Романо салаты

Романо салаты – танымал қауданды жасыл салат, оны бүкіл әлем аспазханасында пайдаланады. Романо салаты, әсіресе Жерорта теңізі елдерінде танымал, мұнда одан өте көп тағамдар әзірлейді. Салат жапырақтары бозғылт-жасыл түсті, олар сөлді, әрі қытырлақ.

Салатты қаудандыға да, жапырақты салатқа да жатқызуға болады. Роман қауданы айтарлықтай болбырақ, ал жапырақтары тығыз және қытырлақ. Романоны латук салатының түршесі деп есептелінеді. Грецияның иелігіндегі Кос аралы Романо салатының отаны болып саналады. Романоны кос-салат деп атайды, сонымен бірге ол «римдық салат», «ромено» деген атаулармен белгілі.

Салат адамдарға бес мың жылдан астам уақыт белгілі. Римдік салатты гасторномиялық және мединалық мақсатты қолданады. Алғашқы уаққытта оны тек дәрілік құрал ретінде пайдаланды, уақыт өте келе адамдар өздері үшін осы бозғылт жапырақтардың ерекше дәмін ашты.

Өсіру

Романо салатын саяжай телімінде өсіруге болады. Сортын анықтағанда, Романо ерте пісетін немесе көктемгі, орташа пісетін немесе жазғы, кеш пісетін, сәйкесінше күзгі болатынын ескеру қажет. Ерте пісетін сорттарының қауданы кішігірім болады және 6-8 жапырақтан тұрады. Олар себілген соң 40-50 күннен кейін піседі. Орташа пісетін сорттары тұтынуға 50-60 күннен кейін дайын болады. Романо салатын өсіргенде ол міндетті түрде жеткілікті күн жарығын алу керек, себебі ол нитрат жинауға бейім келеді.

Салатты өсімдік гүл нұсқарын шығарғанға дейін тұтыну қажет. Гүлдеу кезеңінде салат өте ащы болып кетеді. Бұл өнімнің ащы дәмі 20 градустан жоғары температура, сонымен қатар топырақ пен ауаның төменгі ылғалдығы кезінде артады. Салаттың ащы дәмі өсімдіктің сөл бөлуімен байланысты. Ол сөлдің құрамында лактуцин (ащы алкалоид) деген заттек бар. Дұрыс өсіріп, өнімді уақытында жинағанда лактуцин салаттың дәмінде бұзбайды, әрі холестерин деңгейін түсіруге көмектеседі және асқорыту үрдісін жақсартады.

Пайдалы қасиеттері

Романо салатының пайдалы қасиеттері оның бай құрамымен байланысты. Жасыл жапырақтардың құрамында А және С дәрумендері, аминқышқылдары магний, селен, темір, калий және кальций бар. Табиғи аминқышқылдары адам үшін таптырмас зат, біздің ағзамызда олар 60-тан астам. Калий мен кальций жүрек қан-тамыр жүйесіне қажет, сонымен бірге олар адам ағзасындағы су-тұзалмасуын реттейді. Құрамында темірдің көп болуы гемоглобин деңгейін қалыптандыруға көмектеседі, құрамында темірі бар өнімдерді тұтыну қан аздықтың алдын алады. Салатты балғын күйінде тұтыну өте маңызды, оны сақтау жапырақтарының құрамындағы С дәруменін жояды, ал өнімнің өзі солғын және онша тәбет ашпайтын болып қалады.

Романо салатын қан қысымы жоғары адамдарға тұтыну ұсынылады. Ол су алмасуды реттейді, сонымен бірге буындарда тұз байналануға қарсы тұрады. Өнімнің құрамына кіретін заттектер жүрек ауруларының және қан жүйесі ауруларының жақсы алдын алады.

Өнімнің төмен құнарлылығы (100 граммға бар болғаны 12 килокалория) Романоны диеталық тағамдарды әзірлеуде қолдануға мүмкіндік береді. Диетологтар салатты артық салмақпен күресіп жүрген адамдарға ұсынады, салат семіздікке де көрсетілген. Салаттың бір порциясы ағзаны пайдалы микроэлементтермен, сонымен бірге зат алмасу үрдістерін реттейтін және асқорытуға көмектесетін жасұнықпен қандырады. Салат тез тойдырады. Ол аштықты тез басатындықтан, негізгі тағам қабылдау уақыттарының арасында құнарлылығы төмен жүрек жалғау ретінде қолданылса болады. Егер Романоны күніне бірнеше рет тұтынса, тәуліктік рационды 300-500 килокалорияға дейін азайтуға болады. Бұл салмағын қадағалайтын адамдар үшін айтарлықтай көрсеткіш.

Аспаздықта қолданылуы

Аспаздықта Романо салаты әйгілі «Цезарь» салатының құрамына кіреді. Бұл атақты тағамның бірнеше дайындалу нұсқасы бар. Романо жапырақтары, тауық, ақ кепкен нанмен жасалатын аспаздық рецепт дәстүрлі болып саналады. «Цезарь» салатының көптеген рецептері бар: оны албырттың жіңішке стейктарынан, пеште пісірілген тауықтың төс етінен дайындайды, салатқа черри томаттарын, тіпті авакадоны да қосады.

Романо салаты өзінің нәзік және жаңғақ тәрізді дәмімен танымал. Салат жапырақтары ет тағамдарымен, басқа салат түрлерімен, көкөніспен жақсы үйлеседі. Кос-салат қосылған тағамды кілегей әлде сүтті негіз ретінде алып, сарымсақ соусымен немесе басқа ащы тұздықпен араластырған жақсы. Романоны кейде бұқтырады немесе суға пісіреді, оны көкөністен жасалған рагуға немесе пюре-супқа қосады. Романо салатын жылумен өңдегенде оның дәмі спаржаға ұқсайды және кейбір аспаздық рецептерде оның орнын алмастыра алады.

Жерорта теңізі асханасында римдік салатты басқа да салаттармен және теңіз өнімдерімен үйлестіреді. Романоның жаңғақ тірңзді дәмі апельсин, жасыл пиязбен тамаша үйлеседі. Романо жапырақтарын салатқа қосқанда қолмен үзуге кеңес беріледі, осылайша олар пайдалы қасиеттерін көбірек сақтайды. Тағам бал, зәйтүн майы, қара ұнтақталған бұрыш қоспасымен араластырылады. Апельсин қосылған салатты ет тағамдарымен тұтынуға болады.

Романо салатының пайдасы мен емдік қасиеттері

Салаттың осы түрінің пайдасы жүрек немесе тамыр ауруларынан запа шегетін адамдар үшін таптырмас дәрі. Жеңіл сіңетін талшықтардың көп мөлшері артериалды қысымды қалыптандырады, тамырларды нығайтады. Романо салатының сөлі адреналинның шығуына әсер етеді, сондықтан бұл оны бүйрек безі ауруларын емдеуде ықпалды құрал етеді. Салаттың құрамында натрий 60%-ға жоғары, бұл оның ағзадағы су-тұз алмасуына әсерін қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек римдік салаттың кресс-салатқа қарағанда қышқылдығы төмен. Кейбір дерттердегі диеталық тамақтануда бұл қасиеті өте манызды.

Романоның (жалпы массадан 90%-ға дейін) жоғарғы қоректік құндылығы қауданның қалыптасуына екі апта қалғанға дейінгі кезеңде артады. Қолдану алдында салатты ағын ағын сумен жақсылап жуып алу қажет. Салатты тоңазытқышта бір күннен артық сақтамау керек.

Романо салатының зияны мен қарсы көрсетілімдері

Романо жеке қабылдамауда ағзаға зиян тигізуі мүмкін. Салат толықтай қауіпсіз, оны жүкті әйелдердің, балалардың, қарт кісілердің негізгі рационына қосып тұтынуға болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)