

 

 

 

 

 

  Израйлде жүргізілген зерттеуде құрма мен алма салыстырылған. Нәтижеде алмаға қарағанда, құрмада витаминнің көптігі дәлелденген. Бұған қоса, Мехмет Алтанның «Шөлден жеткен шипалы құрма» атты құрманың қасиеттерін зерттеген еңбегінде құрма дәнінің де витаминге бай екендігі, сол себепті оны бір уақыт сорып жүргеннің адамға пайдалы екендігі жазылған. Сонымен қатар 6-7 құрманы бөлшектеп, бір кесе суға салып, бірнеше сағат тұрған соң суын сүзіп алып, күніне екі мәрте ысытып ішіп отырса, екі апта көлемінде бүйректегі тасты да түсіретіндігі білдірілген.

 

Құрма – қатерлі ісік (рак) ауруына қарсы заттарға бай

Әсіресе, құрманың магнийге өте бай болуы, оны барлық өзге пайдалы тағамдар мен жемістердің ең алдынғы қатарына шығарған. Магнийдің маңызды болуының мәні мынада: ол адам ағзасында аса қатерлі рак ауруының пайда болуына тосқауыл қояды. Осы себепті де құрманы тағам ретінде үнемі қолданушы аймақ тұрғындары мұндай аса қауіпті дерттің барын білмейді...

Құрманың құрамдас бөлігін 15-ке жуық тұз және минералды заттар: мыс, темір, магний, мырыш, марганец, фосфор, натрий, алюминий, кадмий, кобальт, күкірт, бор т.б. құрайды. Жемістің құрамында: алмада, бананда, апельсинде жоқ 23 аминқышқылдары бар. Құрамында: А, В1, В2, В3, В6, PP дәрумендері бар. Сондай-ақ, құрма құрамындағы пектин мен тағамдық талшықтар ішектің жиырылу қызметін күшейтіп, рак ауруларының алдын алады. Құрмада холестерин жоқ, ал оның құрамына кіретін фтор мен селен элементтері тістің саулығын нығайтып, жүрек-тамыр ауруларының алдын алады. Сонымен қатар, құрма бета-каротинге өте бай. Бетакаротин – адам ағзасының жасушаларына шабуыл жасаушы молекулаларды бақылау арқылы, қатерлі ісік жасушаларының пайда болуына тосқауыл қоятын ерекшелікке ие зат... Барлық мақтау аса Дана АЛЛА Тағалаға болсын!

 

Құрма – ағзаны тазартады әрі шаштың түптерін бекітеді

Медициналық зерттеулердің нәтижесінде құрманың ағзаны, ағзадағы тастары еріту арқылы, тазартушы қасиетке ие екені анықталған. Тибет медицинасында, егер құрма сүйектерін қайнатып, сол қайнатпаны ішсе, қуық қалбыршағындағы және бүйректегі тастарды ерітетіндігі айтылады. Сондай-ақ, құрма сүйектерін жағып, кейін жағылған құрма сүйегінің күлін бас терісіне жақса, шаштың түсуін қойдырады дейді...

Жаңа туған сәбиге тахник жасау дәстүрі және оның медицинадағы пайдасы

Бұхаридың «Ақиқа» кітабында, Әбу Мұсаның (Алла оған разы болсын) ұлы туылғанда Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған Ибраһим деп ат қойғандығы және нәрестенің таңдайына құрмамен тахник жасап, дұға жасағандығы айтылады.

Иә, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сәби дүниеге келгенде құрманы шайнап, онымен нәрестенің таңдайын сылайтын және сәби үшін дұға қылатын. Тахник – Исламда жалпыға белгілі сүннет әрі ғажап дәстүр. (Сәбидің таңдайын сылау үшін құрманы пайдаланған абзал, ал құрма табылмаса басқа бір шырынды нәрсемен алмастырса болады.)

Тахник жасау дәстүрінде үлкен пайда жасырынған. Өйткені, құрманың құрамындағы нәрлі заттар сәби ағзасының қалыпты жұмыс істеуіне және иммунитетінің нығаюына көмектесетіні дәлелденген. Құрмамен тахник жасау, бұл – ең пайдалы екпе (прививка) секілді. Яғни, ол: полиомиелит (жұлын қабынуы), дифтерия (жұқпалы тамақ ауруы), қызылша секілді қауіпті дерттердің алдын алады.

 

Құрма – жүктілік пен босануды жеңілдетеді

В9 (Фолиевая кислота) – жүкті әрі емізуші әйелдер үшін аса маңызды дәрумен. Жүктілік кезеңінде әйел ағзасындағы бұл дәруменге деген сұраныс екі есеге дейін артады. Сонымен қатар, В9 фолиев қышқылы – жасушалардың бөлінуі мен генетикалық құрылымының қалыптасу процесі кезінде маңызды рөл атқарады. Міне, сондықтан да құрсақтағы баланың дамуы барысында ананың ағзасы бұл дәруменге жиі мұқтаждықты сезінеді. Ал, құрма дәл осы, В9 фолиев қышқылының көзі болып табылады.

Ғылыми тәжірибелер, жүктіліктің соңғы айларында құрманың жатыр бұлшық еттерін күшейтетін ынталандырушы қасиетке ие екенін дәлелдеген.

Құрманың құрамында кездесетін химиялық зат – окситоцин, медицинада жүкті әйелдің босануын жеңілдетуші препарат ретінде қолданылады.

Окситоцин – дұрысында, ми гипофизасының артқы бөлігінен бөлінетін, толғақты бастаушы, жатыр мен жамбас бұлшық еттерінің жиырылуын шақыратын гормон. Ана ағзасындағы босанар алды барлық дайындық, осы гормонның ықпалымен жүзеге асады. Босану барысының сәтті өтуі үшін, жатыр бұлшық еттерінің дұрыс жиырылуы өте маңызды. Окситоцин жатыр бұлшық еттерінің жылдам жиырылуына әсер етеді. Босану процесі аяқталған соң да окситоцин ағзадағы өз жұмысын жалғастырады. Яғни, дүниеге жаңа келген сәби үшін ең маңызды саналатын ана сүтінің сүт бездерінен бөлінуін қамтамасыз етіп, механизм іспетті қызмет атқарады.

Құрма жемісіндегі осы бір ғана артықшылық – окситоциннің өзі – Құран Кәрім ақиқаттығының айқын, маңызды дәлелі болып табылады. Құрманың медицина саласы үшін ашылған бұл үлкен жаңалығына қол жеткізу, тек медицинаның соңғы жетістіктері арқылы ғана мүмкін болған. Ал, бұл осыдан он төрт ғасыр бұрын Құранда, Мәриям анамызға қатысты аяттарда баян етілген...

 

Құрманың тағы қандай пайдасы бар?

Жаңа заман медицинасы құрма жемісіне ұзақ уақыт бойы ден қойып, табанды түрде зертеулер жүргізіліп, нәтижесінде:

Құрма адам денсаулығына қауіпті қандай болсын: бактериялар, микробтар мен паразиттерді тасымалдаушы жеміс болып табылмайтынын;

Құрма аса қатерлі, өлім халіне душар ететін ажалды-амеба микроағзасына қарсы ең жақсы «күрескер» құрал екенін;

Құрманың құрамындағы заттар – адам ағзасындағы ауру жұқтырғыш, ауруды пайда қылатын бактерияларды жоятынын;

Құрма – ғарышкерлер үшін таптырмайтын тағам әрі дәрі, сонымен қатар икраға қарағанда анағұрлым пайдалырақ екенін;

Құрма жемісі толғақты жеңідететін әрі жатыр бұлшық еттерінің өте жылдам жиырылуына көмектесетін заттардан тұратынын және т.б. көптеген пайдалы, құнарлы элементтердің бай көзі болып табылатынын анықтаған.

Құрма – шығармашылықпен айналысатын, мимен жұмыс істейтін адамдар үшін, жүйке жүйесіне шағымы барлар үшін, бастың жақсы жұмыс істеуі үшін де дәрігерлер тарапынан ұсынылатын аса пайдалы жеміс.

–       Құрманы аш қарында жеу паразиттерді жояды.

–       100 г құрма 281-ден 318 калорияға дейін құнарлы. 100 г құрманың құрамында 20 мг фосфор бар. Фосфорға бай болуы себепті құрма жүйке жасушаларын нәрлендіріп, еңсені көтереді. Қатты шаршаған адамның өзіне құрманы жегенінен соң жарты сағат ішінде күш-қуаты оралады, сергектік пайда болады.

–       Құрма глюкоза мен фруктозаға бай. Тәбетті шақырады.

–       Диетолог мамандары дәмді де пайдалы бұл жемісті жүйке жүйесінің бұзылуынан зардап шеккен балаларға жегізуге кеңес береді.

–       Құрма қан құрамындағы холестериннің деңгейін төмендетеді.

–       Құрма ішек қызметін қалыпқа келтіреді. (Іштің қатуы кезінде өте пайдалы)

–       Құрма көз ылғалдылығының сақталуына көмектесіп, түнде көргіштігін жақсартады...

 

 

ІІІ бөлімі; Қорытынды.

 

     Қарапайым ғана құрманың қаншалықты пайдалы екенінен, біз әлі де толық хабардар емеспіз. Әрі оның орасан зор пайдасын бір мақалаға сыйдыру мүмкін емес. Құрманың пайдасын, оны Адам баласына сый етіп берген АЛЛА Тағала ғана толық Білуші. Бүгінгі таңда ғалымдар, құрма – адам ағзасына қажетті барлық пайдалы заттардың шоғыры болғандықтан, «тек құрма мен су ішу арқылы ұзақ өмір сүруге болады» деген тоқтамға келген. Ал, мұның сырын, біз жоғарыда келтірген, «Күнкөрістерің не еді?» – делінген сұраққа Айша анамыздың (оған Алла разы болсын): «Екі қара: құрма және су еді», – деген жауабы айқындап тұр емес пе?...

    Бір сөзбен айтқанда, түрлі витаминге бай, тойымды әрі емдік қасиеті мол құрма – ғажап жеміс. Ендеше, осы ғажап жемістен дәм татқан сайын жомарттығы шексіз Жаратушы иемізді еске алып, шүкіршілік етейік...

 

 

 

 

ІҮ бөлімі: Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

  1. « Дәрілік шөптермен емделу»Қалқамбай. З. С Астана 2003ж
  2. « Үйде емделу», 1, 2, 3, томдары
  3. Балалар Энциклопедиясы, 6 том.
  4.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаракөл бастауыш жалпы білім беретін мектебінің

3 сынып  оқушысы

Тілепбергенова Айкөркем Мейірбекқызы

«Құрма және оның пайдасы» атты

зерттеу жұмысына

 

 

Пікір

       Жоғарыда жазылған зерттеу жұмысының экологиялық  маңызы өте зор. Зерттеу жұмысында құрманың ерекшелігін,  қоршаған орта үшін маңызын, қазіргі таңдағы жағдайын дұрыс қарастырған. Құрманың пайдасы автор жұмысында анық байқалады.

       Айкөркем зерттеу жұмысын жазу барысында көптеген көркем әдебиеттерді, газет-журналдарды, ғаламтор әдебиетін пайдаланған. Жұмыс жоспар бойынша жазылып, толық орындалған. Сонымен қатар Айкөркем жұмысын өз жас ерекшелігіне сай орындай білген. Алға қойған мақсатына жеткен.

       

 

Ғылыми жетекшісі: Кушкинбаева Балжан Сейфуллиевна

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)