Эссе және өлең-жыр байқауы

Сағадиев мектеп мұғалімдерін 9 айдың ішінде ағылшын тіліне үйретіп шықпақшы

Бүгін үш тілді білім беру жүйесіне арналған xалықаралық семинарда ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев шетелдік қонақтарға аталған бастаманы іске асыру жайында айтып берді.

«Шынымды айтсам, уақыт қысып жатыр. Біз аталған бастаманың іске асуына қатты алаңдап, жүйкеміз жұқарып жүр. Алайда біздің балаларымыз еш алаңдап жатқан жоқ. Себебі олар дайын екендерін біледі. Ал, біздің зерттеуімізге сәйкес, ата-аналар мен балалардың басым бөлігі үш тілді оқытуды қолдап отыр», - дейді Е.Сағадиев.

Оның айтуынша, бүгінде осы саладағы негізгі мәселелердің бірі - мұғалімдердің дайындығы. 2019 жылға дейін ағылшын тілінде сабақ беретін 16 000 мұғалім қажет болады.

«Әрине, көп нәрсе әрбір мұғалімнің тіл білу деңгейіне байланысты болмақ. Біздіңше, 9 айдан кейін ұстаздар шет тілде сабақ оқытуға дайын болады. Сөз жоқ, жаңа жүйеге көшкеннен кейін білім берудің сапасын жоғалтып алмауымыз қажет. Сол себепті тілді үйрену мәселесі ғана емес, сол тілде оқытылатын пәнді жетік меңгеру жұмысына да баса назар аударған жөн. Ол үшін тиісті сараптамалар жүргізіледі», - деп атап көрсетті министр.

Айта кетейік, бүгінгі семинар барысында жоғары білім және жоғары оқудан кейінгі білім беру департаментінің директоры Дарxан Аxмед-Заки оқытушылардың ағылшын тілінде сабақ беруге әлі дайын емес екенін жеткізді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Басқа да жазбалар

Пікірлер (12)

Еркінбек

Біздің ел зертхана болды.

Серікхан

Бұл не масқара! Үш тілді білу керек те шығар... Бірақ басқа тілді білем деп жүріп ана тілінен айырылып, салт дәстүр, тарих, ұлттық рух, намыс, ұлттық өнерден мақұрым қаламыз ау осы. Мен 61ге келдім өмірімде бірде бір тірі ағылшын көргем жоқ.... Сонда мен ағылшынша кіммен сөйлесем? Жоқ әлде қорадағы қойды уан ту фри деп ағылшынша санауым жетпей тұр ма? Шет елге барам деген жас жеткіншек ағылшын тілін өзі ақ меңгеріп алады ғой! Неге барлық түпкір түпкірдегі бар қазақты зорлап ағылшын үйрету керек түсінбеймін. Осы Министр Сағадиев толық бір қазақ ертегісін біле ме екен, қазақ эпостарын оқып, бесік жырын айта алар ме екен?.... Одан да ең болмаса бір қазақша тәлім тәрбие беретін, қазақтың рухын көтеретін, қазақтың жер асты, жер үстіндегі байлығына емес, оның тарихына, тіл байлығына, өнеріне, спортына, ғұламаларына, салт-дәстүріне қызығып қана емес, соны бойына сіңіріп алуға тырысатын жағдай жасайтындай мектеп саясатын құрсашы! Қазақстанда бірде бір мектеп құрал жабдықтарын шығаратын зауыт жоқ соны ашсашы! Мектептердің шеберханаларын, физика, химия лабораторияларын ретке келтіретін сапалы білім беретін деңгейге жеткізсеші! Қазақ халқын жер бетінен өшірем демесе 5 сыныпқа дейін мүлдем басқа тілді оқыту керек емес! Тек ана тілін оқытып, содан соң басқа тілді оқыту керек! Сонау студент кезімде Шона Смаханұлын көзім көріп біраз айтқандарын өз құлағыммен естіген едім. Сол кезде қазақ мектептерін аштырам деп жарғақ құлағы жастыққа тимей шапқылап жүретін еді. Сол кісінің неден қорқып неден шошынып жүргенін енді бағалап жүрмін!!! "Тілім ертең өледі десең, бүгін жен беруге әзірмін!" Расул Гамзатов. Неткен ғажап сөз! Сағадиев мырза осыны біле ме... Міне қазыр қаладағы немерелеріммен орысша әзер сөйлесіп қорлық көріп жүрмін... енді ағылшын қосылса олармен қалай тілдесем....

Құпия

Үш тіллілікті қолдап отырған халық көрмедік. ұстаздар да , ата-аналарда, оқушылардың да басым бөлігі қарсы. Үш тілділікті кіргізу керек шығар, бірақ мектеп қабырғасынан емес, əсіресе бастауыш сыныптан бастаған дұрыс емес деп ойлаймын. Бастауыш сыныпта оқушылар ҚАЗАҚ тілінде еркін сөйлеп, сауытты жазып үйренсе міне,сол жетістік! Қазақтың баласы қазақ тілін үйрене адмай жатып, сауаттана алмай отырып, миын қатырып үштілдікті қосудың қажеті жоқ

Ақбөпе

Алдымен қазақ тілін үйрету үшін жүйкең жұқару керек! Барлық ел болып қазақ тілінде сөйлеп шықсақ одан кейін, неміс тілі дейсің бе, гагауз тілі дейсің бе.... үйренсек жарасады жарасады

Индира

Маскара, осы Сағадиев ауыл мектептері оқушылары мен мұғалімдерінің жағдайын білеме екен? Шетел, шет ел деп кім екенімізді ұмытып қалмасак игі еді

Шынар

Мына министр есінен адасқанау шамасы, мінберде отырып мұншалықты сауатсыз ангіме айтуға болама. Ұш тіл дейді қайдағы балардың дайын екенін айтып отыр сәбилер үш тілділіктің иісі мұрнынада барып жатқан жоққой оларға. Неге бұлар халықпен санаспайды ааа. Неге Астананың көлемінде ғана ойланады бұл кісі. Неге шет жақтағы ауыл аймақты аудан ауыл көлемін неге ойламайсыз. Жоқ әлде ауылдың бәрін Швейцария болып кеткен деп ойлап журма. Сауат ашу деген кітабы анау. Интерактивті тақтамен өту керек барлық тақырыбын ауылда қайдағы интерактивті тақта. Бар болсада біреу екеу ғана ал бірінші сыныпқа келген бала төрт сынып болып отыр. Сонда қалған екі сынып не істейді. Ех Аллам ай не болып кетті өзі неге халықты ашындырады муншалықты. Үш тілділіктің бізге қажеті жоқ біздің мектептерде ұстаздарда оқушыларда бұған дайын емес. Жаным министр ағам ау өзіңіз қайдан шыққан едіңіз. Әлі интернет былай тұрсын светі жоқ ауылдар барғой Аудандарға қарасты. Бүйджеттің ақшасын оңды солды шашу ма әлде мақсатыңыз. Оян қазақ, көтер басты деген осы шығар.

Руслан

Сағадиев өзі біледіме сол үш тілді?Үкімет алдымен ана тілді дамытып алу кажет емеспа?Жүйкем тозды дейді.Неге бастарың жарылып кетпейді?Балдардың миы ашып,мектепке барғылары жоқ кәзіргі таңда.Сонда қалай үш тіл?"For tomorrow не сабақ задали?"деп жүрема?Қазақ Елі оған қарсы болғанын коріп,есітіп отырып,білгендерін істеп жатыр жоғарыдағы Ел жаулары!

.............................МҰҒАЛІМ..............

..................................Өтірік айтсаң--------осылай айт!....................................................................

Дарын

Далбасалапты. Қалап отырған ешкім жоқ. Далбаса

Сандуғаш

Мен жоғарыдағы Серікхан замандасымыздың пікірімен толық келісемін. Шындығында өз ана тіліміздің деңгейін көтере алмай жатып, ағылшынның жырын жырлау кімге керек? Шетелге шығатын, әлемдік деңгейге шыққысы келетіндер өздері- ақ үйренеді. Меніңше, ағылшын тілін 10-11 сыныпқа қалған әрі қарай білімін тереңдетуді ойлайтын, ғылыммен айналысатын т.б жастарға 2 жылда сағат санын көбейтіп , меңгертуге әбден болады, Екінші- үшінші тілді оқыту 5 сыныптан басталғаны дұрыс. Әй бірақ, біздің сөзіміз кімге керек? Бізбен ақылдасқысы келіп тұрған адам жоқ. Қазіргі заманда айтқаннан шықпайтын, өз бетімен ештеңе істемей, тек бастығының аузына қарайтын, өзіндік пікірі жоқтар өсетін заман болып тұр ғой.

Сертификат

Енди 2020 президент сайлауынан кейн болады баска команда келсе казирги укимет жане мушелери абден айтуга соз жок адамдар кадимгидей соз жок Сапарбаев президент болса екен аягына боти киип алып шетинен кыратын!!!!

жазира

Үш тілділікті қолдаймын. Қашанғы біздің балалар ғылыми кітаптарды аударып оқып қиналып, шет елдердің оқулығын еркін оқи алмау керек. Біздің қазақтардың жазған кітабы, түсірген киносын тек қазақтар оқып, көреді. Неге өйткені жаңа ешнәрсе жоқ қайталай береді. Біз өз өзімізді мақтай береміз. Сағадиевтің айтып отырғаны шет елденден неге байдың, депутаттардың балалары оқу керек. Ауылдағы қарапайым адамдардың да балалары тіл меңгерсін, мүмкіндік алсын деп жатыр. Баяғыны айта бересіздер. Мақұл қазақ тілін білді делік . Кезкелген шетелге барсаң казақ тілі ешкімге керек емес. еш жерге жарамайды. Тек қазақ тілін білсең қазақстаннан аса аламайсың. Алматы меен Астанада орысша білмесең ешкім жұмысқа аламайды. Менде сіздер сияқты патриот болып қазақ тілі дегім келеді, бірақ өзімді алдап не істеймін. Мына қарқынды дамып келе жатқан заманда , техникада үздіксіз дамып жатқанда көзіміз қараңғы болу қауіпті. Біздің елді жоқ қылып жібереді. Құр тіл біліп отыра берсең сені тілің қорғайды деп айта алмайсыңдар. Білім мен ғылымды ағылшын тілді меңгермесек шыңдай алмаймыз. Мойындайық әлемнің алпауыт дамыған елдері тілін сақтаған шығар бірақ ағылшын тілінді қоса меңгерді. Сондықтан менің де балам нег ағылшын меңгермеске , шет елде оқымасқа деп үміттенейік

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...