Өлең, жыр, ақындар

Білім және ғылым министрлігінің сайтында электронды оқулықтар жарияланды

ҚР БҒМ алғаш рет өзінің сайтына оқулықтардың электрондық нұсқасын орналастыруда. Онда ең бірінші болып бірінші сыныптарға арналған мазмұны жаңартылған оқулықтар салынды.


«Енді әр оқушы, ата-ана, оқушы бұл электрондық білім беру ресурсына еркін кіре алады және оны өздеріне қолайлы кез келген уақытта пайдалана алады. Оқулықтардың электрондық нұсқасын қазақстандық баспалар берді, олар биыл барлық бірінші сынып оқушылары үшін оқулық шығарды», - делінген ҚР БҒМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомство атап өткендей, оқу құралын интерактивті берудің заманауи әдістері білім алуды кез келген жастағы оқушы үшін қызықты да тартымды ете түседі.

«Электрондық оқулықтарды пайдалану - қазақстандық білім беру жүйесінің жаңа технологиялық бағытына сәйкес келуімен қоса, оқушылардың бағдарламаға қызығушылығын артттырады», - делінген таратылған хабарламада.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

Киреевa Aружaн

рaхмет

Ерке

ҚР Білім және ғылым Министрлігіне Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының меңгерушісі Санай Гаухар апке бізге дипломдық жұмысты өзіміздің жазуымызға мүмкіндік бермеді. Диплом жұмысы 80000 тенге және мемлекеттік емтихан сұрақтарын бермей 5-ке бағаға 15000, 4-ке бағаға 10000 және диплом жазбайтын студенттерден 25000 тенгеден алды сендер диплом жазбайсыздар ереже сондай деп жинап алды. Оқу жылының басында диплом тақырыптарын бізге таңдауға мүмкіндік бермеді және оқу жылының соңында дипломдық жұмысты диплом қорғауға бір күн қалғанда әдіскер жазып берді. Біз студент болып диплом жұмыстың сапасын білеміз ал бізге берілген жұмыстардың тақырыбы мен мазмұны сайкес келмейді ол реферат ретінде жазылған. Кафедра меңгерушісі екі жыл бойы бізге сапалы білім берген жоқ, өйткені қарапайы сұрақтарға жауап бере алмайды. Әр топтан бума қағаздар, сендер үшін кабинет ашып жатырмын деп гулге, жыл сайын стенттерді ауыстырамыз деп айтады бирак стенттер жасалмаған, консерт дейді, газетке жазылу дейді, мұғалімдерге берілген қызыл крестке берілген билет ақщасын бізден жинап алады. Қайта қайта ақша жинайды. Кафедра меңгерушісі студенттерге және мұғалімдерге әрдайын айқайлап жүреді. Қызметтік бабын асыра пайдаланады (ол мен ректордың адамымын, маған ешкім ештене істей алмайсыңдар деп бізді қорқыта береді және мұғалімдер адам ретінде санамайды, біздің көзімізше балағатпен сөйлейді). Бізде жақсы мұғалімдер бар еді меңгеруші оларды жұмыстан шығарып жіберді. Біздің сізге ертерек хабарламағанымыз қызыл диплом ала алмай қаламыз деп қорықтық. Мамандығымызға жанымыз ашығандықтан сіздің араласуыңызды сұраймыз.

Д.Д.А

Құрметті министр мырза грант иегерлері тізімі бойынша балам Егемендңі Қазақстан газетінде ЕҰУ универсетіне түскен болатын ал куәлік алған кезде БҚМУ ке келіп тұр бұл кімнің кемшіліктері баланы ата аналарды осылай әлек қылуға бола ма ? біз баламызды тізім бойынша ЕҰУ тіне жібергенбіз бұл недеген қателік бұдан кейін сізге қалай сенуге болады.

Тамара Жангалиева

Мен ата ана Жангалиева Тамара Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат селосында турамын. 2011 жылы 1 кыркуйекте дуниеге келген улым Азидоллаулы Айбатыр 2016-2017 жылгы оку жылында Махамбет атындагы орта мектептин даярлык сыныбына кабылданып битирип шыкты. Енди биылгы 2017-2018 жылгы оку жылында 1-ши сыныпка кабылданып, 7 кыркуйекке дейин окып, 7 кыркуйектен бастап жасы жетпейди деп мектептен шыгарып отыр казирги танда балам балабакша жасынан асып кеткен. Не балабакша санында жок немесе даярлык сыныбы еки рет окытылмайды деп мектепте де жок. Кошеде жур. Уйымдастырылмаган балалар санында жур. Осы каншалыкты дурыс?

БАУЫРБЕК

Сайттарынан таба алмадым.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар