Сноубординг

Сноубординг (ағылшынша snowboarding, snow – қар және board – тақтай) – сноубордпен тау бөктерінен шапшаң сырғанап түсетін, арнайы трассада акробатикалық элементтерді орындаудан тұратын спорт түрі.

Сноуборд – жиегінде екі аяққа арналған бекіткіштер орнатылған тақта.

Тарихы

Сноубординг 1960 жылдары пайда болды. Қазіргі сноубордингтің негізін қалаушы американдық Шерман Поппен болып есептеледі. Тәжірибелі серфингист Поппен жаңа ойын түрін ойлап тапты. Ол екі тау шаңғысын біріктірді және алдыңғы бөлігіне снарядты басқаруға мүмкіндік беретін арқанды бекітті. Туындысын  «снерф» (ағылш. snurf –  snow мен surf) деп атады.

1970 жылдардың басында қазіргі сноубордқа көбірек ұқсайтын тақта пайда болды. 70–80 жылдары Джейк (Карпентер) Бертон, Чак Барфут, Том Симс және басқалары оның құрылысына көптеген негізді жетілдірулер енгізді. Ал 70 жылдардың соңында-ақ «Бертон» және «Симс» тәрізді бірнеше  сноуборд сауда белгілері тіркелді.

80 жылдардың басында сноубордта алғашқы жарыстар өтті. 80 жылдардың ортасында снорборд серпілісі шыңына жетті.

Сноубординг және оның түрлері

Сноубординг тау-шаңғы спортының табиғи жалғасы ретінде пайда болды. Сноуборд жылдамдық жағынан шаңғыдан біршама артта қалады (100 км/сағ 150-ге қарсы), бірақ әсер алу жағынан алдыға шығады. Сонымен бірге  сноуборд-техниканың негізін иегеру оңайырақ, ал тақта басқаруда еркін.  

Тау-шаңғышыларына қарағанда, сноубордисттер (оларды, сонымен қатар «бордерлер», немес «райдерлер» деп те атайды) қозғалыс бағытына қарай тіке емес, жанымен тұрады (серфингтен алынған). Сонымен бірге спортсменнің тұрысының да мағызы зор. Өз араларында алдыға сол аяғымен жүретін сноубордистті – «регуляр» (ағылш. regular), ал оң аяғымен жүретінді – «гуфи» (goofy) деп атайды.

1998 жылы Наганода өткен қысқы Олимпиада ойындарында сноуборд алғаш рет олимпиадалық бағдарламаға енгізілді.  

Слалом

Слаломның (норвег slalom) жалғыз, параллельді, слалом-гигант, супергигант және параллельді гигантты – сонымен бірге сноубордкросс деген түрлерінен тұрады. Жарыста трассаны бірінші болып өткен спортсмен жеңіске жетеді.

Слалом бойынша жарыстар тау бөктерлерінде өтеді (биіктіктің белгілі ауытқуымен трассаның ені бойынша) және бір-бірінен тау-шаңғы дисциплиналарына ұқсас ерекшеленеді.

Сноубордкросс (ағылш. snowboardcross) – ұзындығы  2000 метрге дейінгі трассамен еркін сырғанап түсу (және ені 30 метрден кем емес). Бір мезгілде  4–6 адам қатысады. Спортсмендер секірістер, айналымдар жасайды, бөгеттерден өтеді және т.б.

Фристайл (ағылш. freestyle еркін стиль) трюк жасау арқылы сырғанайтын жарыс дисциплинасы. Трюктары секіру, айналу, сальто, грэп және т.б. тұрады.

Хафпайп – нағыз қардан жасалған арнайы еңіс астауда сырғанау (ағылш. half-pipe – жартылай труба). Бұл астау скейтбордист пен роллерлер сырғанайтын алаңға ұқсайды.

Биг эйр (ағылш. big air, үлкен кеңістік) – арнайы трамплиннан секіру. Келесі фазалардан тұрады: екпін, секіру және қону. Секіру ұзақ және көзтартарлық болу керек. Секіру амплитудасы, трюкты орындау, қонудың тазалығы мен нақтылығы бағаланады.

Слоупстайл (ағылш. slopestyle, slope – бөктер және style – стиль) – екі немесе одан да көп қатарда орналасқан фигуралары бар трассадағы жарыс. Трассаны өткенде спортсмен қай теліммен өтетін таңдау мүмкіндігі бар.

Фрирайд (ағылш. freeride – еркін маршрут) – қиын және қауіпті тау бөктерлерімен сырғанау. Бұл фристайл мен слаломды біріктіретін, сноубордингтің ең экстрималды түрі.

 

Денсаулыққа пайдасы

Сноубордпен айналысқанда барлық бұлшық еттер тобы қозғалысқа келеді, әсіресе аяқ, жамбас, іш және бөксе бұлшық еттері. Сонымен қатар сноубординг вестибулярлы аппаратты нығайтады, жүрек-қан тамыр және тыныс алу жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді, қанды оттегімен қанықтырады. Бұл спорт түрі төзімділікті, қозғалыс координациясын дамытады және зат алмасу мен тепе-теңдік сезімін жақсартады. Оның тағы бір ерекшелігі психикалық денсаулыққа қажет жақсы әсерлер сыйлайды. Баланың өзіне деген сенімділігін арттырады. Денсаулықты нығайту үшін сноубордқа аптасына кем дегенде 1–2 рет тұрып, бір сағаттан астам сырғанау керек.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)

Пікірлер