Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Кристин Лагард Назарбаев Университетінің болашақтағы президенті болуы мүмкін - Шигео Катсу

Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу Халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагард алдағы уақытта өз орнын басып, білім ордасын басқаруы мүмкін екендігін айтты. 

Мұндай пікірін ол бүгін аталған жоғары оқу орнында өткен онлайн-көрсетілім дәрісті аяқтай келе қалжың түрінде білдірді.

Кристин Лагард Назарбаев Университеті студенттеріне жаһандық және өңірлік ахуал, сонымен бірге Қазақстан үшін сын-қатерлер мен мүмкіншіліктер тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс соңында ол студенттердің сауалдарына жауап берді.

Осыдан кейін сөз алған Шигео Катсу мұның студенттердің университеттің болашақ президентінің дәрісін тыңдағандықтары да болуы мүмкін екендігін қалжың ретінде айтты.

Айта кетерлігі, К.Лагард Қазақстанға келгенге дейін «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігіне эксклюзивті сұхбат берген болатын. 24 мамырда Қазақстан Президенті Астана экономикалық форумы аясында елімізге Халықаралық валюта қорының өңірлік конференциясына қатысу үшін келетін Халықаралық валюта қорының өкімші-директоры Кристин Лагардпен кездесу өткізеді деп күтілуде.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының  алға қойған міндеті - Қазақстанның халықаралық деңгейдегі тұңғыш зерттеу университеті болу, себебі оның қызметі елдің негізгі басымдықтарының іске асырылуына, оның ішінде зерттеу әлеуетінің жедел қарқынмен өсуіне, елдің индустриялық-инновациялық дамуына, өзгеріп отыратын және жаһандық ықпалдастырылған экономика талаптарына сай келетін білім беруге көшудің қамтамасыз етілуіне байланысты.

Университеттегі оқу процесі халықаралық білім беру стандарттары негізінде құрылған, бұл Қазақстан Республикасы білім және ғылым жүйесінің қарқынды дамуына және әлемдік деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді. Бұл - қызметі дербестік және академиялық еркіндік қағидаттарына негізделген Қазақстандағы ең алғашқы университет. Университетке дербестік мәртебесі «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес берілді.

Автор: Марлан Жиембай  


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...