Өлең-жыр байқауы

100 профессорға жыл бойы үстемеақы төленеді - Қызылорда

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Ұстаздар мерекесіне орай «Ұстаз - білім шамшырағы» атты мерекелік кеш өткізді. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Шарада университет ректоры, т.ғ.д., профессор Қ.А.Бисенов ұстаздардың қоғамдағы орнына тоқталып, қонақ ретінде шақырылған ардагер-ұстаздарды, оқытушылар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

-  Халқымыздың даналығында: «Мың жылдығыңды ойласаң - ұрпақ тәрбиеле»  деген ұлағатты ұғым бар. Бұл - біздің рухани тірегіміз, ұлтымыздың болашағы, адамзат өркениетінің қайнар бұлағы, терең тағылымға толы - кемел келешегіміздің тірегі. Сондықтан ұрпақ тәрбиесінің қоғам алдындағы шынайы міндетінің салмағын да, мәнін де жүрекпен түсіне алатын, ұғына білетін қадірлі ұстаздар, Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтаймын! - деді ол.

Мерекелік кеш барысында 2015-2016 оқу жылындағы білім беру қызметіндегі жетістіктерін бағалау жөніндегі университет рейтингісі  бойынша ең жоғары балл жинаған 5 профессор-оқытушыға университет ректоры «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің үздік оқытушысы» медалін тақты. Жалпы, рейтинг қорытындысымен 100 профессор-оқытушыға жыл бойы төленетін үстемеақы тағайындалды.

Бұл үрдісті университет жыл сайынғы дәстүрге айналдырған.

Ұстаздарын ұлықтаған білім ордасында бүгінде 500-ден аса маман оқытушы болып қызмет атқарады. Оның 22-і ғылым докторы, профессор, 6-ауы PhD докторы, 217-і ғылым кандидаты мен доцент, 179-ы ғылым магистрі.

Сондай-ақ шарада бірқатар ұстаздар «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының Алғыс хатымен, «Қорқыт Ата атындағы Алтын медальмен», университет ректорының Алғыс хатымен марапатталды.

Ардагер-ұстаздар арасында өткен шахмат турнирінің нәтижесі жария етіліп, жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар берілді.

Шара соңы концерттік бағдарламаға жалғасып, ардагер-ұстаздарға ақ дастархан жайылды. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)