Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы жаңа мектеп-лицейде болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы №84 мектеп-лицейде болды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Елбасы мектептің оқу сыныптарын аралап, мұғалімдермен әңгімелесті.

Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарды жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, тәуелсіздік жылдарында білім беру саласын дамыту және қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру үшін мемлекет көп күш-жігер жұмсағанын атап өтті.

- Көптеген жастарымыз шет елдерде білім алуда, бұл жылдарда еліміз бойынша 1700-ден астам мектеп, соның ішінде зияткерлік мектептер ашылды. Биыл 60 жаңа оқу орнын ашу жоспарлануда. Осы қадамдар жас ұрпақтың өсіп-өркендеуі мен еліміздің болашағы үшін жасалып отыр. Бұл мектеп шейх Халифпен келісім негізінде соның қаражаты есебінен салынды. Сол үшін оған алғыс айтамын, - деді Қазақстан Президенті.

Жалпы ауданы 14 мың шаршы метр болатын, 1200 оқушыға лайықталған жаңа мектептің 48 оқу кабинеті бар. Білім беру қазақ және орыс тілдерінде екі ауысым бойынша жүзеге асырылады.

Оқу орнының инфрақұрылымы 30 орындық оқу залы бар кітапхананы, 360 орындық мәжіліс залын, спорт залын, жүгіру жолағын, сондай-ақ футбол, баскетбол, волейболмен айналысуға арналған алаңдарды қамтиды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...