Өлең, жыр, ақындар

Менің мамандығымның ізгілікті бағыты

Тойшыбекова Гүлнұр Тойшыбекқызы
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі
«Өзін-өзі тану» мамандығының білім алушысы,
«Жүректен-жүрекке» үйірмесінің мүшесі
Жетекші: Кабимолдина Айгуль Кайрбековна
«Ізгілік педагогикасы мен психология негіздері»  пәнінің оқытушысы
«Жүректен-жүрекке» үйірмесінің жетекшісі

 

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі адамгершілік пен руханилықты дамытуға бағытталған. Соңғы онжылдықта оқытушылар, тәрбиешілер және ата-аналар алдында жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесі туындады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Біз әрбір адамның абыройын, адамгершілігі мен беделін бағалайтын, жоғары өнегелі, эстетикалық стандарттары мен рухани құндылығы бар қоғам құруымыз қажет» деп баса айтты. Бұл талаптар өскелең ұрпақтың тәрбиесін және рухани-адамгершілік білім берудің артықшылығын күшейтуге бағытталған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының жалпы мақсатымен тоғысады.

Бүгінгі заман жаңа технологиялар дәуірі,  жаңа үрдіс,  жаңа түсінік пен мінез-құлықтың заманы. Заманына сай мұғалім  де, жаңашыл,  жан-жақты, ұшқыр ойлы оқушымен жұмыс жасауға ерік-жігері,қабілетібар болуы қажет.

Әрбір мұғалім оқушының ішкі жан дүниесін жазбай танитын сарапшы, олардың  мүмкіндіктерін байқайтын психолог, жақсы  іс-әрекетке бағыттайтын әдіскер болып табылады.

Менің өзін-өзі тану мамандығын  қалауымның басты себебі – оқушы бойына ізгілік пен адамгершілік шуағын шашу,  балалар өмірді танып  үйренумен қатар, олардың ойларын тыңдай келе, олардың адами ақиқатты ұғына алатындығында.

Менің таңдаған мамандығым "Өзін - өзі тану мұғалімі". Өзін - өзі тану пәні рухани - адамгершілік білім мен тәрбие берудің құндылық бағдары. Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын, алға апаратын құдіретті күшке тек білім ғана тән. Демек қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуына білім саласының дамуы бағытына тікелей байланысты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев:"Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында",  дегені бәрімізге мәлім.

Еліміз өркениетті елдер, қатарынада орын алып ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл ұстаздар еңбегінің  жемісі. Олай дейтінім ақын да, батыр да, алып та, дана да, тіпті бала да ұстаздар тәрбиелейді. Менде осы мамандыққа деген құштарлығымның балаларға деген ыстық махаббатымның құдіреті ол ұстаздық өнер деп түйіндедім. Ұстаздықты таңдауымның ең басты сыры ол еліміздің болашағы, білімді ұрпақты, қайсар, тәртіпті, тәрбиелі қазақ елінің асыл діңгегі болар шәкірт тәрбиелеу.

Перцециптивті қабілеті ұстанып, оқушылармен гуманистік, коммуникативтік қарым - қатынас жасау. Туған ел, туған жер, өскен орта туралы түсініктерін кеңейту, туған елге деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін дамыту, туған тілін сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу – пәннің негізгі мақсатының бірі.

Осы пән арқылы оқушы келешекте бойына мейірім мен рахымшылдықтың, адамгершіліктің, әділдіктің, шынайылықтың дәнін себуге болады. Болашақ ұрпақтың бойына рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. Жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіншілігін жан-жақты ашып, адамгершіліктің биігіне көтеретін, ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге, шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға, өз өмірін жоғары мәнмен өткізуге жетелейді.

Өзін - өзі тану пәні мұғалімі ретіндегі ұстанымым.

         Өмір теңіз жүзем онда демеңіз     

           Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз

                                                           Тәжік философ Рудаки 858-941

Өмір қиындықсыз, жамандықсыз, азапсыз өмір өмір емес. Толқын ол өмір, сол толқында жүзген кеме адам. Өмір дауыл сияқты соқса қирайсын, күн болса жүзесін. Сондықтан теңізде өмірде дауылсыз болмайды. Осы дауылмен болатын өмірде жеңіске жету үшін білім, ақыл, парасат, жауапкершілік, қайырымдылық, махаббат, адалдық, әділдік, төзімділік, шыдамдылық,  болса нағыз ізгілікті өмір емеспе...

Міне менің нағыз ұстаздық таңдауымның дара - жолы.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз