Өлең, жыр, ақындар

Жаңа ғасыр дерті – ғаламторға тәуелділік

Ғаламтор – бүкіләлемдік ақпараттық коммуникативті байланыс құралы. Қашықтықтағы абонентпен ғаламтор желісі арқылы байланыс жасап, уақыт тығыздығына қарамастан қажетті ақпаратты тауып, мәлімет алуға болады. Пернетақтаны басып, сөзді немесе сөйлемді жазсаң болды, бірер минуттан кейін өзіңе қажетті ақпарат шығады. Тіпті іздеген адамымды кез келген жерден ғаламтор арқылы таба аласың. Аз уақыттың ішінде қыруар жұмыстардың бірсыпырасы атқарылып жатады. Тез хабарласу, хат жазу аясында «ВКонтакте», «Instagram», «WhatsApp» әлеуметтік желілері елпілдеп тұрады.

Алайда осындай түрлі жүйелері бар ғаламтордың жаман тұстары болатыны өкінішті.  Ғаламтор желісіне қосылған бала өзіне, сабаққа қажетті сайттармен қатар, ақылы ойындарға  кіріп кетеді. Міне, бұл сүбелі мәселе болып тұр. Қазіргі кезде жастарымыздың баршаға топырақ шашпаймын, ой-пікірі, ізденісі жоқ. Ойланудың да қажеті жоқ. Ғаламторға жазасың, мезетте тауып береді. Көшіріп жазып, бере саласың. Тіпті іздеп, қиналудың қажеті жоқ. Қазіргі таңда кітап ұстайтын, кітапханаға баратын оқушыларды сирек кездестіреміз. Реферат, шығарма жазу керек болса, ғаламтордан іздеп, тіпті оқымай бере саламыз. Мұғалім рефераттың мазмұнына сай  бір сұрақ қойса, ойланып қаламыз. Өйткені, жалқаулық билеп алғаны соншалық, берілген тапсырманы оқудан да қалдық.  

Ал енді ғаламтор желісіндегі жаппай сауатсыздыққа тоқталсақ, бір қатенің үстінен екінші қате қабаттасып, қазіргі таңда жастарымыз сауатсызданып, өз ана тілін ұмытып, мәңгүрттеніп жатыр. Сондағы әлемді жаулаған ғаламтордың ұлттық құндылықтарда жоюға күші жеткені ме?!

Көшеде, кез келген жерде ғаламторда отырмайтын, телефон ұстамайтын адамды кездестіре алмайсың. Тіпті ұйықтаған кезде телефон жанымызда болады. Ал баршамызға белгілі WI-FI желісі арқылы қаншама радиация тарайды. Ал бұл алдымен біздің денсаулығымызға әсерін тигізіп жатыр. Санамызды, жан-тәнімізді улап, ауру қылатын жағдайға жеттік.

Әр нәрсенің пайдалы әрі зиянды жағы бар. Иә, ғаламтор қажет бірақ өз орнымен пайдалану қажет. Ғаламторға тәуелділіктің соңы жақсылыққа апармайды.

 

М.Ғабдуллин атындағы орта мектептің

Сапарова Назым 10 сынып оқушысы

Ақмола облысы Зеренді ауданы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз