Өлең, жыр, ақындар

Қарағандыда Әлихан Бөкейханның 15 томдық шығармалар жинағы жарық көрді

Қарағандыда «Әлихан Бөкейхан және Қазақстан тәуелсіздігінің тарихи негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. 

«Әлихан Бөкейхан - шындығында біртуар саяси тұлға. Әлихан Бөкейханның 150-жылдық мерейтойы тек Қазақстанда емес, сондай-ақ Түркия, Ресей және басқа елдерде тойлануда. Бұл оның қазақ халқының алдындағы тарихи еңбегін айқындайды, - деді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков конференцияның ашылуында.

«Жыл бойы облыстың барлық аудандарында тарихи тұлғаның 150 жылдық мерейтойы ғылыми-тәжірибелік конференциялар, мәдени шаралар ретінде өткізілді. Оның туған өлкесі саналатын Ақтоғай ауданында «Алаш» қозғалысы жетекшісінің ескерткіші орнатылды. Ескерткіш орнату Қарағандыда да жоспарлануда»,-деді ол.

Өңір басшысы Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей, Украина, Қырғызстан елдерінен келген конференция қатысушыларына алғыс айтты.
«Ә.Бөкейхан шығармалар жинағы» атты «Алаш» қозғалысының көшбасшысының 15 томдық шығармалар жинағы шығарылып, тұсауы кесілді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Темірлан

Әлекеңнің 15томдық шығармалар жинағын қайдан сатым алсам болады?!бағасы қанша болады екен.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар