Өлең, жыр, ақындар

Гранттардың саны жергілікті бюджеттердің есебінен көбейтіледі

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың айтуынша, бүгінде мемлекеттік гранттардың санын жергілікті бюджеттердің есебінен көбейту бастамасын әкімдіктердің өздері қолдап отыр, деп ҚазАқпарат xабарлайды.

«Жастарды біліммен кеңінен қамтып, олардың шетелге кетпеуін болдырмау мақсатында біздің депутаттарымыз жергілікті бюджеттердің есебінен қосымша гранттарды бөлуді ұсынған болатын. Оны бюджет кодексі мен білім туралы заңға өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асыруға болады. Біз өз кезегімізде аталған ұсынысты қолдаймыз. Әкімдіктер де колдап отыр. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы да, үкіметтік емес ұйымдар да оны қолға алу қажет деп санайды. Қазіргі кезде Үкіметтің оң шешіміне арналған қорытынды құжат дайын тұр», - деді Е.Сағадиев Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, биыл республикалық бюджеттің есебінен 31 700 мемлекеттік грант бөлінген болатын. «Соңғы бес жылдың ішінде жалпы гранттардың саны 31 мыңның маңайында. Қазіргі кезде біз депутаттардың қолдауымен грант санын көбейту жолдарын қарастырып жатырмыз. Соның бірден-бір жолы - жергілікті басқарушы органдардың есебінен грант санын ұлғайту. Әрине, біздің түлектер үшін ол үлкен көмек болады», - дейді БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Дархан Ахмед-Заки.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар