Өлең, жыр, ақындар

Өзге елдегі студенттердің жатақханалары

Түрлі мемелекеттерде студенттер қандай жағдайда тұратындарын бірге тамашалайық.

ОАР

© domusweb.it

  © MillJunction / Facebook.com  

Mill Junction, Йоханнесбург. Қалада студенттерді жайғастыратын орындар аз болғандықтан, ескі элеватор осы мақсатқа өзгертілген. Ғимаратта 11 қабат және көптеген жайлы бөлмелер бар.

 

Австралия

© anu.edu.au

© anu.edu.au

Burton & Garran Hall, Австралия ұлттық университеті, Канберра. Университеттің 15 жатақханасының бірі. Студенттер қай жатақхананы таңдаса да өз еркі, орын бәріне жетеді.

 

Куба

© studyabroad.arcadia.edu  

© studyabroad.arcadia.edu

Гавана университетінің шетелден келген студенттерге арналған жатақханасы, Гавана. Ғимарат студенттердің баспанасынан гөрі тұрғын үйге ұқсайды.

 

Канада

© gf.eeb.utoronto.ca

  © chestnutresidence.utoronto.ca

Chestnut Residence, Торонто университеті, Торонто. Оқу жылы кезінде ғимарат жатақхана қызметін атқарса, жазғы демалыста қонақ үй қызметін атқарады.

 

АҚШ

© blogs.brandeis.edu

  © 12ilcatbrown.blogspot.com

Брандей университетінің жатақханасы, Бостон, Массачусетс. Оқу орнының жатақханаларының бірі 1928 жылы салынған Usen Castle  атты қорғанда орналасқан.

 

Жаңа Зеландия

© Wikimedia Commons

  © auckland.ac.nz

O’Rorke Hall, Окленд университеті, Окленд. 12 қабатты ғимарат жыл сайын 350 студентті қабылдайды. Барлық қажетті қолайлықтардан бөлек ойын бөлмесі және волейбол алаңы бар.

 

Германия

© wanderella.wordpress.com

 © heinze.de

Олимпиадалық қалашық, Мюнхен. Мюнхен университетінің жатақханаларының бірі бұрынғы олимпиадалық қалашықта орналасқан. Студенттерге жайлы, әрі ғимарат бос қалмаған.

 

Эстония

© baulinks.de

© novate.ru  

Кәсіби оқу ортылығының жатақханасы, Валга. Ғимаратта рекордты терезе орналастырылған – 410. Әр терезе аралардың ұясы сияқты алты қырлы болып жасалынған.

 

Нидерланды

© somosin.wordpress.com

© utwente.nl

Твенте университетінің жатақханасы, Энсхеде, Оверэйссел провинциясы. Бұл кампустың ерекшелігі – ғимараттың бірінде биіктігі 30 метрлік құзға шығуға арналған қабырға бар.

 

Израиль

© menorahgroup.com

© xnet.ynet.co.il

Broshim жатақханасы, Тель-Авив университеті, Тель-Авив. Жатақханада тұру ақысы арзан емес: орташа айына $800. Есесіне студенттер тар бөлмелерде емес, толығымен жабдықталған пәтер-студияларда тұрады.

 

Ұлыбритания

© ncl.ac.uk

  © thestudentroom.co.uk

Ньюкасл университетінің жатақханасы, Ньюкасл-апон-Тайн, Англия. Ғимараттың сырты ескі көрінгенмен, іші толықтай заманауи керек-жарақпен қамтылған.

 

Оңтүстік Корея

© gesineindaegu.wordpress.com

© gesineindaegu.wordpress.com

Кеймюнг университетінің жатақханасы, Тэгу, Кёнсан-Пукто провинциясы. Жатақханада жалпы қонақжай бөлмесі, асүй және кір жуатын орыннан бөлек спортзал және кішігірім кинотеатр бар.

 

Ресей

© alexhitrov.livejournal.com

  © primorye24.ru  

Қиыр шығыс федералды университетінің тұрғын корпусы, Владивосток. Кампус өте кең әрі қолайлы. Жаңадан келгендерге дәліздерде бағдар алу қиынға соғады. Жер бедерінің ерекшелігінен ғимараттың кей бөліктері ылдида орналасқан, сол себепті қабаттардың арасынан жаңылыс болады.

 

Мальта

© study.today

© study.today

Clubclass Malta University Residence, Лия. Аумақта оқу сыныптары мен жатақханадан бөлек бассейн, фитнес-орталығы, аэробика студиясы, ойын бөлмесі, интернет-кафе, кір жуатын орын, пиццерия, паб және ресторан бар.

 

Кипр

© espaergasia.gr

© educatedtravel.com.ua  

 «Неаполис» университетінің жатақханасы, Пафос. Жоқ бұл мейманхана емес, нағыз студенттік қалашық. Қалашықта оқу, жұмыс істеу және демалу үшін барлығы қарастырылған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Сауль

Эстонияның жатақханасы мықты екен!

altybaeva96

Мағанда Эстония ұнады. 

Жанар

Твенте университетінің жатақханасы тіпті керемт!!!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз