Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

ҚР БҒМ мұғалімдер жалақысын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады

ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігі мұғалімдер еңбегін төлеу жүйесін өзгертуді жалғастырады. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.

«Орта білім саласында біздің ең басты жетістіктеріміздің бірі - ол 2016 жылдан мұғалімдер жалақысын арттыруға қатысты. Бұл ең маңызды мәселе. Бұдан әрі қарай да ұстаздар үшін еңбекті төлеу жүйесін өзгерту мәселесі бойынша жұмыстарды жалғастырамыз. Біз педагогтың жұмысы оңай емес екенін түсінеміз, алайда мұғалімнің сабақ беру сапасы да сәйкесінше өсуі керек. Осы бағытта жұмыс істейтін боламыз», - деді ведомство басшысы.

Осы ретте ол кадрларды қайта даярлау бағдарламасы кеңейтілгенін айта келе, биыл жазда бастауыш мектептің 73 мың мұғалімі оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұны бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткенін жеткізді.

 «Олар бұл мазмұнды лайықты деңгейде бағалап, оның жұмыста қолайлы екенін айтты.  Сонымен қатар биыл барша деңгейлер үшін әзірленген жаңа мемлекеттік стандарттар бекітілді. Осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылды және олар үздік әлемдік стандарттарға сай келіп отыр», - деді ол.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...