Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

2017 жылдан орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін меңгеру кемшіліктері жойылады

Алдағы жылдан бастап орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін меңгерудің жаңа әдістемесі енгізіледі. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.

«Мемлекеттік тілді одан әрі қарай дамыту және жаңа әдістемені енгізуге тоқталатын болсақ, бізде жыл сайын қазақ тілінде оқитын оқушылар саны өсуде. Бүгінде жетпіс пайыз мектеп оқушылары қазақша білім алуда. Биыл балалардың 72 пайызы қазақ тілінде  ҰБТ тапсырды.  2016 жылы жоғары оқу орындарына бөлінген гранттардың 80 пайызы мемлекеттік тілдегі мамандықтар. Бірақ, әлі де шешілмеген маңызды мәселені айтатын болсақ, орыс мектептерінде қазақ тілі оқытылса да, олар мемлекеттік тілді күнделікті өмірде қолданбайды. Сол мектептерде жаңа әдістеме керек болып тұр және оны барлығымыз түсінеміз», - деді министр.

Осы ретте Е. Сағадиев жаңа әдістемені бірлесіп дайындауға отандық ғалымдар мен әдіскерлер жұмылдырылғанын айта келе: «Әдістеменің негізгі жобасы дайын және ол кешегі сессияда таныстырылып, талқыланды. 2017 жылғы оқу жылынан бастап орыс тілінде оқитын балаларға қазақ тілін үйрететін сол жаңа коммуникативтік технологияларды енгізе бастаймыз. Дариға Нұрсұлтанқызы (Премьер-Министрдің орынбасары), Сіздің  берген тапсырмаңызға сәйкес, әдістеме әрі қарай оқушылармен бірге ересек адамдарға да ұсынылады», - деді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...