Өмірдің кішкентай сырлары

Көп көп күлімде! Күлімдегенге шығын кетпейді, бірақ құн жетпес жетістіктерге жол ашады.

Батыл бол! Болмасаң да солай көрін.

Адамдарды аттарымен ата.

Майда-шүйдеге (болмашыға) алаңдай берме!

Алғашқы әсерлерге сенбе!

Досыңа қарыз бергенде абай бол! Екеуін де жоғалтып алуың мүмкін!

Жоғалтатын ешнәрсесі қалмағандардан ұзақ бол!

Ешкіммен араңды үзбе!

Үлкен сөз бер бірақ орындаусыз қалдырма!

Өмірдің әрдайым әділ болуын күтпе!

Шешім шығармай тұрып екі тарапты да тыңдап ал!

Тартымды, ұнамды бол! Ешкіммен араңды суытпа!

Саған көмегін бергендерге алғысыңды білдір!

Басшыларды дұрыс тағайында!

Уақытты және сөздеріңді мұқият қолдан! Қайта келмейді!

Әдемі киін! Адамдар киімге қарап қарсы алады!

Кең бол! Шүкір ет!

Берген насихаттарыңа қайшы әрекеттерден сақ бол!

Бастаған әрбір ісіңді бітір!

Ешкімнің сөзін бөлме!

Қонаққа келгендерді тұрып күтіп ал!

Аз танитын адаммен кезіккенде қолыңды созып атыңды айт. Ол сені танымай тұруы мүмкін!

Телефонды сенімді дауыспен көтер!

Өлмей тұрып өзіңе мазараттан жер сатып алып жиі-жиі барып тұр!

“Қап” деудің орнына “келесі жолы” деп айтуды сынап көр!

Үнемі “мен дұрыспын” дейтін адамнан күмәндан!

Жұмыс бітпей тұрып толық ақшасын өтеме!

Сені құшақтағанда бірінші болып ол қолын жіберуін күт!

Қарның аш кезде азық-түлік сатып алуға барма!

Өлімнен басқа ешнәрсе көрінгеніндей маңызды емес!

Ең терең сезімдік қажеттілік – марапатталу сезімі.

Бір жұмыс таппай тұрып жұмыстан шықпа!

Тыңдай біл! Кейбір мүмкіндіктер есікті ақырын қағады!

Кең пікірле, бірақ майда нәрселерден де нәр алуды ұмытпа!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (4)

Бастаған әрбір ісіңді бітір!

Кең пікірле, бірақ майда нәрселерден де нәр алуды ұмытпа!

Makpal90

Оте керемет. 

Алишер

Өлмей тұрып өзіңе
мазараттан жер сатып
алып жиі-жиі барып тұр!
мынау біртүрлі екен

Ерхан

Неге? Бəрібір алу керек болады ғой)) Өлімді ойлап: ғибрат аласың, өмірдің қысқа екенін түсініп, қадірін біліп, əр сәтті тиімді əрі мағыналы өткізуге тырысасың, айналаңдағы адамдардың қадірін түсінесің.....

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)