Өлең, жыр, ақындар

Дуалды білім беру жағдайында кәсіпорындарда практикалық оқытуды ұйымдастырудың үлгісі

Алматы  облысы, Балқаш  ауданы, Бақанас  ауылы,
Бақанас аграрлы–индустриалдық колледжінің өндірістік оқыту шебері
Малыбаев Шархан Сейдахметович

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміздің болашағының бағытын түзеген, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ұсынуы жарқын келешекке жасалған жақсы өмiрдiң тұтас жиынтығы деуге әбден болады.  Демек, экономиканы дамытуда бұрынғыдай таптауырын жолмен жүре бермей, жаңа инновациялық ізденістерге бару, жаңа жетістіктер мен озық технологияларды енгізу қажеттігіне баса мән берді. Сондықтан еліміз озық индустриялы елдердің қатарынан орнықты орнын алуы үшін соңғы серпін жасалмақ. Елбасымыз Жолдауында еліміздің келешегі – жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне ерекше назар аударуы біздің көкейіміздегі толғақты сауалдардың бірі. Елбасымыз жастардың, техникалық және кәсіптік білім алуының мемлекетпен кепілдендірілген жүйесіне көшіруді мәлім етті. Яғни алдағы 2-3 жылда дуальді техникалық кәсіби білім берудегі ұлттық жүйенің өзегі қалыптастырылмақ. Осы орайда мемлекет азаматтарының тәрбие, бiлiм және кәсiптiк даму саласын, жастар саясатын дамытуға қойылатын талаптарда жоғары болмақ. Сондықтан әлемдік тәжірибе негізінде және ұлттық дәстүрлер мен құндылықтарды ескеру арқылы  білім беру бағдарламаларының ғылыми сипаты мен тереңдігін, ғылыми-зерттеу бағыттарының жан-жақтылығымен дуалдық оқыту жүйесін  жаңғыртуды айқындап отыр. Қазіргі заман сұранысына орай,  жоғарғы оқу орындардың ұлттық және жалпы адамзаттық зерделік пен құндылықтарға бағдарлануы күшейді. Бұның барлығы кәсіптік білім беруде оқытудың  заманауи бағдарламалары мен оқыту әдістемелерін жаңғырту ,  игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі.

Қазақстандық кәсіптік білім беру жүйесінде қос бағытты білім берудің ғылыми-теориялық негіздері жан-жақты зерттелуде.  Шет елдік тәжірибелерге сүйене отырып, білім берудің жаңа буын  мемлекеттік стандарттарын жасауға жұмыс берушілер қатыстырылып, дуалдық жүйені кәсіптік білім беру үдерісіне енгізудің мүмкіндіктері мен алғышарттары қарастырылуда.

Кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандарттарының жаңа буыны құзыреттілік қатынасқа негізделген, соған сәйкес қазіргі заманғы маман  еңбек нарығында және кәсіби салада әлеуметтік қорғалуды, икемділікті, бейімделгіштікті, табыстылықты қамтамасыз ететін әлеуметтік және кәсіби сапалардың жиынтығына ие болуы қажет. Стандарт талаптарына сәйкес кәсіби құзыретті маман даярлау мазмұны білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға ғана емес,  өндіріс  қажеттіліктеріне  сәйкес дамыған кәсіби іс-әрекет дағдыларын меңгертуге  бағытталған.

Қазіргі кезеңде  кәсіптік білім беру саласындағы  әлеуметтік серіктестік  нақты білім беру мекемелерінің  жұмыс берушілермен, жергілікті атқарушы үкімет, еңбекпен қамту қызметтерімен, қоғамдық ұйымдармен жастардың кәсіби қалыптасу, олардың аймақтық еңбек нарығын игеру үдерісіне қатысушы барлық тараптардың мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған өзара әрекеттесуінің ерекше түрі болып табылады.    Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік серіктестік қарым-қатынасқа қатысушылар мемлекет, өндіріс, кәсіптік  және техникалық оқу орны  болып табылады. Кәсіптік білім берудің әлемдік тәжірибесінде   әлеуметтік серіктестікті   жүзеге асырудың тиімді жолы ретінде Германияның   қос бағытты білім беру – дуалдық жүйесі  кеңінен қанат жаюда.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемде болып жатқан келелі жаңалықтармен ұштастыру мақсатына байланысты еліміздің педагогикалық қоғамдастығының алдында білім беру саласына сапалық өзгерістер енгізу мәселелері тұр. Олар «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» да нақты көрсетілген. Жоғары білім жүйесінің қазіргі қоғамдағы ақпараттану жағдайында оқушылардың жалпы-білімдік және кәсіби даярлық деңгейін арттыруда маңызды рөл атқарады .

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі - осы заман талабына сай білімді, білікті және компьютерді еркін түрде меңгере алатын мамандарды дайындау.

 «Озық индустриялы елдерде – Германияда, Англияда, АҚШ-та, Оңтүстік Кореяда – жұмысшы кадрларды даярлаудың дуалдық жүйесі өзін жақсы жағынан көрсетті. Осы жүйе бойынша колледж білім алушылары бір мезгілде өндірісте тағылымгер болып табылады. Даярлаудың осындай жүйесін Қазақстанда да кеңінен енгізу қажет. «Самұрық-Қазына» қорына арқаулық кәсіпорындар тізімін белгілеп, дуалдық модельді бірте-бірте енгізудің жоспарын әзірлеуді тапсырамын.Бұл біздің жаңа индустрияландыру үшін кадрларды даярлауды жаңғыртуымызға жағдай жасайды» – деген Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында алдымызға бірқатар жаңа міндеттер қойды.
Елімізде 600 мыңнан астам адам техникалық және кәсіптік білім берумен қамтылған. Кәсіптік шеберлікті қамтамасыз етудің нақты жолы - жас мамандарды оқытып үйрету, жаңа мамандыққа бейімдеу болып табылады. Бұл мәселе жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы арқылы өріс алып келеді.

ҚР Президенті барлық отандық компанияларды дуалды білім беру жүйесіне атсалысуға шақырды. «Бүгінде бұл жүйе 60 елде жұмыс істеуде. Мен барлық қазақстандық компанияларды осы жүйемен шұғыл айналысуға, ал Үкіметке оны қадағалауды тапсырамын», - деді Елбасы.

Бұл ретте Мемлекет басшысы аталған жүйені енгізген «Қазақмыс», «Кегок», «Самұрық-Қазына» сынды компанияларды атап өтті.

«Онда білім алушы өндірістегі тәлімгер болып табылады әрі оған жалақы тағайындалып, білім алады», - деген ҚР Президенті, сол жерден алған кәсібінің басқа мекемеде жұмыс істеуі барысында мол пайдасы тиетіндігін баса айтты .

 Дуалдық оқытудың негізгі артықшылықтарына ең алдымен, түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары пайызын қамтамасыз ететінін жатқызуға болады, өйткені олар жұмыс берушінің талаптарына толығымен жауап береді. Оқыту өндіріс қажеттілігіне барынша жақын. Есте қалатыны, дуалдық оқытудың қатысушысы ең кіші компания болуы мүмкін. Екіншіден, білім алудың жоғары деңгейіне жетеді, болашақ қызметкердің психологиясы қалыптасады.

Осы орайда жасалынып жатқан колледждердің эксперименттік жұмысы базалық мекемелер тарапынан оң баға алынып, елімізде бұл жүйемен айналысу қажеттілігі мен артықшылығы дәлелденіп, дайындау мен енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінде дуалдық оқыту жүйесін қолдану тәжірибесі келесі артықшылықтарды айқындайды:

-дуалдық жүйе оқытудың дәстүрлі түрлері мен әдістерінің негізгі кемшілігін – теория мен тәжірибенің арасындағы алшақтықты жояды;

-дуалдық жүйенің механизмінде   маманның жеке  тұлғасына әсер ету, болашақ маманның жаңа психологиясын жасау жатыр.  Оқушыларда білім алу мен дағдыға ие болуға үлкен мотивация туады, себебі олар білім сапасының жұмыс орнында қызметтік міндеттерін орындауына тікелей байланыстылығын сезінеді;

-жұмыс берушімен  тығыз байланыста жұмыс жасаушы оқу орны  болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескеріп отырады;

-жұмыс берушілер өздеріне мамандарды қамтамасыз ету мәселесін шешеді.

Дуалдық  жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен  дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп,  жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп,  түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің –  өзара байланысы мен әсерін, енгізілу тәжірибесін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттырады.

Дуалдық жүйе, өз мәнінде, білім беру мекемесі мен өндірісте қатар білім алуды білдіреді. Білім беру теория мен тәжірибенің байланысы принципіне негізделеді.  Дуалдық жүйеде  тараптардың қарым - қатынасы  тепе-теңдік және әділдік принциптері негізінде құрылады. Әлеуметтік серіктестікке қатысушылар оқыту нәтижесіне ғана емес, сонымен қатар оқытудың мазмұнына, оның ұйымдастырылуына мүдделі.  Білім алушылардың әлеуметтік кепілдікке ие болуға және бәсекеге қабілетті мамандық алуға, мемлекеттің кәсіби мамандарды даярлауға тапсырыстың қалыптасуына және орындалуына, өндірістің өмірге және жұмысқа жақсы дайындалған білімді мамандардың келуіне, оқу орнының білім беру қызметіне сұраныстың артуына  деген мақсаттары орындалады .

Бұл үшін ең алдымен Елбасы Жолдауында көр­се­тілген алғашқы екі бағыт соңына дейін қарастырылуы қажет. Мұның біріншісі, ел ішіндегі жұмыс­сыздықпен күресу. Жұмыссыздық мәселесі еліміздің, қоғам­ның ілгері дамуына өзінің теріс әсерін тигізбей қалмайды. Бүгінде тұрақты жұ­мы­сы, меншікті баспанасы және мамандығы жоқ үлкен әлеуметтік топ пайда бола бастады. Екінші бағыт өз тамырын осы аталған бірінші бағыттан тарта алады . Өйткені, баспанасы жоқ жанның әлеуметтік көңіл-күйі де, мемлекет болашағына деген сенімі де жоғары бола қоймайды.

Дуалдық оқыту жүйесіне еліміздің 100 колледжі енгізіледі. Қазіргі кезде қалаларда техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері, ал жалпы алғанда, еліміздің 100-ден астам колледждерінде ауыл шаруашылығы, көлік, металлургия, машина жасау, мұнай-газ, химиялық және кен өндірісі салаларындағы кадрларды дуалдық білім беру жүйесімен дайындау элементтері енгізілу міндеттеліп отыр . Биыл Астанадағы 10-нан астам кәсіпорынның білікті кадрлар дайындап шығаруға қатысуына мүмкіндік береді. Ал республика көлемінде 120-дан астам мамандық бойынша жаңа кадрлардың 70 пайыздық өндірістік тәжірибеден өте жүріп білім алуына жол ашылады.

Осылайша, өндіріс орындары техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерімен біріге отырып, өздерінің талаптары бойынша білім алып шыққан дайын кадрларды бірден жұмысқа алатын болады.

Дуалдық жүйе дегеніміз, білімгер - түлектер білім алумен қатар, кәсіпорындарда жұмыс істеуді бастайды . Оқуды бітіргенде бұл білімгерлер сол кәсіпорынның жұмыс ерекшеліктерімен және қондырғы-құрылғыларымен толық танысып, сол кәсіпорынға орналасуға мүмкіндік алады.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Ақылбаев Ж.С., Ермағанбетов Қ.Т. Электр және магнетизм: Оқу құралы. Қарағанды: КарМУ. 2003

2. Маклаков С.В. BPWin и ERWin. CASE -средства разработки информационных систем. М.ДИАЛОГ-МИФИ, 2000г

3. Петров В. Н. Информационные системы: Учебник. – СПБ.: Лениниздат, 2002 – 688 с.

4. Козыров А.А. Юдин А.П. Информационные технологий в экономике.

5. Смирнова Г.Н.и другие. Проектирование ЭИС: оқулық.М.Финанс және статистика, 2001-512 бет

6. Автоматизированные информационные  технологий в экономике. М.ЮНИТИ, 1998г.

7. Семенов И.И., Трубилин И.Т. Автоматизированные информационные технологии в экономике. Финансы и статистика. М., 2000 г.

8. Уотермен Д. Руководство по экспертным системам М.: Мир, 1989. –388с.,ил.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз