Өлең, жыр, ақындар

Биыл ОҚО-да 42 мектеп пен 6 балабақша пайдалануға берілді

Оңтүстік Қазақстан облысында үстіміздегі жылы жаңа 42 мектеп және 6 балабақша пайдалануға берілді. Нәтижесінде 11 апатты және 9 үш ауысымда оқытатын мектеп мәселесі шешілді. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков мәлім етті.

«Облыста әлеуметтік мәселелерді шешуге үлкен көңіл бөлінуде. ОҚО-да жұмыспен қамтуға жәрдемдесу кешенді жоспарын және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру аясында 53,5 мың адам жұмыспен қамтылды. Республикалық көрсеткіштің 3\1 бөлігін құрайды. 9,7 млрд теңге игерілді. Бағдарлама аясында жүргізілген шаралардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 0,1 пайызға төмендеп, 5,2 пайызды құрайды. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,6 пайызды құрап отыр», - деді ол.

Сондай-ақ, баспасөз алдында облыс басшысының орынбасары білім мен денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды.

«Үстіміздегі жылы жаңа 42 мектеп және 6 балабақша пайдалануға беріліп, нәтижесінде 11 апатты және 9 үш ауысымда оқытатын мектеп мәселесі шешілді. Сонымен бірге 37 мектепке дейінгі білім беру мекемелері ашылып, нәтижесінде балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту үлесі 83,3 пайызға жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 6 мың балаға артты», - деді Ұ. Сәдібеков.

«Денсаулық сақтау саласында жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде өлім-жітімдер туберкулезден 15 пайызға, онкологиядан 14,1 пайызға, қан айналымы жүйесінің ауруларынан 16,7 пайызға кеміді. Сонымен қатар нәресте өлімі 17,2 пайызға азайып отыр», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар