Эссе және өлең-жыр байқауы

Назарбаевқа Енсей университетінің құрметті докторы атағы берілді

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Енсей университетінің философия ғылымдарының құрметті докторы атағы берілді. Ғылыми атақ дипломын аталған университеттің ректоры Ким Енг  Хак салтанатты жағдайда табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлы мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа Енсей университетінің құрметті докторы атағын беру біздер үшін зор мәртебе. Мен университет ректоры ретінде білім, ғылым саласындағы әлемнің жетекші оқу орындарымен тығыз ынтымақтастықты әр уақытта негізгі басымдық ретінде қойып келемін. Ал Қазақстан болса біздің корейлік компаниялар ең көп жұмыс істейтін елдердің бірі саналады. Олар ғылым, медицинадан бастап, барлық дерлік салада жұмыс істейді», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда,  Енсей университеті 2003 жылы Қарағанды мемлекеттік университетімен ынтымақтастықты жолға қойған. Ал бүгінде Қазақстанның түрлі университеттерімен ынтымақтастығын кеңейте түскен әрі оны алдағы уақытта да еселей түсуге ниетті.

«Ұлы мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаев «қырғи-қабақ» соғыстың нышанына айналған ядролық қарудан бас тартып, өз елін зор экономикалық жетістікке жетеледі. Бұған қоса, Назарбаев елдің мәдени алуан түрлілігін дамытуға да айрықша үлесін қосып келеді», - деді университет басшысы.

Сөз соңында ол  Қазақстан Президентінің айрықша еңбектерін жоғары бағалайтындығын атап өтіп, осыған орай университеттің құрметті ғылым докторы атағын беруге шешім қабылдағандығын айтты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (1)

Жан Ел

Ненiн курметiне

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...