Өлең, жыр, ақындар

Қазақтың қолөнері арқылы өмірге бейімделу

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы
Бесарық ауылы, Бесарық балалар өнер мектебі
9-сынып оқушысы: Мейірбек Көркем Жалғасбекқызы
Жетешісі: Бимурзаева Патима Нұрболатқызы

 

Қазақ халқының  ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды саласының бірі – қолөнер. Қолөнер өресі биік, өрісі кең өнер.

Қазақ қолөнері өзінің төл тума бітім қасиеттерімен, көркемдік мән мағынасымен өткен асыл қазынасы.

Қолөнер – халық қолөнерімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Қазіргі кезде сол ұлттық қолөнерді жас ұрпақтың бойына дарытатын, үйрететін технология сабағы мен қолөнерге байланысты үйірмелер болып табылады. Өйткені, өзім қолөнер үйірмесіне қатысу арқылы көп нәрсеге көзім жетті. Біз сияқты өскелең ұрпақтың ойын тереңдетуде, шығармашылық қабілеттерін дамытуда, еңбекке қызығушылықтары мен ой-өрістерін кеңейтуде сонымен қатар эстетикалық талғам деңгейлерін жоғарылату мақсатында – қолөнер үйірмелерінің орны ерекше.

Сәндік қолданбалы қолөнердің қыр-сырымен сусындап, халық шеберлігінің  ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан керемет шығармаларымен таныса отырып, шеберлікке, іскерлікке, еңбексүйгіштікке шыңдалуына мүмкіндік береді.

Ұлттық қолөнерді игеру арқылы өз халқының тарихи аса құндылықтарын біліп, мәдени мол мұрасын қадірлеп, салт-дәстүрлерді өз бойларына сақтап, кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, этникалық, ұлттық қасиеттерін қалыптастыруға негізделген.

Қазіргі уақытта қоғам үнемі даму үстінде. Осы қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың даму деңгейі мен тыныс тіршілігі әр алуан. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі саналы да салауатты ұрпақ тәрбиелеу және балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту және оны тәрбиелеу. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікті нығайту, елімізге асқақ руханият  пен азаматтықты өркендету үшін бүкіл күш-жігерін жұмылдыруға қажетті құбылыстардың бірі – қазақ халқының ұлттық дәстүрін, мәдениетін, тілін, қолөнерін оқытып үйрету.

Ата-баба мұрасын бала бойына ұлттық өнер үлгілері арқылы сіңіріп, қолмен істеп, көзбен көрсетіп, тәжірибе арқылы орындап келеміз. Егеменді ел болғалы өз мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрып, тұрмыс-тіршілік болмысымызды қайта жаңғыртып жатыр. Әр ұлттың өзіне тән қолөнері бары анық. Халық қолөнерінің түп-тамыры – халықтың өмір сүру салтымен, шаруашылық дәстүрімен тығыз байланысты. Жалпы ұлттық қолөнер бабаларымыздан қалған мәдени мұрамыздың ең асыл құнды қазыналарының бірі. Қолөнер – халық өмірінен, тұрмысымен біте жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Әр мемлекет жастарды қоғамдағы жаңа өзгерістер мен өз халқының тарихы, дәстүрлері мен тіршілік ету, ойлау жүйесі туралы рухани негізін дамыта отырып, білім меңгеруге, еңбек етуге үйретуі қажет.

Н. Назарбаев «Қазақстан әлеуметтік жаңғыртылуы жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы аясында жасаған тапсырмаларында халықтың өмірін қолайлы етуіне түсінікті қолжетімді болуын басшылыққа ала отырып, әлеуметтік еңбек қатынастарымен тиімді модельдерін қалыптастыру керек делінген.

 Қолөнерге бейімделуде сабақтарда біз бірлесіп топтық және жекеде жұмыс жасаймыз. Бұл деген біз сияқты оқушылардың еңбекке деген саналы көзқарасын өзгертеді.

Қолөнерге баулуда біздердің қазақтың ұлттық ою-өрнектерді  ою, оларды бастырмалау, тоқыма мен кесте тоқу сияқты бірнеше жұмыстарды атқарамыз. Ұстазымыз әрбір жұмыс барысында біздің бойымыздан шыдамдылық пен ұқыптылықты, саусақтарының икемділігі мен шапшаң бітіруге деген құлшыныстар сияқты әрекеттердің үнемі болуын ескертіп отырады. Сондықтан болар өз ісімізге деген сүйіспеншілігіміз оянып, өз ісімізге мақтанышпен қараймыз. Өз-өзімізге  деген сенімділік пайда болады.

Осындай сеніміділіктің арқасында қолөнерге деген қызығушылығымызды арттырып, халық өнерін насихаттап, оны түрлі қиялмен жаңартып, қолөнер бұйымдарының сапасын арттыра беру аса игілікті іс. Өйткені қазақтың қолөнері біздің мәдениетіміздің құрамдас бөлігі. Оны дамыта отырып, әрбір адамның өзінің қабілетіне қарай қолөнерге бейімдеудің, іске икемдеудің маңызы да зор. Бұл деген біздердің жаңа өмірге бейімделіп, мамандықты меңгерудің алғы бастамасы болатыны анық.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз