Өлең, жыр, ақындар

Назарбаев университеті бір студентті 87 мың долларға оқытады

Nazarbaev University бiлiм ордасында 4 жыл бойы бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу орта есеппен 87 мың долларды құраса, магистратура – 36 мың доллар.

Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев түлектердi құттықтау кезiнде айтқан деп хабарлайды bnews.kz.

«Бiз бұл университеттiң әлемдiк деңгейдегi ғылым-бiлiм орталығы ретiнде қалыптасқанын мақтан тұтамыз. Мен бұл туралы бұрыннан берi армандаған болатынмын. Университетте бiлiм студенттерге тегiн берiледi. Назарбаев университетiнде бакалавриат бағдарламасы бойынша 4 жыл бойы оқу орташа алғанда 87 мың долларды құраса, магистратура – 36 мың доллар. Бұл шығындардың барлығын мемлекет өтейдi, себебi мемлекетке кадр қажет», - дедi Қазақстан президентi.

Нұрсұлтан Назарбаев NU түлектерi Қазақстанды күрделi бәсекелестiк жағдайларда жаңа технологияларға жетелейтiн ұрпақ екендiгiне сенiм бiлдiрдi.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Дастан

Ужс

Жаңабек

Назарбаев мектептерінен қазақ тілін білмейтін, орыс тілін ағылшын акцентімен сөйлейтін түлектер шығып жатыр. Біздің үш тілде оқытудағы жетістіктеріміздің көрсеткіші.

Ажар

Ағылшын тілін үйретіп шетелге жібереміз

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар