Өлең, жыр, ақындар

Дариға Назарбаева келер ұрпақтан «бес» деген баға күтеді

Білім саласында барлық мәселелерді шешуге қауқарлымыз. Бүгін Астанада «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпаздарын құттықтау салтанатты жиынында  ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева осылай мәлім етті.

«Осы жолда біз бір жақтан екінші жаққа ауытқыған сәттеріміз болғаны рас. Және ағарту саласы да кейде ойланбай жасалған реформалардан көп қиындықтар көрді. Десек те, тәжірибе - өмірдегі ең қымбат нәрсе екендігін ұмытпайық. Қазір тәжірибе бар. Қолдан келгенше жақсарып келеміз, барлық мәселені шешуге болады. Сондықтан, келер ұрпақ «өте жақсы» деген баға қою үшін бәрін істеуге тиіспіз. Мүмкін, «төрт» деген баға қояр, кім білсін...», - деп тоқталды Дариға Назарбаева.

Салтанатты шара барысында Сенат депутаты ұстаздарға өз құттықтауын жеткізді.

«Құрметті білім беру саласының еңбеккерлері, Ұстаздар, Ағартушылар, Тәрбиешілер, Педагогтар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Аман-сау және бақытты болыңыздар, қымбатты Ұстаздар!» - деді Сенат депутаты.

Айта кетейік, еліміздің ең үздік мұғалімдерін анықтаған байқауға республиканың барлық өңірлерінен мектепке дейінгі және орта білім салаларында қызмет етіп жүрген ұстаздар, сондай-ақ, техникалық және кәсіптік білім саласының инженерлік-педагогикалық мамандар қатысты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар