Өлең, жыр, ақындар

Астана оқушылары ғылыми жобалар халықаралық конкурсында жүлделі орындарға ие болды

Елорданың жоғары сынып оқушылары Бразилияның Порту-Алегри және Нову Гамбург қалаларында өткен халықаралық ғылыми жұмыстар байқауына қатысты. Бұл туралы қала әкімдігінің сайты хабарлады.

Шығармашылық жарыс Mostra Internacional de Ciência e Tecnologia (Mostratec) 31-ші Халықаралық білім көрмесі шеңберінде өткізілді. Шараны ұйымдастырған - Бразилияның Liberato қоры, бұл қор ғылым мен технологияларды дамыту үшін білікті мамандар дайындауға ықпал ететін қоғамдық институты.

Mostratec көрмесінің мақсаты - оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығын ынталандыру, ғылым мен техниканың түрлі салаларындағы шығармашылық қызметке тарту, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қолдау көрсету және оқушылармен жұмыс істеу үшін мамандарды тарту.

Елордалық оқушылар қазылар алқасының назарына математика, физика, химия және информатикадан зерттеу жұмыстарын ұсынды.

Елордалық оқушылардың ең үздік 10 жұмысы байқаудың ақтық кезеңіне өтті. Оның ішінде озонның жердегі өсімдіктерге зиянды әсерінің дәлелдері, айналмалы цилиндрлері бар жел қозғалтқышының аэродинамикалық сипаттамалары, кейбір әлеуметтік процестерде иерархия талдауын қолдану және т.б. бар.

Байқау қорытындысы бойынша, елордалық оқушылар 7 алтын, 6 күміс және 7 қола медальға ие болды. Үздік жұмыстардың авторлары дипломдармен, бағалы сыйлықтармен және білім гранттарымен марапатталды. Шараны ұйымдастырушылар қазақстандық оқушылардың жақсы дайындалғанын атап өтіп, Қазақстандағы білім деңгейіне жоғары баға берді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар