Өлең-жыр байқауы

Үй жағдайында көз астындағы қара дақты кетірудің 10 тәсілі

Көз астында қара дақтың пайда болуына көптеген факторлар себеп болуы мүмкін. Одан құтылу да тәжірибе көрсеткендей, оңай емес. Көбі дәрігерге көрінуге, күн тәртібі мен тамақтану тәртібін ұстануға және табиғи компоненттерден тұратын компресстер жасауға кеңес береді.

Bilim-all.kz жанарыңызға көрік беретін 10 қарапайым әдісті ұсынады.

Алқызыл су

© Apollofoto/shutterstock.com

Алқызыл су теріңізді ылғалдандырады және нәрлендіреді, ісіктен арылуға көмектеседі, қызару мен қышуды басады, сонымен қатар ағартатын және жасартатын қасиетке ие.

Оны дүкен сөрелерінен табу қиын емес, бірақ егер қандай да бір себептермен сатып ала алмасаңыз, онда үйде жасап көруге тырысыңыз.

Ол үшін сізге:

- Раушанның жас гүлжапырағы

- 1 стақан қайнаған су қажет болады.

Дайындау:

- Алқызыл гүл жапырақтарын жуып, кішкентай тегешке салып қойыңыз.

- Үстіне қайнаған су құйып, суытып қойыңыз. Кейін залалсыздандырылған табаға сүзгіден өткізіп алыңыз.

- Үй жағдайында жасалған алқызыл суды тоңазытқышта сақтау керек, бірақ бір аптадан аса сақтауға болмайды.

Қалай қолдану керек:

- Екі мақта дискісін алқызыл суға батырып, жақсылап сіңуге мүмкіндік беріңіз.

- Дисктерді көз айналасына 15 мминутқа қойып қойыңыз. Процедураны таңертең және кешке жасаңыз. Курс оң әсер еткенге дейін жалғасады.

 

Тәтті бадамның майы

© monicore/pixabay.com

Бадам майы көз айналасындағы теріні қатайтады, жиі қолданған жағдайда көз айналасындағы сызықтар мен ісінуді кетіреді. Ұйықтар алдында майдың 2-3 тамшысын тамызып, ақырындап массаж жасаңыз, бір аптадан кейін теріңіз жақсарғанын байқайсыз.

 

Картоп шырыны

© HolgersFotografie/pixabay.com

Картопта табиғи ағартатын компоненттер мен С дәрумені бар.

  • Шикі картопты үккіштен өткізіп, шырынын сығып алыңыз.
  • Мақтаны картоп шырынына батырып, көзіңізге 10 минутқа қойып қойыңыз, кейін жуыныңыз.
  • Қалауыңыз бойынша процедураны зәйтүн немесе шабдалы майларының бір тамшысымен массаж жасап аяқтасаңыз болады. Бұл әдісті 2 апта бойы күнделікті жасау керек.

 

Қиярдан жасалған компресс

© monicore/pixabay.com

Қияр көп мөлшердегі антиоксиданттарға, сонымен қатар ағартатын қасиеттерге ие.

  • Жаңа піскен қиярды қалың тілімдерге турап тоңазытқышқа 30 минутқа қойыңыз.
  • Қияр тілімдерін тоңазытқыштан шығарып көзіңізге қойыңыз. Барлық проблемалық аймақты қамтығанына көз жеткізіңіз.
  • 10-15 минут ұстап, салқын сумен жуыңыз. Процедураны күнделікті бір апта бойы жасаңыз.

 

Шай компресі

© condesign/pixabay.com

Шай кофеин, танин (дубильдік заттектер) және антиоксиданттарға бай, демек қара дақтар мен ісікті жақсы кетіреді.

  • Көк немесе қара шайды шығарып, суығанша күтіңіз, сосын қайнаған шайға мақтаны батырып алып көзіңізге қойыңыз. Шай қалташаларын да пайдалансаңыз болады.
  • Компрессті 10-15 минут ұстаңыз. Бір апта бойы қайталасаңыз теріңіз жақсара түскенін байқайсыз.

 

Сүт пен наннан жасалған маска

© cuidandotudiabetes/pixabay.com

Сүт теріні әлдендіреді, ылғалдандырады және ағартады. Ал нанда В дәруменіне бай ашытқы бар, бұл теріні сергітіп, бөртудің алдын алады.

  • Ақ нан мен сүттен ботқа дайындаңыз.
  • Масканы жұқарақ етіп бетіңізге жағыңыз. 10-15 минут ұстап, жуып тастаңыз.

Осы масканы жиі жасап тұратын болсаңыз көз айналасындағы қара дақтар көп ұзамай кетеді.

 

Томат шырыны

© pixabay.com

Томатта капиллярлардың қабырғаларын қатайтатын ликопин антиоксиданты бар. Томат шырынмен проблемалық аймақты сүртіп шығыңыз, 10 минуттан соң салқын сумен жуып тастаңыз. Бұл процедураны екі апта бойы күнделікті жасаңыз.

 

Ақжелкен қосылған сүзбе маскасы

© Ana_J/pixabay.com

Сүзбе теріне тамаша нәрлендіреді, ал ақжелкен қара дақтармен күресетін тамаша құрал.

  • Ақжелкеннің 1 үлкен қасық үгітілген жапырақтары мен бұтақтарын 2 шай қасық майлы сүзбе мен 1 шай қасық қаймақпен араластырыңыз.
  • Қоспаны проблемалы аймаққа қойып, 15 минут күтіңіз, кейін салқын сумен жуып тастаңыз.

Осы масканы жиі пайдалану теріңіздің жағдайын жақсартады, көз айналасындағы қара шеңбер мен ұсақ әжімдер қатты көрінбейді.

 

Массаж бен жаттығулар

© Ольга Сологуб/takioki.ru

Бұл әдістер көз астындағы шеңберден арылтып қана қоймай, көру қабілетіне де оң әсер етеді.

Массаждан бастайық:

  • Саусақтарыңыздың ұшымен көз айналасын 2-3 минут ақырындап уқалаймыз. Төменгі қабақтың бойымен самайдан кеңсірікке қарай жүреміз. Көз алмасына түсетін артық күшті болдырмас үшін үстіңгі қабаққа тиіспейміз.
  • Массаждан кейін көз айналасына жағатын креміңізді жаққан дұрыс. Оны жағып жатқанда теріңізді созып немесе қозғалтпауға тырысыңыз.

Енді жаттығуларға көшуге болады:

  • Көзіңізді жұмыңыз, әжім түспес үшін сұқ саусақтарыңызбен көздің сыртқы бұрышындағы теріні ұстап тұрыңыз.
  • 6 секундқа көзімізді қатты жұмамыз, кейін қабағымызды босаңсытамыз. Бұл жаттығуды кем дегенде 10 рет қайталау керек.

 

Шөптен жасалған мұз

© Olga Mishenkina

Мұз өз бетінше теріге пайдалы: ол оны иілгіш етеді, әжімдерді тегістейді, ісінуді басады. Ал егер сіз шипалы шөптерді мұздатып қоятын болсаңыз, оның әсері еселене түседі.

Сізге қажет заттар:

  • шатыраш шөбі
  • түймедақ пен кекіре гүлдері
  • ақжелкен (жас немесе кептірілген)

Дайындау:

  • Әр шөптен 200 мл суға 1 шай қасықтан аламыз.
  • Қайнаған су құйып, 2 сағат ұстаймыз.
  • Суыған соң мұз пішіндеріне құйып тоңазытқышқа саламыз.

Таңертең қабақ пен көз айналасындағы теріні шөптен жасалған мұзбен 30 секунд сүртеміз. Екі апта бойы осы процедураны істесеңіз, оң әсерін береді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз