Эссе және өлең-жыр байқауы

Талдықорғандық ұстаз Мәскеуде өткен байқауда топ жарды

Талдықорғандық педагог Татьяна Луценко Мәскеуде өткен «Тәрбиелеу өнері» авторлық әдістемелік еңбектердің халықаралық байқауынан жүлделі оралды. Аталған жарысқа Мәскеу, Санкт-Петербор, Саха Республикасы (Якутия), Беларусь,  Қазақстан мемлекеттерінен 230-ға жуық педагог қатысты.

Қазақстанның әр өңірінен байқауға 30 авторлық әдістемелік жұмыс жіберілді. Сайыстың соңғы турына қазақстандық 10 автордың жұмысы өтті.

Байқаудың мәресі жуырда Мәскеу қаласында VI Бүкілресейлік ғылыми фестиваль мен XI ғылым фестивалі аясында ұйымдастырылды.

Қазылар алқасының құрамында Қазақстаннан Мектепке дейінгі мекемелердің қазақстандық бірлестігінің төрайымы Л. Куленова болды.

Сарапшылар комиссиясы мен байқау төрешілерінің шешімі бойынша Талдықорғаннан қатысқан Татьяна Луценконың авторлық жұмысы Халықаралық байқаудың үздік жұмысы деп танылып, жеңімпаз атанды. Оның жұмысы «3-6 жас аралығындағы балаларды өз бетінше білім алу жүйесінде интеллектуалдық тұрғыда дамыту үшін өз қолдарымен әзірлеген Монтессори-материалдар аналогын пайдаланудың дәстүрлі емес әдісі» деп аталды.

Іріктеуден өткен қатысушылардың барлығы да «Конкурс финалисі» Дипломымен және бағалы сыйлықтармен марапатталып, байқау нәтижесі бойынша шығарылатын ғылыми-әдістемелік жинаққа материалдарын жариялауға мүмкіндік алды. Конкурс аяқталғаннан кейін Мектепке дейінгі ұйым қазақстандық бірлестігі «Мәскеу қалалық педагогикалық университеті» ЖБ МАБМ білім берудегі педагогика және психология институтымен мектепке дейінгі педагогика саласында түрлі шаралар өткізу қарастырылған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (1)

Арнұр

Орыс халқы пысықтау болып келеді

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...