Эссе және өлең-жыр байқауы

Америкалықтар ҚазҰУ-ды үздік жоғары оқу орны деп атады

Беделді «The Best School» америкалық ұйымы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды Қазақстанның үздік жоғары оқу орны деп атады, деп университеттің баспасөз қызметі хабарлайды.

«The Best School» білім беру мәселелерімен айналысады және студент жастарға білім беру бағдарламаларын, оқу мен жоғары оқу орнының географиялық орнын дұрыс таңдауға көмектеседі.

Жыл сайын аталмыш ұйымның тәуелсіз бағалауы негізінде әр елде үздік ЖОО аңықталады. Мысалы, АҚШ-та - Гарвард университеті, Ұлыбританияда - Кембридж, Канадада - Торонто, Ресейде - М. Ломоносов атындағы ММУ, Қытайда - Циньхуа, Жапонияда - Токио, Оңтүстік Кореяда - Сеул ұлттық университеті, Туркияда - Ыстамбұл университеті, Сауд Арабиясында - Кинг Абдулазис университеті бар.

Атап өту қажет, «The Best School» ұсынған жоғары оқу орындарының рейтингі шетелдік студенттер мен ата-аналар үшін әлем бойынша үздік университетті таңдауда жол көрсетуші болып табылады.

Рейтингке енудің басты талабы - ең алдымен, білім беру сапасы. Сонымен қатар жоғары оқу орнының ғылыми-зерттеу қызметі, білім беру бағдарламарының сапасы, академиялық бедел, ғылыми жетістіктер, түлектердің табыстылығы, инфрақұрылымдық даму деңгейі және тағы басқа көрсеткіштер есепке алынады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық рейтингтердегі көшбасшылық орындары - университет ұжымының білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметін интернационализациялау және халықаралық бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы жүйелі жұмысының жемісі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...