Жарнама

Жылан уы

Жылан уы — улы жыланның сілекей безінен шығатын улы зат. Ақшыл сары не көкшіл түсті сұйық. Құрамы альбулин, глобулин, ферменттер, су, тұздар т. б. Құрғақ түрінде 23 жылға дейін сақталады. Жылан уының қасиеті жылан түріне байланысты, мысалы, сұр жылан уында қан құйылуына әсер ететін геморрагин, ал көзілдірікті жылан уында нерв жүйесіне әсер ететін нейротоксин болады. Сондықтан жылан шаққанда адамға әр түрлі әсер етеді. Жылан уынан медицинада май, сұйық түрінде дәрілер дайындайды. Ол дәрі-дәрмекті дәрігердің рұқсатымен түрлі ауруларды (бронх демікпесі, ревматизм, артрит т. б.) емдеуге қолданады. Қолдану әдісі — ауырған органға сыртынан жағу, кейде укол арқылы егу. Жылан уын туберкулез, бүйрек, бауыр, қантты, қантсыз диабет т. б. аурулары бар адамдарға қолдануға болмайды.

Жылан шағу — улы жыланның сілекей безінен шығатын улы заттың адам мен жануарларға әсер етуі. Жылан уы – иіссіз, ақшыл сары не көкшіл сұйық. Удың әсері жыланнын түріне, жарақаттың тереңдігіне, удың мөлшеріне, дененің қай жерін шаңқанына байланысты. Жылан жылқы, қой, сиырды жиі, шошқаны өте сирек шағады. Жылқыны көбіне тұмсығынан шағады, удың әсерінен жылқының тұмсығы ісіп, 10-20 мин-тан кейін уланғандықтың белгісі білінеді уақтылы емдемесе өледі. Қалқантұмсық жылан уының 0,0015 г-ы қоянды, 0,008 г-ы итті өлтіреді. Улы жыландардан сұр жылан, көзілдірікті, қалқантұмсық жыландар жиі кездеседі. Сұр жыланның уы малдың нерв жүйесіне өсер етеді, мал еліреді, жүрек соғуы баяулап, ентігеді, ақырында әлсірейді. Шаққан жер ісініп, көпіріп, тері асты жидиді. Козілдірікті жылан уынан малдың жүрек соғуы бәсеңдеп, лоқсып, тынысы тарылып тұншығады. Ал қалқантұмсық жылан шаққан жер қатты ауырып, талаурап ісінеді, мал өте шаршап, қалғиды. Жылан шаққанда көрсетілетін жәрдем: шаққан жерден жоғары қатты қысып байлап, удың таралуына кедергі жасау. Новокаин, марганец қышқыл калий, мышьяк, хлорлы аммиак т. б. дәрі-дәрмек қолданып, удың зәрін қайтару.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)