Өлең, жыр, ақындар

Мұғалімдер мен дәрігерлер Тәуелсіздік күніне орай сыйақы алады

Алматыда жергілікті бюджетті үнемдеудің арқасында әлеуметтік жағдайы төмен, сондай-ақ бюджеттік және әлеуметтік салада қызмет ететіндерге сыйақы беріледі. Ақшалай қаражат алатындардың жалпы саны 114 мың адамнан асады.

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Алматыда жергілікті бюджетті үнемдеудің арқасында әлеуметтік жағдайы төмен, сондай-ақ бюджеттік және әлеуметтік салада қызмет ететіндерге сыйақы беріледі, — деп хабарлайды Алматы әкімі Бауыржан Байбек сейсенбі күні “Нұр Отан” партиясының қалалық филиалымен өткен конференция барысында.

Оның айтуынша, қалалық бюджетті оңтайландырудың нәтижесінде дәрігерлерге, мұғалімдерге, тәрбиешілерге, әлеуметтік жұмысшылар мен әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға сыйақы беру мүмкіндігі туды. 2016 жылы жергілікті бюджеттен 123 миллиард теңге үнемделген: жол айналымдарын оңтайландыруға, құрылыс нысандары мен Универсиадаға бөлінген қаражаттан 60 миллиард теңге, әлеуметтік нысандарға бөлінген қаражаттан 56,5 миллиард теңге үнемделсе, мемлекеттік сатып-алулар кезінде 6,5 миллиард теңге үнемделген.

“Осыны ескере отырып, мемлекет басшысының тікелей тапсырысымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жергілікті бюджеттегі қаражаттан әлеуметтік және бюджеттік салада жұмыс істейтін алматылықтарға бір алатын айлығының көлемінде сыйақы берілсе, әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың әрқайсысына 50 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі”, — делінген баспасөз конференциясының қорытындысы бойынша таратылған хабарламада.

Жалпы, сыйақы алатын алматылықтардың саны шамамен 114,3 мың екен. Ал бөлінет қаражат 6,2 миллиард теңге болып тұр. “Мемлекет басшысы мен партия көшбасшысының мереке қарсаңында көрсетіп отырған көмегі оларға бірінші қажеттіліктегі тауарларды сатып алуына, азық-түлік өнімдерін алып, коммуналдық қызметтерін төлеп, несиелерін өтеуге көмектеседі деп сенемін. Яғни, ең қажетті дүниелеріне жарата алады деп сенемін”, — деп келтіреді Байбектің сөзін баспасөз қызметі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (135)

Асел

Əр Қазақстандыққа Тәуелсіздік күніне орай неге 15000-20000нан ақша бөлінбеске.Қазақстанның қазба байлығы бұны көтере алпды

Алдар

Тәуелсіздікке 15 000 - 20 000мың теңге ақша емес қой)))

Жони

Сонда алматыда турмайтын баска мұғалімдер алмайма

Ерлан

Алмайтын сияқты

Анар

Қалған обылыстар үнсіз жатыргой

Анар

баскалар алмайма

Айнагуль

Алматыда турмаганым_ай

нурлан кент айтеке би

жарайды берсе нур устине нур болар. бирак айтылган нарсе орындалу керек тек талкыланып айтылады артынан калып кояды.

Саттар

Алматылықтар деп жазылып тұр ғой

Жазира

Алматылықтар құтты болсын! Алыңдар, ең бастысы берілсін! Байбек молодец!

нина

Не үшін тек Алматылыктар?

Салта

Мұнайлы Атырау неге үндемейді?

Сауле

Əрине,Атыраулықтар да алады деген жақсы хабар келіп,қуанып жатырмыз

Жай Гуля

Атырау облысындағы Қызылқоға ауданына сол сыйақы беріле мекен ұстаздарға,берілсе жақсы болар еді

Алтынай

Әрине Алматылық мұғалімдер мен дәрігерлерге құтты болсын! Бірақ бергесін барлығына берілу керек қой, бөліп жармай

Гулайым

Шынында тек Алматы ма?Улы мейрамдарда мугалим енбеги еленсе не болар еди,ай, кайдам...

Бахыт

Аудандарда ар мектептен жагдайы томен ,копбаласы бар 1мугалимге берилетин болды. Биздин аудан солай деди . Баска аудандарда не боп жатканын билмеймин. Негизи Алматы каласында часто осындай сыйакылар болинип жатады. Ал жанындагы биздер токалдан тугандай. Осы жылга газет-журналдарга жазылудын ози улкен согыспен журип жатыр. Оз калауынмен деген сиякты еди осы фб-та... кайдагы. Биздин аудан шаш ал десе бас алуга дайын тур.....

Ммм

Жақсы жаңалық. Аз болсын халыққа пайдасы бар. Зейнеткерлер неге ескерілмеген. Тəуелсідікке солардың еңбегі сіңді емес пе!?

Айқыз

Тəуелсіздік барша Қазақстандықтарға ортақ. Сыйақы барлығына бірдей берілу керек. Берілсін!!!

sandugashzharken

Солтүстік мұғалімдерге беріле ме екен? Кім естіді?

Марат айтеке би кенти

Алматылықтар облыс акімі Байбек мырзаға алғысы шексіз шығар. Бізде қайдам. 15 мын тенге беріліп қалса одан да процентін ұстап одан да пенсионныйын тағы ұстап 3600 теңге тиетін шығар қолға егер облыс әкімі сыйақы беретін болса

том

шынында жағдайы жоққа берілеме әлде....

Халида

Алматылықтар құттықтаймын! Ақтөбелік мұғалімдерге де сыйақы берілетін болар деп тілейміз

Медет

Сейчас скажут что 150-200 а пока до на дойдет через всех 50 или 40

Айнагуль

Аким бол ,халкына жакын бол деген осы жарайсыз алаш азаматы Бауыржан ага бастаган иги исиниз узагынан болсын

Молдир

Туркестан каласына берилема Барлык жерде бирдей берилу керек кой .Неге олай?

Айна

Шымкентте де сый акы берсе жаксы болар еди.

Алмажан.

Зейнеткерлерге де беру керек қой. Олардың бір жерде 30-40жыл жасаған еңбегі бар емеспе? Зейнеткерлікке шыққасын ешкім еле мейді біздерді.

Райгул

Тек алматылыктарга гана берилеме акша

Айнур

Уайымдаманыздар болип жармай барине берилу керек кой.

Люба

Ммм кутты болсын Алматылыктар!!
Менде мугалыммын сый акы бызгеде берсе деп....(((

Габа

Оны берудинде оз ережеси бар екен! Жумыс истеу уакыты 6-айга толмагандарга берилмейди дейди, алде бул дурыс емес акпаратпа???

Бибіхан

Өте орынды. Басқа облыс аудандарда үлгі алса игі. Бірақ мұғалімдермен қатар басқа қызметкерлерге де берілсе

Бахыт

Бөліп жармай барлығына берген дұрыс деп ойлаймын.

Айнур

Тек Алматылыктарга бере ма Жетисайга ше?

сауле

Кызык екен Алматыда туратын мугалймдерге комек берйп, баска мугалймдер мугалйм емеспе не? Бйрйне берйп, бйрйне бермеу адлеттй емес кой.

назерке

25 жылда неге 25 мыңнан ар қазаққа бери лмеске несибеси бар бари нин ар нарсесинен со құрлы пайдасын ар ким корип жатыр гой

жұлдыз

баршамызға осы сыйақы жұғысты болсын

Айлана

Сонда сыйакыны алматылыктар алама? Олары кызык болган екен.

Булбул

Кұтты болсын егерде рас болса бірақ қайдам

Айгуль

Қазақстанның барлық жерінде берілетін шығар. Қазір мұғалімдерге берсе.олардын дәрежесі бір өсіп қалар еді. Жас ұрпақты тәрбиелеп жатыр емес пе.

