Өлең, жыр, ақындар

Қазақстанда қос тілде сабақ беретін мұғалімдердің айлығы өсуі мүмкін

Білім және Ғылым Министрі Ерлан Сағадиев қос тілде сабақ беретін мұғалімдердің айлығын көтеру жоспарда екенін мәлімдеді. Бұл туралы "Казахстанская правда" басылымына сілтеме жасап Qamshy.kz  хабарлайды.

"Осы жылы біз жаңа ережелер жасап жатырмыз. Оқытушылар жоғары санатқа өткенде жалақылары да жоғары болады. Оқушыларға қос тілде білім беретін ұстаздардың айлығын көтеруді жоспарлап отырмыз. Нормативті құжаттар дайын болған кезде, біз бұл жайлы бөлек хабарлаймыз", - деді министр журналистерге.

"Соңғы білім реформасына сай қазақстан мектептері үш тілде білім беру жүйесіне өтеді. Биылғы бірінші сыныптар осы үш тілде білім алушы алғашқы мектеп оқушылары болмақ. Бірінші сынып оқушылары үшін жаңартылған барлық пәнге қатысты базалы "Сауат ашу" пәні енгізіледі.

Келесі жылдан бастап 2, 5, 7-сынып оқулықтары жаңартылады. Төрт жыл ішінде орта мектептердің барлық сыныптары біртекті базалы оқулыққа – көшеді", - деп атап өтті мекеме басшысы.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар