Өлең, жыр, ақындар

Солтүстік Кореяда білім беру қалай ұйымдастырылған

Солтүстік Кореяда білім беру қалай ұйымдастырылған. Әлемнің ең жабық мемлекетінің оқушылары қалай өмір сүреді...

Солтүстік Корея – әлемдегі ең жабық елдердің бірі. Бізде ондағы қарапайым адамдар қалай өмір сүретіндігі, қалай табыс табатындығы және бос уақыттарында немесе айналысатындықтары жайлы деректер өте аз. Алайда КХДР-нда тұруға мүмкіндік туған солтүстік кореялық босқындар мен шетелдіктердің айтқандары мен дерек көздерінен солтүстік кореялықтар өскелең ұрпақты не нәрсеге және қалай үйрететіндігі туралы бірер нәрсе білуге болады.

1948 жылы КХДР құрылған сәтте мектеп жасындағы балалардың шамамен 2/3-сі ешқандай білім алған жоқ, ал 2,3 миллион үлкендері мүлде сауатсыз болған. Оған қоса бұл, елдің барлық халқы, балалардың қоса есептегенде, сол сәтте 9,39 миллион адамды құраған. 1950 жылы міндетті бастауыш білім алу енгізілді, алайда бұл жоспарға сол кезде басталған Корей соғысы (1950–1953) кедергі келтірді. Алайда 1958 жылы елде міндетті жеті жылдық білім алу жолға қойылды. 1967 жылы тоғыз жылдық білім алу, ал 1975 жылы он бір жылдық білім алу міндетті болды.

КХДР-нда мектептегі білім беру жүйесі кеңестік білім беру жүйесі түрінде және соған ұқсас құрылды және қазіргі кезде дейін өзгермеген.

Қазіргі уақытта міндетті білім алу бір жыл дайындық, төрт жыл бастауыш мектеп (КХДР-нда оны «халықтық» деп атайды) және алты жыл орта мектепте білім алуды қамтиды. Содан кейін кейбір неғұрлым саналы және бай солтүстік кореялықтар жоғары білім алуға ұмтылады, көбісі жұмыс істеуге кетеді.

Солтүстік Корея мектептерінде нені және қалай оқытады

КХДР-нда мектеп бағдарламасы, әлемнің бүкіл түкпіріндегі оқушылар дағдыланған академиялық пәндерді – математика, ана тілі, шет тілі (ағылшын немесе орыс), география, әдебиет, тарихты қамтиды. Алайда, мұнымен қоса, солтүстік кореялық оқушылар «Коммунистік мораль», «Коммунистік партия саясаттары» немесе «Ұлы Ким Ир Сеннің өмірі» тәрізді саяси курстарды да өтеді. Бірақ бұл пәндер барлық мектеп бағдарламасының 6%-дан аспайтын бөлігін құрайды.

КХДР-нда корей әдебиетімен қатар, батыс әдебиетін де: Толстойды, Гюгоны, Джейн Остинді және Шекспирді оқиды. Шындығында, кітаптардағы кейбір «сананы бұзатын» жерлерін алдын ала кесіп алып тастайды, сосын жеке шығармалар солтүстік кореялықтарға тек үзінді ретінде жетеді.

Дүниежүзі тарихын да оқытады. Мысалы, КХДР-ның оқушылары Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыс, АҚШ-тың іргетасының қалануы, холокост туралы біледі.

Мемлекеттік идеология мен партияның саясатына қарсы келетін деректердің барлығы, әдейілеп бұрмаланады.

Осылайша солтүстік кореялықтар Корей соғысын Солтүстік Корея емес, Оңтүстік Корея бастады дегенге шын сенеді.

Географияда оқушыларға, әрине, басқа елдердің орналасуы мен табиғи ерекшеліктері жайында айтылады, алайда «капитализмнің қорқынышынан» зардап шегетіндер қалай нашар өмір сүріп жатқандығы туралы еске салып кетеді. Кейбір кездері «қорқынышқа» иллюстрация ретінде Африкадағы қарны ашқан балалардың суретін көрсетіп, оны батыс елдердің тұрғындары ретінде таныстырады.

Шет тіл ретінде көбінесе ағылшын тілі оқытылады, танымалдығы бойынша екінші орында – орыс тілі. Ағылшынның британдық түрі стандарт болып табылады. Соныен бірге тілдерді оқыту әлдеқайда төмен деңгейде болады, өйткені үйрету кезінде түпнұсқа британдық немесе ресей басылымдары емес, солтүстік кореялық оқулықтар пайдаланылады. Себебі, Британия немесе Ресейде шығарылған оқулықтар жасөспірім солтүстік кореялықтардың санасы үшін «қауіпті» болатын өте көп ақпараттарды қамтиды. КХДР-нда басып шығарылған материалдар өте нашар құрастырылған және қате өте көп болады. Сонымен қатар оқушылар «Ұлы Көшбасшы генералиссимус Ким Ир Сенге мәңгілік даңқ» деген тәрізді сөздерді «Сәлем, қалың қалай?» дегеннен бұрын айтуға мәжбүр.

Сабақтан тыс оқулар қалай өткізіледі

Солтүстік кореялық білім беру мекемелеріндегі сабақтан тыс бағдарламалар негізінен идеологиялық дайындыққа арналған. Оның кейбір бөлімдері кеңестік кезеңдікіне ұқсайды, ал кейбіреулері тіптен жақсылық пен жамандық шегінен тыс.

10 жасында солтүстік кореялық балалар міндетті түрде кеңестік пионерге ұқсас – Балалар Одағына кіреді. Солтүстік кореялықтар, тіптен, өзімізге таныс қызыл галстуктар тағады. Солтүстік кореялық «пионерге» қабылдау үш кезеңмен жүргізіледі: алдымен оқу озаттарын, содан кейін екпінділерді, сосын барып барлық қалғандарын. Балалар одағына қабылдау салтанатында оқушылар солтүстік кореялық мұраттарға адалдық антын оқиды. Бұл, шын мәнінде, КХДР-ның тұрғындары бүкіл өмірінде кіретін көптеген ұйымдардың алғашқысы: мысалы, Жастар Одағы, Әйелдер одағы, Ауыл шаруашылығы жұмысшыларының одағы және тағысын тағылар.

Солтүстік кореялық босқындардың айтуынша, сонымен қатар, оқушыларға міндетті «сабақтан тыс оқулар» қарастырылған, олардың ішінде қоқыс жинау, құрылыс нысандарында немесе жергілікті ұжымшарларда жұмыс істеу бар. Бұл кеңестік сенбіліктер іспеттес, тек солтүстік кореялық балаларға әдетте, мектеп аумағын тазалауға қарағанда, қиынырақ тапсырма беріледі және де бұл жиі болып тұрады.

Солтүстік кореялық сабақтан тыс бағдарламалардың ең қорқынышты жақтарының бірі – бұл экскурсия деп аталатыны. Әрине, оқушыларды мемлекеттің негізгі көрікті жерлерін көрсетуге апарады, алайда мүлде басқаша саяхаттар да болып тұрады. Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяда тұратын солтүстік кореялық босқындардың бірінің айтуынша, ол небәрі 14 жасында осындай саяхаттардың біріне барғанда, алғаш рет өлім жазасына кесуді көрген.

Жасөспірімдерге әрқайсысына үш рет оқ ату арқылы төрт солдатты атқанын көрсеткен.

Осы экскурсиядан кейін жастар өздеріне өте маңызды сабақ алған: «Сен ешқашан өз еліңе лайықсыз іс жасамауға тиіссің».

Солтүстік кореялық босқындар жергілікті балалар бақшасында өткізілетін идеологиялық бағыттағы сыныптан тыс оқулар жайында да айтып берді. Балаларды кішкентай бала кездерінен «америкалық империалистерді» жек көруге үйретеді. Балалар бақшасында тұрақты түрде өткізіліп тұратын эстафеталардың кезеңдерінің бірінде бала америкалық солдаттың манекенінің қасынан жүгіріп өтіп бара жатып, оны ұрып өтуі тиіс. КХДР-нда ойын түріндегі америкалықтарға деген жек көрініш балалық шақтан бастап үйретіледі.

Солтүстік кореялық мектеп жүйесі бүтін тұлғаны қалыптастыруға емес, бас иетін, елдің басшылығына барлық жағынан бағынуға және «америкалық империалистер» мен «қуыршақ Оңтүстік Кореяны» жек көруге дайын, көнгіш азаматты қалыптастыруға бағытталған.

Білім беру күш көрсету, кемсіту, бір доктринаның басымдылығы, қорқыту және жек көруді үйретуге құрылған.

Бұл қандай жағдай болса да жасауға болмайтын нәрсені көрсетудің жақсы, мейлі айрықша мысалы болсын. Бірақ, айрықша мысалдар, өкінішке орай, өзіміздің ресейдің іс-әрекеттерінде де орын алады: тарихтың ақиқат айтылған бір ғана оқулығынан бастап әрбір 9-мамырда балаларды жаппай әскери формада киіндіруге дейін.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Жазира

Байқұстар ай

Армангуль

Қазақстанда тұрып жатқаныма мың шүкір!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз