Жарнама

Отан үшін от кешкендер

Төлеби ауданы, Ленгер қаласы №7 жалпы орта білім беретін мектебі
комммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ғылыми жоба
Тақырыбы: «Отан үшін от кешкендер»
Секция:
Оқушының аты жөні: Тоқсанбай  Аружан 7 «В» сынып оқушысы
Шығармашылық  жетекшісі: Божбанова  Нұргүл  Анартайқызы
№7 жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі  

 

Аннотация

Бұл тақырып «Отан үшін от кешкендер» атты шығармашылық  жұмыс толық қанды жан-жақты зерттеліп жазылып қамтылған. Жұмыс барысында 7-сынып оқушысы Тоқсанбай Аружан мен жетекшісі Божбанова Нұргүлдің жетекшілігінде зерттеліп жазылған жұмыс. Бұл шығармашылық жұмыста Ұлы Отан Соғысының ардагері Джумагулов Рсмет атаның Ұлы Отан соғысы жылдарында Төлеби ауданынан Шымкентке, одан әрі Алматыдағы, одан әрі Ресейдің қалалары Қазан-Саратов одан әрі жаяу әскерлермен Сталинград үшін болған шайқаста  қолынан және үш қабырғасынан ауыр жарақат алады. Сонымен 1944 жылы емделіп елге оралды. Қазіргі таңда Джумагулов Рсмет атамыз Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбек ардагері мамыр айында 71 жылдық мерейтойға салтанатты қонақ ретінде қатысады.

Аннотация
Герой - рядом, тот самый длинный день в году, с его безоблачной погодой. Нам выдал общую беду. На всех, на все четыре года. Вот уже 71 лет прошло, как окончилась война. Но память о ней не уходит из сердце, бередят горькие воспоминания о погибших дедах и отцах, матерях и сестрах. Недосчитались близких людей в каждой семье. Какой мерой измерить эту потерю? Осиротели миллионы детей, сотни тысяч женщин не вышли замуж, не создали семью. Погибли настоящие герой, люди высокого достоинства и чести, погибли защищая родную землю и спасая весь мир от чудовищных замыслов фашистов. Более двадцати семи миллионов погибщих печальный итог второй Мировой войны. С этой ужасающей цифрой не хочет мириться сердце, не успакаивается душа. Сколько искалеченных судеб, сколько разрущенных семей! Не обошла война стороной и наш край. Наш герой Джумагулов Рсмет ата прошел ВОВ начиная из Казани, дошел до Сталинграда. Был ранен в Сталинградской битве. Получив тяжелое ранение вернулся домой. Это исследованная работа ученицы 7-класса  Токсанбай Аружаны и рукаводителем Божбановой Нургуль проделлана  обширно, В эту работу взошло весь геройческий путь нашего героя, и проживавши до наших дней.

Annataciya
For the past 71 years have elapsed and it has been 71 years since the war ended. But the memory of it isn`t, going away from the heart, soul ehafe bitter memories.What  price measure this loss? Killed the  real heroes, people of dighity and honor, died defending their homeland and save the world. More than twenty seven  million people died. Not spared the war party and our region.  Our hero DjumagulovRsymet has passed since the Great Patriotic War of Kazan elimanitedStalingrad. Were seriously injured and he returned home. This work investigated the 7th grade pupil Toksanbai Arujanand head Boshbanova Nurgul done extensively. In this work the whole rose heroically way our hero and live up to the present day.

Жұмыстың мақсаты: Ұлы Отан соғысы жеңісінің 71 жылдығына орай туған өлкеміздің мәдеи-рухани мұрасын меңгеру мақсатында Отан үшін от кешкен тұлғаның ерен еңбегін зерделеу.
Жұмыстың міндеті:
−    туған өлкенің этномәдени мұралары туралы шолу жасау;
−    Джумагулов Рсмет атаның  Ұлы Отан соғысы жылдарында  Төлеби ауданынан әрі жаяу әскерлермен Сталинград қаласына жорық кешкендері туралы зерделеу;
−    ҰОС тарихына, соғыс ерекшелігіне, майдангердің қызметіне жеке тоқталу.

Жұмыстың өзектілігі: Ертеңгі күннің, бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек тәуелсіздікке ғана тіреледі. Қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда соғыс ардагерлерінің батырлығы мен ерліктерін келер ұрпаққа насихаттау – баса назар аударарлық мәселе.

Біз, соғыстан кейін туған ұрпақ  кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға  ұрпақтық –қазақтар  мен қазақстандықтардың  анкешті ерлігі туралы  оқулықтардан, көркем әдебиеттерден,  кино туындылардан ғана білеміз. Соғыс ардагерлерінің соңғы буындары айтып берген әсері әңгімелері жанымызды, санамызды патриотизмге жетелейтін. Ұлы Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан Соғысының ардагері Джумагулов Рсмет атаның әңгімелерінен көптеген мәліметтер анықтадық. 97 жасқа толып отырған Рсмет ата. Шымкент облысы, Төлеби ауданының тумасы. Ұлы Отан соғысы жылдарында Төлеби ауданынан Шымкентке, одан әрі Алматыға, одан  Ресей қалалары Қазан-Саратовтан   жаяу әскерлермен Сталинград түбіндегі шайқаста батырлық пен ерлік көрсетті. Күннің ыстығына, суығына төзген. Сталиннің бұйрығы бойынша «кейін шегінген солдатты ату жазасына кесті». Отаны үшін  өзін-өзі құрбан еткен жандардың бірі. Қазақ ұлты ұландарының антқа адалдығын көрсетті. Майдандағы армияның тыныс-тіршілігінде оның сәтсіздіктері мен жеңістерінде қаншама солдаттардың қаны жерге төгілді. Топырақ астынан окоптың ішінде өз өмірлерін Отан үшін қиған жандардың  куәсі болған Рсмет ата 1944 жылы ауыр жарақаттанып  елге оралады.

Еңбек жолдарын бастаған Соғыстағы ерліктеріне берілген «Даңқ», «Қызыл Жұлдыз», «Ұлы Отан Соғысы», «Сталинградты азат еткен үшін», «Еңбек ардагері»тағы басқа медальдармен марапатталған. Қазіргі таңда Рсмет атамыз 5 қыз 4 ұл 27 немере 45 шөберенің атасы.
Ә.Молдағұлова апамыздың ерлігін мақтан тұтамыз. Оның қайсарлығы, жігерлігі, Отанға деген сүйіспеншілігі, келешек ұрпақ үшін қалдырған қасиеттерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыратын біз, болашақ жастармыз. Олардың даңқын өшірмеу біздің парызымыз. Өткен тарихымызға  тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю-бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа  аманат етіп, табыстау деген сөзді  Елбасы Н.Ә.Назарбаев  жария еткен.

Мазмұны

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Төлеби ауданына географиялық сипаттама.
2. «Отан үшін от кешкендер»
3. «Жау оғы дарымаған солдат»
4. «Ардагерге құрмет-ұрпаққа міндет»
5. Аталар ерлігі - ұрпақтарға аманат!
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.


Кіріспе
«Соғыс» деген суық хабар Қазақстанның барлық  жеріне, 1941 жылы маусымның 22-сі күні-ақ жетті. Қалалар мен ауылдардың бәріне де жиналыстар өткізілді. Жиналысқа қатысқандар неміс фашистерінің елімізге опасыздықпен жасаған шабуылын қатаң айыптады. Қазақстан еңбекшілерін барлық күшті жауды жеңу үшін жұмсауға, Қызыл армияны керекті нәрсенің  бәрімен қамтамасыз етуге шақырды. «Отанымызды  қорғауға мыс, қорғасын, астық қанша керек болса, сонша береміз. Жауға еш-бір мейірім болмасын!»-деген үндеу қабылдады.Қазақстан майданға 1200 мыңдай адам жіберді, солардың қатарында 82 мың  коммунист, 242 мың комсомол (70% -ға жуық және 5183 әйелдер мен қыздар, сондай-ақ еңбек армиясы мен арнайы құрылыс бөлімдеріне жөнелтілген 700 мыңнан асатын адам болды. 1939 жылғы халық  санағының  қорытындылары бойынша Қазақстанда 6,2 млн адам тұрған – Ұлы Отан соғысы тарихы мен дүние жүзі тарихындағы аса зор ұрыстардың бірі Сталинградтағы шайқаста Қазақстан жауынгерлері де қатысты. Сталинградты қорғауға қатысқан қазақстандықтарға арнап Қазақстан Компартиясы үндеу  жазды. Онда: «Сталинград-Шығыстың кілті.» Сталинград түбіндегі қазақ жауынгері - орыс, украйн,белорус, тәжік, түркімен, азербайжан, грузин сияқты - өзінің отбасын, өз семьясын, өзінің туған совет жерін қорғайды. Жыртқыш фашист, бандиттерін тізгіндеп, тоқтатыңдар да кері қуыңдар.  Ақырына дейін шайқасыңдар Сталинградты бермеңдер! Делінген. Бұл үндеу жауынгерлерді ерлікке рухтандырды. Сталинград түбіндегі шайқастарда  қазақстандық жауынгерлер ерекше, батырлық, жүректілік, батылдық көрсетті.

2.1 Төлеби ауданына географиялық сипаттама.

Төле би ауданына географиялық сипаттама. Төле би Әлібекұлы қазіргі  Жамбыл обылысы, Шу өңірінің Жайсаң атты жайлауында 1663 жылы дүниеге келген  делінеді. XVІІ-XVІІІ ғасырлардағы көрнекті тарихи  тұлға. Ойшыл, аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ халқының  үлкен билерінің бірі, ақпа-төкпе шешен. Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығының Ата Заңына айналған әйгілі «Жеті жарғы» заң жобасын шығарушы кемеңгерлердің бірі. Ұлы жүз үйсін, дулат. Дулаттан - Жаныс,одан - Жанту, Жантудан - Жайылмас, одан – Қожамберді, одан  - Құдайберді, одан - Әлібек, Әлібектен – Төле. Өмір сүрген жері - Шымкент облысының Ленгір (қазіргі Төлеби) ауданы, Ақбұрқан Орда. Бала күнінде Бұхардан келген Әбушәкір деген молдадан оқыған. Балқы бидің тәрбиесінде болған. Төле тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен тарайды. Тарихи шежіреде Төле бидің шығыс ойшылдарын көп оқыған, Алла тағала тарапынан түскен «Құрани Кәрімді» өте терең, жетік білген, жастайынан халықтың биік қасиеттерін бойына сіңіріп, ауыз әдебиетін мол игерген, әсіресе мақал-мәтелді, шешендік шешімді көкейіне көп тоқыған адам ретінде айтады.Төле би ауданы - Оңтүстік Қазақстан обылысыныңоңтүстік шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 3,1 мың км2 (облыстың 2,6%- ын қамтиды). 1932 жылы құрылған (1991 жылға дейін  Ленгер ауданы). Тұрғыны 112,8 мың адам. Аудан жеріндегі 59 елді мекен, 1 қалалық, 13 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы-Ленгер қаласы. Негізінен сүті – етті мал, биязы жүнді қой, астық, картоп, жібек құртын өсіруге маманданған 8 ұжымшар, 4 кеншар болған. Жер бедері таулы, дөңесті жазық. Ең биік жері - Сайрам шыңы (4338м). Шығысында Талас Алатауы, оңтүстік-батыста Өгем, Қаржантау (2500м), Қазығұрт (1200м) тау сілемдерінің бөктерінде орналасқан. Батысындағы жазықта және тау аңғарларында егіншілікке жарамды суармалы жерлер, жайылымдар, жеміс ағаштары кездеседі. Кен байлықтарынан қоңыр көмір, құрылыс материалдары өндіріледі. Климаты континенттік,қысы жұмсақ, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы -3-9 С, шілде айында 24-26С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері батысында 450 мм, шығысында 650 мм. Топырағы тауда қоңыр, сұр, жазықта саздақты. Дала өсімдіктерінен астық тұқымдас, ақселеу, жатаған, бидайық, беде, тағы басқа, тауда долана,арша, бадам,шырғанақ,итмұрын,тағы басқа өседі. Жануарлардан: қасқыр,аю, барыс, арқар,таутеке, сілеусін, тағы басқа; құстардан-бүркіт, ителгі, кекілік, ұлар мекендейді. Аудан жерімен Ақсу ,Сайрамсу,Бадам (өзенде Бадам бөгені салынған)  өзендері ағып өтеді.Аудан тұрғындарының орташа тығыздығы 1км2-ге 34,6 адамнан келеді. Халқы көп ұлтты. Негізгі бөлігі қазақтар 70% пайыздан, өзбектер, түріктер, әзербайжандар құрайды.Ірі елді мекендері: Ленгер қаласы, Первомаевка,Көксәйек, Сұлтанрабат,Қамшақ, Тоғыс,Ақжар,Зертас тағы басқа ауылдар.Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бидай өсіруге (барлық егіс көлемінің 41,75%) маманданған. Мақсары(13,3%)арпа (3,1%) көкөніс (2,3%) картоп (1,9%) өсіріледі.Облыстағы жеміс-жидектің 18,0%-ын береді. Аудандағы ауыл шаруашылығы жалпы өнімнің 30,0%-ын ет өндірісі,17,5%-ын дәндә дақыл, 15,0%-ын сүт,9,6%- ын көкөніс құрайды. «Фудмастер-Шымкент» компаниясы-сүт өнімдерін, «Ақмаржан» акционерлік қоғамы –ұн, жем, нан өнімдерін шығарады. Ұйық, тоқыма фабрикалары, машина жасау зауыты, «Оңтүстік мұнай-газ» ашық акционерлік қоғамы,Ленгер мұнай барлау скважиналарын сынау экспедициясы жұмыс істейді.Аудан жерімен Ленгер-Шымкент темір жолы өтеді.Төле би ауданының жер бедерінің құрылымы сатылы болып келеді,батысында ойпаты және жазық аймақтардан басталса, шығысы мен оңтүстігінде тау массивтерімен аяқталады. Жер бедерінің жоғары қабатының құрылымы мен оның көлеміне байланысты үш аймаққа бөлінеді. Аумағына Өгем және майдантал таулары сілемдерінің жоталары мен қыраттары, үстірттері мен беткейлері, қырқалы мен құздары, сеңгір жалдары, т.б. жатады.Аймақтың оңтүстік-деңгейінен есептегендегі ең биік абсолюттік нүкте сайрам шыңы ауданының таулық аймағында, оның биіктігі 4238 м, ал Қазығұрт тауының биіктігі 1768м (қосымша №1). Аймақ аудан аумағының 2\3 бөлігін қамтиды,оған Ақжар ауылдық округіне қарасты жер көлемі мен таулық аймақтан тыс барлық аумақ кіреді. Аймақ тау етегінен бастау алатын ірілі-уақты өзендердің, бұлақбастаулардың терең сай-салалары мен аңғарларын, ойпатты  алқаптары мен жайылым-жайлауларын, тастақты жерлері мен құнарлы аймақтарын ,т.б. қамтиды. (Қосымша №2)Ауданның Ақжар  ауылдық округіне қарасты аумақ пен  шалғайдағы Алтынбастау, Көлбастау, Айкөл, т.б.аумақтары жатады. Аудан жер бедерінің алуан болуы ауданның ауа райының қалыптасуына, өсімдіктің өсіп жетілуіне, жан-жануарлардың өмір сүруіне, сондай-ақ аудан ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібінің дамуына әсер етеді.

2.2 «Отан үшін от кешкендер».   

Төлеби  ауданының  ҰОС  ардагерлерінің  тізімі.
                                      
Жоғарғы Ақсу ауыл әкімшілігі
1. Байдеров Сарсен       01.01.1924    Мәдени ҰОС мүгедегі
2. Бейсембиев Қанық     01.01.1916    Мәдени
3. Шашубаев Абдалы     01.01.1919    Қарақия
Қазғұрт ауыл әкімшілігі
1. Овчаров Михаил Ильич    02.07.1921    Тоғыс ҰОС  мүгедегі
2. Абдазов Мираз                01.01.1920    Сұлтан Рабат
3. Тойчиев Курванали          15.05.1920    Сұлтан Рабат ҰОС мүгедегі
4. Шадманов Абдилхамит    30.08.1925    Сұлтан Рабат ҰОС мүгедегі
5. Раджабов Карим              01.01.1923    Достық
6. Сансызбаев Абдраш        17.01.1923    Достық
7. Буфенов Рысбек              12.12.1922    Тоғыс ҰОС  мүгедегі
Көксәйек ауыл әкімшілігі
1. Мысик Федор                01.01.1926    Көксәйек ҰОС мүгедегі
2. Жуманов Амирхан         15.10.1926    Қазақстан ҰОС мүгедегі
Бірінші Мамыр ауыл әкімшілігі
1. Сейдазимов Абдаз         01.01.1924    БіріншіМамыр
2. Мадалиев Ахмет            20.03.1924    Әлішер-Новай
3. Ушкемпиров Дуисем      01.01.1923.    Әлішер-Новай
4. Бекберов Суер               15.06.1923    Әлішер-Новай
Алатау ауыл әкімшілігі
1. Есиркепов Ушхара         15.07.1920    Қайнар ҰОС мүгедегі
2. Кулбаев Шакир               15.06.1925    Алатау
3. Нурашев Кулбасын        15.10.1922     Алатау ҰОС мүгедегі
Зертас ауыл әкімшілігі
1. Мамутов Байзақ             25.07.1923    Зертас  ҰОС мүгедегі
2. Тулегенов Имахай          05.05.1923    Зертас
3. Утебеков Аппаз              23.02.1924    Зертас
Қасқасу ауыл әкімшілігі
1. Туктыбаев Надыр            01.01.1922    Қасқасу  ҰОС мүгедегі
Қаратөбе ауыл әкімшілігі
1. Апашев Ашим             20.06.1926    Қаратөбе
2. Нурбеков Дуйсен         01.01.1926    Төңкеріс
 Ленгер қаласы
1. Бондарев Дмитрий Васильевич      20.10.1919     Ленгер қаласы
2. Джумагулов Рсмет                          10.02.1921    Новостроевка ҰОС мүгедегі
3. Есалиев Елеус                                10.03.1921    Новостроевка ҰОС мүгедегі
4. Ждамиров Вячислав Николаевич     06.09.1924    Ленгер қаласы
5. Капустина Александра                    24.12.1922     Ленгер қаласы
6. Кисленко Николай Митрофанович    15.04.1922     Ленгер қаласы
7. Волкова Антонина Якимовна            01.11.1921     Ленгер қаласы
8. Павленко Григорий Николаевич        20.05.1927     Ленгер қаласы
9. Нурумбетов Муслим                        25.09.1925     Ленгер қаласы
10.Толстопт Михаил Васильевич          12.08.1923    
Аққұм ауыл әкімшілігі
1. Абдрасилов Абдраман         19.03.1925    Момынай
2. Адасов Оналтай                  05.03.1919    Момынай

Тарихта «Ұлы Отан соғысы» деген атпен қалған қан майданда ерлік көрсеткен жауынгерлердің рухын көтерген орден-медальдардың неше түрін партиялық бақылау күшті болған Кеңес одағы тұсында да коллекционер азаматтардың қолынан жиі көретінбіз. Тіпті Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс паркінде коллекционерлердің жайма базары жексенбі күндері сауданы қыздыра түсетін.
Өкінішке қарай, кейбір ұлт өкілдері өз өмірінің өлшемі іспеттес сый, тірісінде тағдырына бұйырған мемлекеттік марапаттарды өз қолдарымен әкеліп сататын. Бір қызығы, жайма базардан Германия, Ресей, Жапония, Англия секілді елдердің де мемлекеттік орден-медальдары сол кезде-ақ көздің жауын алып, қолдан қолға өтетін. Бертінде, Тәуелсіздік алған жылдардан бергі уақытта орден-медаль сату «модаға» айналды және олардың бағасы да шарықтап шыға келді. Өйткені бұрындары костюмнің омырауын жыртып жіберуге шақ тұратын «темір-терсекті» қызық үшін жинайтындар, енді оның құрамындағы бағалы металдардың (алтын, күміс секілді) салмағына қарайтын болды. Олардың арасында сатып алуға мүмкін емес ордендер де болған. Айталық платинадан жасалған «Жеңіс» ордені алғашында 22 данамен ғана шығарылып, ол санаулы адамдардың кеудесіне тағылған. Әскербасыларының арасында 11 адам алса, солардың ішінде И.Сталин екі мәрте марапатталған. Тіпті соғыстағы одақтас елдердің атақты қолбасшылары да осы орденнің иегерлері атанған. Осы орденнің бірін кезінде Нью-Йорк қаласының мэрі болған Джон Рокфеллер аукционда 7 миллион долларға сатып алыпты. Яғни соғыста отқа оранған ордендердің бірі коллекционерлердің бірі айтулы аукциондарда түссе, енді бірі амалсыз ақшаға айналған. Мысалы, Ленин ордені базарда 200-500 АҚШ долларын құрайды. Жалпы, осы орденнің саны 700 мың данаға жуықтайды екен. Осылардың тең жартысы сатылғанда да коллекционерлер қалтасын қампайтып алғаны шындық. Бірақ адамға көрсетілген құрмет пен сыйдың саудаланғаны дұрыс па? Бұлай бола берсе, күні ертең жас ұрпаққа не көрсетеміз?

– Жалпы, коллекция жинау дәстүрі ежелден бар. Бұл – дамыған елдерде сауда-саттықты ұйымдастырудың бір жолы. Мәселен, құрамында күміс бар 1930- жылдары шығарылған Ленин ордені Батыс елдерінде 7-8 мың АҚШ долларына сатылған кездері де болыпты. ІІ дәрежелі Ушаков ордені 14 мың неміс маркісіне бағаланған кездері бар.

Мұндай сауда бізде де бар. Өкінішке қарай, орден-медалін кейбіреулер күнкөріс қамымен түкке тұрмайтын ақшаға да ұстатып жібереді екен. Меніңше, бұл дұрыс емес. Біріншіден, кеудеге тағылған темірдің құнын ештеңемен салыстыра алмайсың. Ол – әр адамның еңбегі, ерлігі, абыройы, намысы үшін берілген дүние. Өз басым, өзіңе көрсетілген құрметтің құнын жоғалтудың жөні жоқ деп есептеймін. Қайта біздің халқымыз аталарының сенімін ақтап, сый-құрмет көрсетуден жалықпаған. Сол себепті де болар, олар жайма базар түгілі дүкендердің ішіндегі коллекция сататын дүңгіршектерге де өз қолымен орден-медаль өткізіп көрген емес. Бірақ үйде тұрған осы құндылықтарды сақтау – үлкен мәселе. Осы жерде менің айтарым, ардагерлердің артында қалған орден-медальдарды жергілікті музейлер, мектептер қабылдап алып, оларды көрнекті жерлерге іліп қойғаны дұрыс. Бұл келешек ұрпаққа өнеге, үлкен сабақ болар еді, – дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, тарих ғылымдарының докторы Уахит Шәлекенов ағамыз.

Өкінішке қарай, коллекционер-фалеристердің бағы жанып тұр. Олардың қолындағы ардагерлерден қалған «аманаттар» килограмдап емес, тонналап саналады. Алайда қазақстандық «темір жинаушылар» өз іс-әрекеттерінің заңға қайшылығын біле бермейді. Әскери наградаларды сату Қылмыстық кодекстің баптарына сай келмейді. Себебі онда «Мемлекеттік наградалар мен ресми құжаттарды өткізу немесе сатып алуға» болмайтындығы айтылған. Ал құнды заттарды саудалаушылар ірі мөлшерде айыппұл төлейді. Соған қарамастан, от ішінен оралған ордендердің ойыншыққа айнала бастағанына біраз уақыт болды. Бұл үшін жауап беріп жатқан жан баласы жоқ.

2.3 «Жау оғы дарымаған солдат»
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Төлеби ауданында Ұлы Отан соғысының ардагерлері санаулы ғана. Уақыт шіркін олардың қатарын ай санап, жыл санап  олардың қатарын сиретіп барады. Бір-бір отбасының, қала берді әулеттің қариясына айналған жандардың ұрпағына бейбіт заман тілейміз.Жеңістің 71 жылдығы мерекесін көппен бірге тойлауды армандайды.

Төле бидің тумасы «жаныс» руынан шыққан 97 жасқа келген соғыс ардагері Джумагулов Рсмет атаның үйіне 2016 жылы 9мамыр күні  қонақта болдық. Төлеби ауданы Ленгер қаласы №7 жалпы орта мектебінің тарихпәнінің мұғалімі  Божбанова Нұргүл ,Тоқсанбай Аружан 7-сынып оқушысы, Төлебилік ақсақал, соғыс ардагері, немере-шөберенің атасы Джумагулов Рсмет ата бізді күтіп алды.Әрине,бізді көптеген сұрақтар қызықтырған атаның соғыс туралы естеліктері, басынан өткен қиыншылықтары қай жерде соғысқаны, жауды қалай жеңгені  туралы  деректерін білдік. Рсмет ақсақал күндіз-түні Жаратқаннан тілейтіні-бейбіт өмір. Жас кезінде сұрапыл соғыстың сұмдығын көрсе де, қартайған шағында әулеттің «еркесі» болып отырған атаның бірі. Көрген-көрегендігі көп. Облыс,қала әкімдерінің аты-жөндерін жақсы біледі. Күнделікті жаңалықты да құр жібермейді. «Қартайдым, шаршадым» деп отырған жоқ. Түрлі тақырыптарда пікірталас жүргізуден аулақ емес.Әсіресе, тәрбие туралы ақыл айтудан  жалықпайды. Сонымен кешегі жаяу әскер, бүгінгі ардагер жайлы әңгімелейік. Джумагулов Рсмет 1921 жылы 10 ақпан айында Төлеби ауданында дүниеге келген ақсақал. 1930 жылы әкесі қайтыс болған. Қазақстанның көпшілік аудандары  етек жайған ашаршылық құрсауында қалды. Ашаршылық  құрбандарының, аштан  өлгендердің саны күн сайын көбейте берді. Аштықпен бірге сүзек, тырысқақ оба,діңгене және басқа да аурулар қатар келді. Аштық пен қайыршылық, күй эпидемия, ауруханалардың жетіспеуі, осының бәрі аурулар арасындағы өлімнің санын көбейтіп жіберді. Аш-жалаңаш балалар саны күннен, күнге арта түсті ,екі ағасы бір інісі аштықтан көз жұмған. Күн көру үшін  Ташкентке көшкен, ол жақта 6-ай тұрған.Анасы баласының өмірін аман алып қалу үшін  Төлеби ауданындағы 1-мамыр ауылындағы балалар интернатына өткізген. 3-сыныпқа дейін білім алған. Анасы күнін терім-тершілікпен күн өткізген. 1940 жылы Мақтарал каналын қазуға ат салысқан. Ол жақтан  келген соң Полат колхозына жұмысқа орналасқан.1941 жылы Төлеби ауданының Алғабас ауылында тас қалаушы болып жұмысқа орналасады Ашаршылықтан зардап шеккен халық еңсесін көтердік–ау дегенде. 1941 жылы 22 маусымда гитлерлік Германия соғыс жарияламастан бұрын КСРО-ға тұтқиылдан шабуыл жасады.Соғыстың аты-соғыс. Күніне қаншама рет қан кешті, өліммен бетпе-бет кездесті. «Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі» деген рас екен. Аллаға шүкір, 1941-1944 жылдары әскер қатарын да болып, от кешіп жүріп аман қалдым.Әйтеуір, он екі мүшеміз аман, елге оралдық қой-деп еске алды ата,өткен күндерді-ең қызықты жастық шағымыздың оқ астында, окоп ішінде өткені өкінішті-ақШымкент қаласынан Алматыға,одан Қазанға,Саратовқажеттік. (Қосымша №4) Дайындықтан өткен соң Саратовтан жаяу әскер болып Сталинградқа жаяу аттандық 1942 жылдың басында қақыраған қыс, күннің суығы соншалықты түкірген түкірігіміз жерге түспей қатып қалды. Сталинград түбіндегі шайқасқа шабул жасап батырлық пен ерлігімізді көрсеттік Қоршауларды бұзып жарып өтіп, жау әскерлерін тас-талқан еттік. Соғыс 6 айға созылды, күннің ыстығына да суығына төздік.

Сталиннің бұйрығы бойынша «Кейін шегінген солдатты ату жасасына кесті». Жау самолеттері оқ жаудырып окоптың ішінде топырақтың астында қанша жас өмірін  қиған солдаттар қалды? Оққа ұшыраған солдаттардың қаны жерге төгілді. Әр жерде ыңырсыған дауыстар топырақтың астынан, окоптың ішінен шығып жатты. Жау танкілері біз жаққа от атқылағанда  көк тұман болып  көзге ештеңе де көрінбей кететін  көз жанарынан қаншама солдат айырылды десеңші, көз алдымда қаншама солдаттың өлімін көрдім,біреуінің қолы жоқ,біреуінің аяғы тағы біреуінің ішек-қарны сыртқа төгіліп жатқанын өз көзіммен көріп солардың куәсі болдым.Қоршауларды бұзып  жарып өтіп, жау әскерлерін тас-талқан еттік. Сталинградты жаудан босаттық.1943 жылы оң қолын, оқ жақ 3 қабырғасынан жараланып, Волга өзенімен «Вольск» госпитальіне  жеткізілді онда  6 ай емделіп, 2-ші мүгедек тобын  алып 1944 жылдың күз айында елге оралған.Майдандағы армияның тыныс-тіршілігінде оның сәтсіздіктері мен жеңістіктерінде қаншама солдат Отан үшін жан қиғанын ақсақал көзіне жас алып есіне алды.1944 жылдың  аяғында елге оралды. 1955-56 жылдары атаның денсаулығы жақсарған соң мүгедек тобынан шығарылған. Рсмет ата елге оралған соң әр салада жұмыс істеген. «Отдел охранаға»  қарауыл болып, әк заводта, темір-жолда, от жағушы болып, 60-шы жылдары Ленгір көмір- шахтасында кен қазған. 1974 жылы Шымкент қаласындағы «Фосфор» заводында жұмыс істеген. 1976 жылы «Фосфор» заводынан 120 соммен зейнет-ақыға шыққан.

2.4 «Ардагерге құрмет-ұрпаққа міндет»

Соғыстағы ерліктеріне берілген «Даңқ», «Қызыл Жұлдыз», «Ұлы Отан Соғысы», «Сталинградты азат еткен үшін», «Еңбек ардагері» медальдары мен марапатталған. Қазіргі таңда Рсмет атамыз 5 қыз 4 ұлдың және 27 немере 45-шөберенің атасы. Ал Нүрбибі әжей 49 жасында (1946-1995) жылы дүниеден озыпты. Дегенмен, тағдырдың қиындығына мойымай, бір шаңырақта бала-шағасымен өмір сүріп жатыр (Қосымша №4). Рсмет атаның ендігі арманы: «Ұлы Отан соғысының 71 жылдығы келе жатыр, сол күнге  аман-есен жетейік! Біз, қиындықты көп көрдік. Ендігі ұрпағымыз ондай сұм соғысты көрмесін. Ғұмырлары ұзақ болып, жұмыстары алға баса берсін. Отбасында әрқашан береке мен тыныштық болсын»,-деп Рсмет қария өзін құттықтап келген қауымға батасын берді. Рсмет атаны жеңістің 71 жылдық мерей тойымен құттықтап, сыйлығымызды тарту еттік. Аружан атасына деп мына өлең шумақтарын айтты:

2.5 Аталар ерлігі - ұрпақтарға аманат!
«Ұлы Отан соғысы қиын кезең
Оқ атылды мыңдаған танкіден
Бомбалатып жатыр самолеттерден
Шынымен соғыс қиын кезең
Рсмет ата сіз қатыстыңыз соғысқа
Жарақаттап алдыңыз өзіңізді соғыста
Қайратпен қайтарыңыз қатерді
Ардагерсіз осы жарқын уақытты
Қадірлейміз  біз сізді Рсмет ата
Ұмытпаймыз біз сізді ешқашанда
Жол аштыңыз жарқын тыныш болашаққа
Үлгі қалдырдыңыз қазіргі жастарға»,- деп өлең шумағын Аружан Рсмет атасына тарту етіп атамен қош айтыстық. Атаға зор денсаулық ,ұзақ өмір,қажымас қайрат, бізі осындай бақытты өмірге жеткізгеніңіз үшін сізге деген алғысымыз шексіз. Сіз біздің жүрегімізде мәңгі сақталасыз!

Қорытынды.
Бүкіл совет халқымен бірге ҚССР еңбекшілері де Ұлы Отан соғысын жеңіспен аяқтап, бейбіт құрылысқа көшті. ҚССР еңбекшілері өз республикасының шаруашылығын өркендетіп қоймай, жау қолынан азат етілген аймақтарда да өндірісті қалпына келтіруге көмектесті. Қазақстаннан Украинаға жүздеген маман жұмысшылар – шахтерлер, құрылысшылар, ауыл механизаторлары барды және көптеген құрал-жабдықтар жөнелтілді. Бір ғана Қарағанды темір жолы Украинаға 140 паравоз машинасын жіберді. Украинаның колхаз-совхоздары 500 трактор, көптеген ауыл шаруашылық машиналарын алды. Республика еңбекшілері Ленинград, Сталинград, Брянск, Курск және басқа да облыстардың шаруашылығын қалпына келтіруге айтарлықтай туысқанды көмек көрсетті. Қазақ халқы ежелден тәуелсіз ел болуды армандады. Азаттық үшін ғасырлар бойы сыртқы жаулармен күресті. Қашақтармен 300 жыл күресті. Бір адым жерін де жатқа бермеді. 200 жылдай шамасында  патшалық Ресей боданында болып келсе де, тәуелсіз ел атанудан үміт үзбеді. Шамамен 100 жылдай 1922-1991 жылдар аралығында КСРО құрамында болды.Бұл орны толмас жетістіктер, сәтсіздіктер мен табыстар, қайғы мен қуаныш, айтулы тұлғалардың аянышты тағдырлары мен жеткен жетістіктері қатар келген жылдар еді. Отаны үшін өзін-өзі құрбан еткен жандардың бірі Джумагулов Рсмет атамыз. Рсмет атаның соғыс жылдарындағы естеліктерінен ұмытылмас  көптеген  мәліметтерді білдік. Бүгінде Қазақстан азат ерікті ел. Аңсаған арманына қол жеткізді Мемлекетіміз Біріккен ұлттар ұйымының толық мүшесі. Ширек ғасырға жетіспейтін уақытта аяғынан тік тұрып, дамыған 50 елдің қатарына қосылуды мақсат еттік. Қазақстанның тәуелсіздігі таза парақтан «жазылған жоқ», оның көне дәстүрлері бар. Бізге бүгінімізді түйсініп, болашағымыздың сұлбасын көру үшін өткенімізге үңілу қажет  Тәуелсіздік  бізге азап, күрес пен жоқшылықтар арқылы келді.Міне, сондықтан да біз бұл ұлы ұғымдардың құнын да, пайдасын да, қасиетін де білеміз. Тәуелсіздіктің туын қолда берік ұстау-әрбір қазақтың, Қазақстанды өз Отаным деп санайтын әр адамның ең басты борышы, ең биік мақсаты.Тәуелсіздіктің қайта оралғаны-біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі.Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.Еңсесі түскен  елдің есін жиғызған,  жапа шегіп, зар жылаған халықтың көзінің жасын тыйғызған кімдер еді? Азаматынан айырылған арғымаққа қайтадан ер салдырған, тұтастық туын қолға қайтадан алдырған кімдер еді? Қасиетті бабаларымыз-Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би еді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік. Бар байлығымызды өзімізге бұйыратын еттік. Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігіне жеттік. Қысқасы, ел болудың ең ауыр белесінен өттік».

Төлеби ауданы, Ленгер қаласы
№.7 жалпы орта білім беретін мектебі КММ
7«В» сынып оқушысы Тоқсанбай Аружанның
«Отан үшін От кешкендер» тақырыбындағы ғылыми жұмысына                     

Пікір
Азамат тарихындағы ең сұмдық соғыстың аяқталғанына 71 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды.Бұл мереке-бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерен еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып  қалмақ. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің ерлігі мен жанқиярлығы, олардың өз Отанына  деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл-бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің  жоғары адамгершілік негізі.Жеңіс күні-абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Дүние жүзі  халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік,ерлік, халықтар достығы нығая түсті. Ұлы Отан соғысына қатысқан Б.Момышұлы,М.Маметова, Ә.Молдағұлова, М.Ғабдуллин, Т.Бегелдинов, Р.Джумагулов өзіміздің ауданнан аттанған мыңдаған жерлестерімізге басымды иеміз. Ол кісілерге құрметпен қараймыз. Жеңістің 71-ші көктемі бүр жарды. Әлі талай таңы атады. Аталарымыздың, ағаларымыздың соғыстағы ерлігі еленіп, құрмет көрсетіліп жатыр. Бірақ арамызда Ұлы Отан соғысының ардагерлері азайып барады. Қазыналы қарттарым аман болсын.
Ғылыми жетекші:               
                          

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) 5-томдық Алматы «Атамұра» 2010
2. Қазақстан тарихы Алматы «Атамұра»  2013
3. Тәуелсіздік толғауы
4. «Жылдар мен ойлар» (М. Қасымбаевтің жетекшілігімен құрастырылған кітабынан)
5. Қазақ ССР тарихы ( М. Қозыбаев, Н. Бекмаханова)
6. Қазақстан тарихы Алматы «Атамұра» 2013


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Сайтта мәтіннен қате таптыңыз ба? Мәтінді белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)