Өлең, жыр, ақындар

Транс майлар

Америкалық азық-түлік және дәрі-дәрмек бақылау орталғы (FDA) Америкада дайын азықтардағы транс май қолданымына тыйым салды. Оның артынша Еуропалық кардиология орталығы іске кірісіп Еуропада да осы мәселенің күн тәртібіне енуіне ат салысуда. Транс май дегеніміз табиғи өсімдік майларының сутегі газымен өңделіп химиялық құрамының өзгертілуі. Яғни бұлар толығымен синтетикалық, яғни жасанды майлар болып табылады. Қалыпты майлардың да (үйде де) тұрақты түрде жоғары температурада күйдірілуі, қуырылуы да транс май қалыптастырады. Бұл майлардың қолданылу себебі азықтардың бұзылмай, ұзақ мерзімге жарауы. Сондай-ақ ең басты себеп бағасының өте арзан болуы. Транс майдың зияндылығы соншалық тіпті микроптар одан қашады, оңайшылықпен тіршілік етіп, көбейе алмайды. Үйде пісірген тоқаш, бәліштеріңіз аз уақытта ескіріп, бұзылып кеткенімен, маркеттердегі бәліштердің қалайша бұзылмастан айлап, тіпті жылдап сақталатынын ойлап көріңіз. Бұл зиянды майлар ең көп поп корн, чипс, фри, бисквит, вафля, шоколад, кекс, тоңазытылған тағамдар, балмұздақ, дайын шұжықтар секілді т.б. азықтарда қолданылуда. Дәм беруі үшін кафе, дәмхана, кондитер өнімдерінде де қолданысқа ие. Аурулардың артуына басты себеп болатын осындай химиялық өңдеулерден өткен азықтар.

Бұлардың зияндары:

- Жаман холестеринді (LDL) арттырып тамыр қатаюына алып келеді.

- Жақсы холестерин деңгейін азайтады.

- Қанда триглицерид мөлшерін көбейтеді.

- Қант диабетіне себеп болуда.

- Жүрек ауруларына себеп болуда.

- Омега 3 май қышқылдарының қызметін бұзады.

- Жүктілік кезінде баланың дамуын тежейді.

- Аллергиялық реакцияларды қоздырады.

- Жасушаларда мутацияға себеп болады.

- Семіздікке себеп болуда.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Бека кз

Кериешки ше

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз