Өлең, жыр, ақындар

Қазақстанда жас ғалымдар саны 60 пайызға артты

Қазақстанда соңғы 5 жыл ішінде жас ғалымдар саны 60 пайызға артты. Бұл туралы бүгін Республикалық жастар форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Бізде талантты жастар бар, ниеттері де, ойлары да бар. Мен Қазақстанның барлық жас ғалымдарына зор табыстар тілеймін. Сіздер біздің қуатты қолдауымызды сезінесіздер. Біз білім туралы арнайы заң қабылдадық. Бұл сіздердің дәліздерде арлы-берлі жүгірмеулеріңіз үшін жасалды. Егер нақты жобаларыңыз, стартаптарыңыз болса, онда комиссия оның қажеттілігін немесе қажетсіздігін анықтап, қаржыландыруға қояды», - деді Назарбаев.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті елімізде жас ғалымдар санының артып келе жатқандығын баса айтты.

«Меніңше, олардың арасында әлемге Қазақстанның атын танытатын ғалымдар да бар», - деді Елбасы.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар