Өлең, жыр, ақындар

Метаграммалар

«Жангелдин  ауданының
білім беру бөлімінің
Тоқанай бастауыш мектебі» КММ
мұғалімі: Баймуканова Жазира Абилхановна

1. Екі сөзден тұрады,

Құстың аты – құрамы.

Сызсаң егер «Бір» сөзін,

Ас пісірем, көр өзің. (Бірқазан - Қазан)

 

2. Піскен жеміс қосымын,

Құстың жақын досымын.

«К» орнына «Ж» жазсаң,

Жамбыл ата жасымын.  (Күз - Жүз)

 

3. Ұқсайтын жылқыға,

Қамыс құлақ көлікпін.

«К « орнына «П» қойсаң,

Ойлатуға берікпін. (Есек - Есеп)

 

4. Әуелгі үш әріп-

Дәмге нәр тілді үйірген,

Кейінгі қос әріп-

Мақтаның түсі үйілген.

Қосылса бес әріп-

Темір жіп созып иірген. (Тұз, ақ, тұзақ)

 

5.  Кезерді ерінің,

Шөбі болмас жерінің.

«Ш «орнына «К» тұрса,

Өсімдіктің нәрімін. (Шөл, Көл)

 

6. Тәтті дәм үш әріп алғашқы,

Соңына қос әріп жалғасты,

Сен одан өзіңе табасың

Дауылдан қорғанар панасын.

Екеуі біріксе егер де,

Суда өсіп, жүзеді тереңде.  (Бал, Ық, Балық)

 

7.  Бойында өсем тоғанның,

Кіргізем дәмін тағамның.

Соңыма қоссаң бір әріп,

Үндемей жүрер адаммын. ( Жуа, Жуас)


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз