Қазақстанда мектеп түлегі жүргізуші куәлігін алып шығатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметі отырысында еліміздің Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Балалардың жолда жарақат алу деңгейі азаймай отыр. Осыған байланысты алғашқы әскери дайындық оқу бағдарламасына оқушыларға көлік жүргізу, сонымен қатар жол қауіпсіздігі ережесін оқытуды енгізетін боламыз. Осының нәтижесінде мектеп бітіретін балаларға көлік жүргізу курсын бітіргендігі туралы куәлік беріледі. Мұғалімдерді қайта даярлауға қаражатымыз бар», - деді министр.
Оның айтуынша, бұл жайында еліміздің Қорғаныс министрлігімен арада келісім де жасалған.
«Процесс кезең-кезеңімен 2017 жылдан бастап қолға алынады», - деді Е.Сағадиев.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
20.03.2024 14:17
13.03.2024 22:14
29.02.2024 16:27
27.02.2024 17:21
09.02.2024 12:34
18.03.2024
18.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
06.03.2024
04.03.2024
27.02.2024
25.02.2024
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
Жандарбек
Бұл жақсы жаңалық, мектептен негізі керектің барлығын үйреніп шығу керек қой, өмірге дайын болып!
Шынатай Шерхан
Бұл өте керемет жаңалық екен.Мектептен жргізуші куәлігін беріп, оқытып шығаратыны туралы көп жыл бұрын айтылан еді. Орындалар!
Жанар
Оқушылар үшін жақсы,сонда 18 жасқа толмай жатып,көлік жүргізкге рұқсат берілетініма?