Өлең, жыр, ақындар

Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған алғашқы мектеп-интернат елдің шығысында бой көтеруде

Өскеменде 100 орындық Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған алғашқы «Ақ ниет» мектеп интернаты салынуда. Өңір басшысы Даниал Ахметов облыстық білім беру басқармасының басшысы Айжан Садықовамен бірге құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Мұнда болашақ интернатта тұратындар үшін мектептің күллі аумағы бойынша тосқауылсыз орта құрылады. Бұл пандустар, кең дәліздер,  табалдырығы жоқ кең есіктер, арнайы жабдықталған гигиена бөлмелері. Ғимарат 5 тұрғын секциясынан тұрады, олардың әрқайсысы 20 тәрбиеленушіге арналған ұяшықтан тұрады. Өз кезегінде ұяшық 3 адамнан аспайтын сыйымдылықпен тұрғын бөлмелерден, үй тапсырмалары мен оқу пәндері бойынша дербес жұмыстар бөлмесінен, қосалқы, санитарлық-тұрмыстық үй-жайдан тұрады.

Сабаққа арналған бөлмелер лингафондық жабдықпен жарақталған.

Интернатта сондай-ақ дәрігерлік арнайы кабинеттерден және т.б. құралған медициналық пункт бар. Мектеп интернатта мамандар балаларға медициналық-психологиялық көмек ұйымдастырады. Қабаттарда көз дәрігері, рефлектолог, сурдолог ем кабинеттері көзделген. Бір сөзбен айтқанда, жобамен ерекше балалардың жайлы жағдайы үшін қажеттінің бәрі қарастырылған.  Әрі, балалар 9 сыныптан кейін қала колледждерінде мамандық ала алады, деді әкімге басқарма басшысы.

Оның айтуынша, облыстың қалалары мен аудандарында тірек-қозғалтқыш аппараты, көру, есту, сөйлеу жағынан кемістіктері бар балаларды жинау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде 76 өтініш келіп түсті. 1-2 сынып оқушыларын мектеп-интернат базасында оқыту жоспарлануда. 3-11 сыныптарға  инклюзивті түрде №15, 37, 14 және 16 мектептерде өтеді.

Мектеп интернаты жылдың аяғында пайдалануға берілуі тиіс. Қарау барысында анықталғандай, құрылысшылардан жұмысты 1 қыркүйекте аяқтауды өтінген, олар  уәде берген. Өкінішке орай, жұмыс аяқталмады, жылдың аяғында, яғни жобалық мерзімде тапсырылады. Бір жағынан жұмыстың орындау мерзімі құжатқа сәйкес келеді. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар