Өлең, жыр, ақындар

Аспаздық қателіктерді түзеудің 10 тәсілі

Сәулетшілер өз қателіктерін шырмауықтың астында, ал пысық әйелдер – майонездің астында жасырады деген сөз бар. Алайда, аспаздықта барлық қателікті тұздықпен шешуге болады деген өтірік. Кейде одан да асқан айлакерлікке баруға тура келеді. Қуанышымызға орай, бүгінде барлық аспаздық қателіктерді реттеудің көптеген амалдары ойлап табылған.

Bilim-all.kz әр ас үй ханшайымына қажет болар аспаздық лайфхактарды топтастырды.

1. Қатты ет. Кейде сіңірлі ет алып қоятынымыз бар. Дайыдап болған соң ол ет қатты болып шығады, шайнауға қиын болады. Уайымдамаңыз: етті жұмсартудың бірнеше амалы бар.

Жемістердің көмегімен. Кез келген жемісті: алма, ананас, манго немесе алмұртты бөлшектеп тураңыз. Пісіріп жатқанда еттің бетіне жеміс бөліктерін қойыңыз. Олар шырын бөліп, ет жұмсара түседі.

Коланың көмегімен. Қуыруға арналған етті кока-кола құйылған ыдысқа 10 минутқа батырып қойыңыз. Осыдан кейін етті алып, сәл кептіріп, қара бұрыш қосу арқылы қуырыңыз. Еттің дәмі тамаша болады, әрі бұл мәзірді үлкен кесек еттерге де пайдалана аласыз.

Лимонның көмегімен. Етті 30 минут лимон шырынына батырып қою арқылы оны жұмсартуға болады. Сірке суын қолдану арқылы да осы әсерге қол жеткізуге болады, алайда етті бір түнге қойып қою керек.

2. Сорпаның тұзы көп болып кетсе... Егер сорпаның тұзы көп болып кетсе, жағдайды реттеу қиындай түседі. Бір қарағанда қиын ештеңесі жоқ сияқты: мұндай сорпаға кішкене су қосып, қайнатып жіберсе болады ғой? Бірақ бұл әдісті ең соңғы болып қолданыңыз, әйтпесе сорпаның дәмін құртып алу қаупіңіз бар. Сорганолептикалық қасиетіне нұқсан келтірмей дәмін түзеуге күріш көмекке келеді. Сорпаға күріш салынған қалташаны батырып ұстай тұрыңыз. Күріш – тамаша абсорбент және артық тұзды сіңіріп алады. Кейбір пысық әйелдер дәмін түзеу үшін рафинад-қантты пайдаланады. Бір кесек қантты үлкен ас қасыққа салып, сорпаға батырады. Еріген қантты басқасына ауыстырады – сорпадағы тұздың дәмі реттелмейінше осылай бірнеше рет жасайды. Қарапайым картоп пен макарон да жақсы абсорбент бола алады. Егер сорпаның мәзірінде болса, осы өнімдерді көбірек қосып жіберіңіз. Егер мәзірде картоп жоқ болса, онда ашылған екі-үш картопты сорпаға салып, 10-15 минуттан кейін алып тастаңыз. Картоп тұзды сіңіріп алып, сорпаның дәмін бұзбайды.

3. Тұзы көп ет. Гуляш пен қуырдақтың тұзы көп болып кетсе, мұны реттеуге қаймақ көмектеседі. Етті қаймақ қосылған тостағанға салып, суытып қояды. Етті әрі-бері аударып жүргіңіз келмесе, еті бар ыдысқа майлы немесе ұнды тұзсыз тұздық құйып жіберіңіз. Тұзсыз гарнир де жағдайды құтқаруға көмектеседі. Тұзы көп фаршты ұсақтап туралған қырыққабат, үгітілген шикі кәді немесе картоп құтқарады. Бұл қоспалар котлетті дәмді әрі балғын етеді. Тым болмай бара жатса, котлеттің орнына тұзы көп етке күріш қосып, тефтели немесе голубцы жасауға болады.

4. Тұзы көп көкөністер. Көкөніс қосылған рагуды артық тұздан қызанақтар мен басқа да көкөністер құтқарады. Оларды ұсақтап турап, отта пісіп жатқан тамаққа салып жіберу керек. Бүтіндей пісірілген көкөністерге қайнаған су құйып, бірнеше минут қайнатса, артық тұзды шығарады. Қайнаған су, әрине, тұщы болуы керек. Саңырауқұлақтарға да тұщы су, тағы қосымша саңырауқұлақтар, қаймақ немесе күріш пен картоп езбесі сияқты тұзсыз гарнир көмектесе алады.

5. Күйіп кеткен ет пен ұн тағамдары. Егер қуырдақ күйіп кетсе, күйген қабатын кесіп тастап, май, су немесе сорпа қосып, әрі қарай пісіре беріңіз. Ұннан жасалған өнімдерді ашық отта пісіруге болмайды, оттың бетін сүйемелмен жапқан дұрыс. Егер тағам бәрібір күйіп кетсе, табаны оттан алып, ішіндегісін басқа ыдысқа салу керек, әрине, күйген бөлігінсіз, сосын бетін ылғал матамен жауып қою керек. Ол жағымсыз иісті сорып алады. Тамақтың күйген иісін ыстық сүт те жақсы кетіреді. Оны тағамға қосып жіберу керек.

6. Майлы сорпа. Егер сорпа өте майлы болса, онда сорпа құйылған кәстрөлді суық жерге қойып қою керек, ал кейін қатып қалған майлы қабатты алып тастаңыз.

7. Жабысып қалған жұқа құймақ. Құймақ табаға бірнеше себеппен жабысады: егер қамыр тым сұйық болса – ұн қосып жіберіңіз; егер ұнның сапасы төмен болса – ұнтақ жарма немесе ұсақ қатқан нан қосыңыз; егер таба суық болса – құймақты тек ысытылған майда пісіру керек.

8. Сұйық крем. Пісірілген кремдер кейде тым сұйық болып кетеді – оны жай ғана тағы пісіріп жіберіңіз; егер кремге тым көп сұйықтық құйылып кетсе – ұн қосып жіберіңіз (түйіршіктер болмас үшін електен өткізіңіз); егер сұйық май ерітілген немесе өте сұйық болса – кремді суық жерге қойып, суыған соң араластырыңыз.

9. Жабындылардағы зең. Тосап, повидло, маринадтарды зең басады. Егер зең жабындыларды дайындаған соң бірнеше күннен кейін пайда болса, онда бұл процесс жүре беретін болады деген сөз. Сондықтан банканы ашып, зеңді алып, қан, тұз немесе сірке суын қосу керек (не көгеріп кеткеніне байланысты) және банканы дұрыстап қайнатып, залалсыздандыру қажет.

10. Тоңазытылған көкөністер. Аздап тоңазытылған картоптың дәм татуын кетіру үшін 18-20°С температурада 5-7 күн ұстай тұру қажет. Аздап тоңазытылған пиязды 3–5 °С температурада ақырындап еруге мүмкіндік берсе, ол өзінің балғындық қасиетін сақтап қалады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Дина

Пиченьие істеген едім, соданың дәмі қышқыл болып қатты шығып тұр нестесем болад

Бота

Тамағым майлы бола береді нестим

Мейірбек

Тамағың майлы болса майды аздау қосқан дұрыс!))..

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз