Тарту-таралғы

Халық таныған елдің құрметті адамдарына сый-сыяпат жасаудың бір жолы - оларға тарту-таралғы ұсыну. Бұл - қалыптасқан ел дәстүрі. Бұл - біреуді байыту немесе біреуге жағыну емес, құрметтеу, сол адамның мәртебесін көтеру, еңбегін бағалау. Батырды, ақынды, шеберді, шешенді халық осылай бағалап, осылай сыйлаған. Мұндай тартуға жүйрік пен жорға, қара нар, қалы кілем, күмістелген ер-тоқым, құндыз бөрік, зер шапан, кісе белбеу тағы басқа қымбат бұйымдар жатады. Егер атағы шыққан адамдар келіп, оларға мұндай құрмет көрсете алмаса, жолдан жығылады. Бұл - азаматқа үлкен мін, кемшілік, әрі ұят іс, қатардан қалу деген сөз. Тарту - елдің кеңдігін көрсететін тәрбиелік мәні бар әдет-ғұрып.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сайттан іздеу

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет

Жарнама