Гұлнар

Құтты болсын мереке!Астаналық мұғалімдер мен дəрігерлерге ше?Сыйақы барлық Қазақстандықтарға бірдей берілуі керек.əсіресе зейнеткерлер мен студенттерге берілсе нұр үстіне нұр болар еді.

Гуля

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы тек Алматылық тойлап сыйақы алама? Қалған Мұнайлы Астана Атырау обл дәрігерлерге сыйақы жоқ па? Қызылқоға медицина қызметкерлері онсызда сыйақы алалап берілетін еді жақсы болды ғой басшыларға

Маңғыстау мұғалімі

Құтты болсын мереке баршаңызға. Алматылықтар үшін дəн ризамыз!

Есенгул

Нур Отаннын мушелерине бермейма?

Гулзейнет

Берсе бергени жаксы арине брак ана кулаган ЭКСПО га акшаны кайдан таппак.Баска елден карыз алып коспаяк койсын,осы кунимизгеде шукур олмеспиз.

Мейіржан

Шымкентте дәрігерлерге беріледі деген жақсы жаңалық естіп жатырмыз

Мара

Біздің Үштөбе қаласы мұғалімдеріне тәуелсіздікке бір айлық жалақы көлемінде сыйақыны "беріледі" дегенді естіген жоқпыз. Алматы қаласы бюджеттен ақша бөліпті деп интернетте жүр. Жалпы мұғалімдер ешуақытта сыйақы дегенді алып көрген жоқпыз. Берсе бәріне берсін деп ойлаймын. Сонда нұр үстіне нұр жауар!

Айгерим

Кызык екен, Алматыдан баска калаларда туратын мугалимдер мугалим емес пе, жалпы мугалимдер сыйакы алды дегенди естиген емеспиз. Басы дардай, аягы кылдай болып кетпесе жарар?! Алматылыктар кутты болсын, Карагандылыктарга да жугысты болсын!

Ой кайдам берыледы деген созды естыгым келмейды со

Енбек акымызды дурыстап берсе де рахмет айтар едым.

Улжан

Ой кайдам созбен берылген акшамен байып кеттык кой озы.енбек акымызды дурыстап толеп берсе де рахмет айтар едым.

Аскарбековна.

Интересно, а почему только алматинцам? А остальные казахстанские учителя,воспитатели и врачи из другого государства? Где справедливость? Нашим уштобинским чиновникам может тоже надо подумать. Ведь это праздник общий.

Гуля

Неге тек қана Алматылықтар?Қазақстанның барлық аймақтарында берілу керек шығар деп ойлаймын

Гуля

Шымкентте қалай болады екен

Жанар

Где справедливость?Учителя только в Алмате что ли работают?У нас в Кызылорде почему-то премию только исполнительным органам каждый год выдают,хоть раз бы учителям и соц.работникам выдали за адский труд.Как улицы подметать,так учителя,как ненужные билеты покупать,газеты выписывать,которые никто не читает,так тоже учителя,а как премии получать,так это исполнительные органы....

гулжанат

Енбек акымызды дурыстап берсе де рахмет айтар едым.
Бізге ол ақша жетем дегенше 1000 тг болады ғой

zerda

да жаңалық, мереке бәрі құтты болсын. тек тыныштық болсыншы елімізде. қалғаны жай мен болады да. Тыныштық болмаса ақшада, ән де, сәнде болмас еді ғой қазағымау. Бергенге шүкір. Ақша өмірде жетпейді тапқан сайын табасың, бәрібір қажеттілікте шыға береді. Сондықтан Алла тағала аманшылық, тыныштық әрбір адам баласына денсаулық берсін.....

данаша

дұрыс билəк орнында отырғандар барлығын əділ жолмен шешіп халқым жұртым деген ер азаматтарымыз тəуелсіздігіміздің тұғыры биік мəңгілік болсын десе көрер .мұғалімдерді бір қуантып тастар еді. бірақ еңбек ақыларынының өзін дұрыстар толық ала алмайтындар неше алатындарын да білмейтіндер бұған үлкен күмəнмен қарауда.

Алюша

Жаксы жаңалык узагынан болсын

Майра

Сыйақы беру әкімге байланысты ма? Сонда біздің әкімдер үнсіз. Барлық мұғалім лайықты кез-келген сыйға. Берсе барлық мұғалімдерге берсе ғой бөліп жармай.

сымбат

Алматы не особый ма?

Мила апа

Атырау мұғалімдеріне бір ставка көлемінде сыйақы беріледі. Кеше комуслуг ақшасын алды. Енді премиЯ алады. Құтты болсын.

ешкимге сенбе

О Алла бул недеген пендешилк окып отсам арким оз басын ойлап отыр .арине балык басынан ширит. Сол акша берилет деп ойлайсындарма?...

Гулдария

Премия акшаны беру жергиликти бюджетке байланысты деп отыр, жарайды делик, солай деп отырып, басшылардын оздери, есепшилер оздери алмасына ким кепил бола алады? Берсе артык етпейди ешкимге де...

Айнагуль

Шәкірт тәрбиелеуде мұғалім еңбегі ұшан теңіз. Сыйакыны берсе артық болмас.Бірак әй қайдам...............................

Ерболат Кенжехан

Тəуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойында ұстаздарға неге 25.0 т . ынталандырмасқа, 25 жыл жұмыс жасаған ұстаздар мен дəргерлерді 25 пен силамасқа, 25 жастағы Тəуелсіздікпен құрдас ұстаздарды,дəрігер,т.с.с. жас мамандарды 25 мыңмен ынталандырмасқа.. тіпті 25 жаста ос ы жылы дүниеге сəби əкелген/Қазақ елінде/, аналарға 25 мыңнан ынталандыру жасамасқа... Ел ортақ, жер ортақ əр аумаққа бөлінбей бір болайық ағайын!

М.М.М...

Неге тек Алматылықтарға?

Саке

Айй кайдам

Гульжан

Шығыс Қазақстан облысына неге берылмейме 1986 жылы осындагы әпке лерымыз сол тәуелсіздікты аламыз деп канша кандары төгылмедыме.Сол әпке лерымыз дын туыстарына берылмейме .Қазақстан берекелі қазақ елі.

Гульжан

ШКО ЖОКПА НЕГЕ еңбек түбі женбек

Гульжан

Бізге жокпа Өскемен

Гульжан

Қазақстан мұғалімдерыне ,дәрігерлерыне берылмейме Қазақстан канша адамдарды адам етіп канша адамдарды өлім аузынан аман алып осы кісі лердын арқасы

Гүлжан

Осы жаңалықты айтып шулағандарына көп болды гой халықтың. Ақша колыма тигенде ғана сенермін.)))

Гүлжан

Алматылықтар үнемдеді деп жатыр ғой. Сондықтан ойлаймын алматылықтарға ғана шығар деп

Жуля

Неге тек алматылықтар болуы керек?

Жуля

Баска калалар токалдан туған ба сонда?

Мадина

Бөлінгенді бөрі жейді. Қазақстандықтарға түгел берілуі керек. Тәуелсіздікке бәрінің қосқан өз үлесі бар.Халық бір қуанып қалар еді.

Есімгул

Біздің ауданға әли билгісіз берілетіні ауданда акша жок

Тоғжанмын

Берсе бүкіл мұғалімге берілсін Қызылорда облысы қайда

айгуль

Жанаозен каласындагы адамдарга берилеме екен

Тияс

Алматы облысында бар деп естідіккой

Есеке

Бұл қалай болғаны көрдиндерма қазақ десек озімізге тиеді

Есеке

Бұл сұраққа жауап ала аламызба берилема берилмейма барлық облысқа

Есеке

Елбасымыз айтса неге тек алматыга деп жазад

Бақыт

Қызы екен Алматыны ғана атағаны. Сонда басқа облыстардың мұғалімдері мен дәрігерлері кімдер болғаны? Олар дəрігер, мұғалім емеспе?

