Жастар және теледидар

Германиялық «STERN» журналындағы хабарда қазіргі таңдағы телеарналарда жауыздыққа, зұлымдыққа негізделген сахналардың тым көбейгендігі және бұл өз кезегінде жастардың бойынан мейірім, жанашырлық секілді сезімдерді, адами қасиеттерді ұзақтатып жатқандығы мәлімденді. Балалар мен жас жеткіншектердің теледидардағы жауыздық сахналарынан әсерленіп, алдарынан шыққан бірінші мүкіндікте-ақ бұларды іске асыруға ұмтылып жатқандығы жазылған мақалада бұл пікір соңғы кездері сот істеріне көптеп түсіп жатқан оқиғалардың салдарынан пайда болғанын шегеледі. Теледидарлардан күніне 70 жауыздық, ал аптасына 2700 зұлымдық сахналарын көруге болатыны пайымдалған мақалада бір баланың 12 жасқа дейін 14000 әртүрлі жауыздық істердің көрермені болатынын және қазіргі таңда балалар партада емес, теледидар алдында көп отыратыны, тәрбиені теледидардан алып жатқандығы баяндалды. Бұдан жас-кәрі бүкіл көрермендер де әсерленбеуі мүмкін емес дегенді айтқан ғылыми хабарда мұғалімдердің де осы тұрғыдағы шағымдарын тізбектеді. Балалардың теледидардан көрген нәрселерінен әсерленіп бұзылып бара жатқанынан алаңдаулы мұғалімдер жоғарғы жауапты өкілдерге бұған шара қолдануларын талап етіп отыр. Балалардың төбелестері бұрынғыдай жай ғана жырық, сырықтар емес, бас жару, қол сындыру т.б. ауыр жарақаттарға әкеп соғуда. Жасалған сауалнама нәтижесі де 69% жас жеткіншектердің күн сайынғы көбейіп жатқан жауыздыққа бейімделуімен бұзылып жатқандығынан теледидардағы зұлымдық және жыныстық үлгідегі көрсетілімдердің кесірі деп білетіндіктерін айтты. 

Оқуға кеңес береміз:

Теледидар және отбасы

Теледидардың көзге зияндары

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (1)

Ардақ

Теледидардан құтылу үшін планшет беріп қоюға болады))

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)