Бұғы

Петербордан жоғары Архангельский деген губерне бар. Соның көп жері сазды болып, шөп шықпайды, мүк шығады. Онда самоиед деген жұрттың күн көретіні бұғының бір түрлі тұқымы. Ол бұғының мүйізі тармақ-тармақ, жалпақ болады. Үлкендігі тайдай, жүні қара бурыл, жасаған сайын ағара-ағара, ақырында ақ боз болып кетеді. Еркегі жыл сайын мүйізін тастайды. Ұрғашысының да мүйізі болады, бірақ еркегінікінен кішірек. Баласын отыз жұмадай көтеріп, май айының ортасында табады.

Оттайтұғыны манағы мүк. Бұғының қол тумасы да болады. Ондағы жұрт сүтін ішіп, етін жеп, терісін киіп және терісінен үйлерін де жауып алады. Әйелдері тарамысынан жіп иіріп киім тігеді. Қанынан дәрі істейді. Шанасына жегіп жүреді. Бұғының тұяғы қарға батпайды. Жеңіл басып, қалың қардың үстімен иесінің тілеген жеріне жеткізеді. Бұғысы мыңға жеткен самоиед бай есебіне кіреді.





Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)