Әсем-ай

Алматы обл алмайма неге ?

Әсем-ай

облыс мұғалімдерінің еңбегі ақталмайма деп қорқамын.

гулбахар

мен сарыагаштанмын бул бизге де жетип келер мекен. кимнен акпарат ала алам отиниш хабар бериниздерши ар сыйакыдан билмей калып не бизге дейин жетпей калып буйырмайдыгой

гулбахар

мен сарыагаштанмын бул бизге де жетип келер мекен. кимнен акпарат ала алам отиниш хабар бериниздерши ар сыйакыдан билмей калып не бизге дейин жетпей калып буйырмайдыгой

жулдуз

Магыстау облысы Жанаозен каласы мугалимдерине алмайма жанадан ашылган мекемелерде экономия жок сонда алалмайма?

Дина

Декретте отырғандарға премия береме екен

Асия

Мангыстаулыктарга берилеме онын ишинде жанаозен устаздарына жауап барма жокпа

Лəззат

Алдымыздағы үлкен мерей тойда кейбір əкімдер халықтың көзіне түсу айласы ғой бұл. Бұл сыйақы бермеген де əйтетірас өлмейтін күнін көріп жүрміз.Енді тек жүзге емес облыс бойынша бөлінетін болдық.Бұны назарда ұстаған ешкім жоқ.

Бекзат

тамаша

Бекзат

әсерлі

моника

жана озендиктер саспандар сендерге бериледи

Асель

Халыкты даурыктырмай, бермесе жергиликти бюджетти алга тартпай, айтпай-ак кою керек еди.

Аида

Неге,Алматы облысындағыларға берілмей ме,сонда? Қандай өкінішті...

Айгерим

Мұғалімнен тек ақша жинап алуды ғана біледі, Осы уақытқа дейін бір сыйақы беріліп көрген жоқ,

Айгерим

кешке дейін қағаз шайнап, жұмыстың ең сорақысын істейтін - мұғалім. Мұғалімді тек ақша жинау керек болғанда, газеттердің тираждарын өткізуге, ақын сымақ көкелердің ешкім сатып алмай жатқан кітаптарын сатып алуға келгенде ғана естеріне алады. Ал мұндай айтулы мерекеде сыйақы беруге келгенде олар тізімде болмай шығады.

пері

Жамбыл облысы . Бұл берілетін премия Республикалық бюджет емес жергілікті бюджеттен беріледі ма екен?

Назира

Бала кутимимен уиде отырган мугалимдерге берилемекен?

жузи

Ия бала күтімінде отқан мұғалімдерге берілемекен.

Эльмира

Жамбыл ауданына берілема

Дана

ия сонда шығыс қазақстан неге сол сый ақыны алмаймыз шіркінай берілсе екен өзім тəрбиешімін көп балалы анамын ақша керек қой бəріне

Дана

сол сый ақы берілсе бір байып калар едік ау шіркін

Дана

сол сый ақы берілетінін естігенде түнімен ұйықтай алмадым қуаныштан берілсе екен

динара

бир айлық бермей ақ қойсын 25жылдыққа 25мың берседе жетер еді

Зарина

Біздің мектепке 90 мын бөлініпті, ол ақшаны көп балалы және тұрмысы төмен 18 отбасыға 5 мын теңгеден үйлестіріп беріңдер деген қатынас қағазымен қоса келіпті. Барлығымыз бұл сыйды көріп шошып кеттік, 5 теңгеден сыйақы деген өте ынгайсыз естілед екен, ол 5 теңгеге не түседі деп ойлап қарасаңыз көп балалы ананың бір баласынының киіміне де жетпейді гой. сонда мұғалім мәртебесінің соншалықты төмен болғаны ма?

Гаухар

Кызылорда каласына бериле ме екен?

Анар

Мен Карагандыданмын. Бизге береди деп куантып койып еди енди берилмейди деп жатыр. Естумше Тараз, Шымкентте бериледи екен. Караганды да бериледи ма екен?

Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласына беріле

берсе дұрыс болар еді

динара

сəлеметсіңдерме ақша жайлы сұрақ қойып жазып жатырмыз сонда кім осыны окып жауап береді екен жауабын кайдан окимыз

Жадо

шынында да мұғалімдердің жұмысы халықтың болашағын көздейтін жұмысқой сондықтан қанша берседе жарасады менімше... дегенмен мені кім тыңдап кім оқып кім ескереді деп қоям

Индира

Алматыда тұрмағаныма қатты өкініп отырымын. Сонда ауылда тұрғанымыз үшін берілмей ме?

Меруерт

Шығыс Қазақстандықтарға сый ақы берілмей ме? Бұл деген елбасының жарлығына қарсы келумен тең ғой. Орындалмайтын болса неге халықты дәмелендіріп, жарлық шығарады. Қазақстанның беделін жемқорлар түсіріп болды емес пе? Басшылық қайда қарап отыр?!

Айгерим

Шыгыс Казакстан Семей каласы бар ма?

Айгерим

Жардемакы алатындарга 2 группага толене ма?

Гүлім

Неге алматы гана ШҚО Аягоз каласында мұғаліммін не мұғалімдер күнінде, не жана жылда, не 8 - наурызда сыйақы берілмейді. Сұрасан жергілікті бюджетке байланысты деп айтады. Неге олай екен?

карлыгаш

жамбыл облысы меркі ауданы әкімі жер қарап отыр сыи ақы жоқ деп .жадный .мүғалімдерге бергісі келмейді сами хотят в корман положить .25жылда бір берсе болатын шығар.

Арман

Қарағанды облысы Осакарвка районында али берген жоқ,Балабақшада жұмыс жасайтын тәрбиешілер аладыма?канша сумада

Нұргүл

Шынымен де берілмесе несіне елді үміттендіреді екен. Анық берілмейтін
болғаны ғой

АИДА

НЕГЕ БОЛИП ЖАТЫРСЫЗДАР БАРИМИЗ БИР КАЗАКСТАНДА ТУРАМЫЗ БЕРЕМА БАРИНЕ БЕРСИН БЕРМЕЙМА БАРИНЕ БЕРМЕСИН ОСЫЛЫАЙ ШЕШЕ АЛМАЙМА ОКИМЕТ ОИСТИП АДАМДАРДЫН КАНЫН ИШПЕНДЕРШ

АИДА

ОКИНИШТИ

Гүля

Неге бөліп жарады екен? Береді ме бəріне бірдей берілсін. Берілмей ме ешкімге де бермесін. Осылай ел арасына іріткі салғандары несі?

Ерлан

25 мың теңгеден сый ақы алдық!

Мұғалім

Біз 10451 теңгеден алдық

Айман

Астана каласы 40 000 т. алдык

Армангуль

Атырау мұғалімдерге 65 мыңнан берді. Жұғысты болсын

Айгул

Бұйырған алдық рахмет

Эльмира

Алматы облысы, Текели каласынын устаздарына да ешкандай акшалай сыйакы берилмеди. Бир мемлекетте турып, осылай алалау дурыс емес кой.

mako2002

Тараз қаласы сыйақыдан құр қалды

ЖАНАР

Тәуелсіздік мерекесі баршаңызға да құтты болсын ағайын. 25 жыл стаж толғандар зейнетке шығады дейді ол рас па? тағы көтеретін мәселе барлық облыс мұғалімдеріне берілсе деймін. Әкімгершілік өздері екі реттен алмай ақ аудандық пен обылыстық сыйақы алыпты, сонда барлық мамандар мұғалімнен мектеп табалдырғынан шықпайма? Әріпті танытатын да солар өмірлік нанын тауып жеуге жағдай жасайтын да солар олардың кінәсі не деп ойлайсыз?Қазақстан бойынша мұғалім тарапына берілсе ешқандайда артық болмайды деп ойлаймын...

Жанар

Қойылған сұақтардың жауабы бар ма?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар