Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Мәскеуде қазақ тілі мен мәдениеті және тарихына арналған олимпиада өтті

«Елім менің». Мәскеуде өткен қазақ тілі мен мәдениеті және тарихына арналған олимпиада осылай аталды. Білім бәйгесі ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.kz.

Онда Ресейдегі қазақ диаспорасының өкілдері және жергілікті студенттер бақ сынады. Сондай-ақ 9 жастағы қатысушылар да қарым-қабілеттерін байқап көрді. Олимпиаданың алғашқы кезеңі мамыр айында өткен. Ал ақтық сынға үздіктері іріктелді. Олардың білім деңгейін Ресей ғылым, филология және әдебиет академиясының оқытушылары бағалады.

Сөйтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, Мәскеу лингвистикалық университетінде марапатталды.

Роза Тадинова, ұйымдастырушы:

- Қосымша жүлделі орындар болғанда 23 қатысушының жартысын марапаттайтын едік. Себебі олардың жұмыстары жоғары бағаға лайық. Қазақ тілін жан-жақты меңгерген екен.

Қатысушы:

- Осы олимпиадаға қатысуымның себебі қазақ тіліндегі деңгейімді байқап көру болды. Өз нәтижеме өзім ризамын. Екінші орын иелендім. Бірақ әлі де оқу керек. Тәжірибе алмасу керек деп ойлаймын.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...