Эссе және өлең-жыр байқауы

Жапонияда өткен Жер туралы олимпиададан оқушыларымыз олжалы оралды

Жапонияның Осака қаласында өткен Жер туралы олимпиадада қазақстандық оқушылар бақ сынады. Астана қаласы №4 гимназия-мектебінің 10-сынып оқушысы Жағыпарова Әлия, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Аймухамбетова Әзиза, Баймурзина Әдия және Төлегенова Аружан қатарлы төрт оқушы ел намысын қорғап қайтты.

Жер туралы халықаралық ғылыми олимпиада (IESO – International Earth Science Olympiad) – геология, метеорология, мұхиттану және астрономия пәндері бойынша орта мектеп оқушылары арасында жыл сайын өтіп тұратын сайыс. Бұл олимпиадаға аталмыш бағытта мемлекеттік жеңімпаз атанған оқушылар ғана бақ сынай алады.

Биыл Осака қаласындағы халықаралық сайысқа әлемнің 33 елінен 300-ден астам үміткер қатысты. Ел абыройын асқақтатып қайтқан оқушыларға алғыс білдірген ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек олардың жетістіктерін атап көрсетті.

"Жапонияның Осака қаласында өткен IESO – 2016 Жер туралы халықаралық ғылыми олимпиадасына бір топ жас геологтарымызды шығарып салған едік. Сол жас ғалымдарымыз барша қазақстандықтардың сенімін ақтап, елге жүлдемен оралды. Астаналық №4 гимназия-мектебінің 10-сынып оқушысы Әлия Жағыпарова жеке сынақта қола медаль жеңіп алды. Оған қоса, халықаралық команда құрамында Жер туралы ғылымдар жөніндегі жобада (Earth Science Project) бірінші орынға ие болды. Ал Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Әдия Баймурзина ITFI (Халықаралық командалық далалық зерттеу) командалық сайыста бірінші орынға ие болды. Оның сыныптастары Әзиза Аймухамбетова мен Аружан Төлегенова да барлық сайыстарға белсенді қатысып, жарысты абыроймен аяқтады" - деп жазады ИДМ Жеңіс Қасымбек.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (1)

Арайлым

Құтты болсын! Жарайсыңдар!

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...