Эссе және өлең-жыр байқауы

«Болашақ» бағдарламасына құжаттарды тапсыру 14 қазанға дейін ұзартылды

Аталмыш бұйрыққа ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде қол қойды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бұйрыққа сәйкес, «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау мерзімі 14 қазанға дейін ұзартылды. Бұған дейін құжаттар 30 қыркүйекке дейін қабылданған болатын.

Халықаралық бағдарламалар орталығының мәліметінше, құжат «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 23 қыркүйекте жарияланған және күшіне енді.

2016 жылы «Болашақ» стипендиясына құжаттарды қабылдаудың екі кезеңі және олардың нәтижелері бойынша екі конкурстық іріктеу өткізілді. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия қорытындыларына сәйкес, 313 стипендия тағайындалды. Олардың 199-ы магистратура, 18-і докторантура, 96-сы тағылымдама бағдарламалары.

Үміткерлер құжаттарды «электронды үкімет» порталы, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға қолма-қол тапсыра алады. «Болашақ» стипендиясы «Магистратура», «Докторантура», «Резидентура» және «Тағылымда» бағдарламалары бойынша тағайындалады.

Қазіргі таңда Халықаралық бағдарламалар орталығы құжаттарды қабылдаудың үшінші кезеңі шеңберінде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді тарту мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...